БҰЙЫРАМЫН:
1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 20771 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"2. Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Комитет) және аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).";
3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"3. Республикалық және аймақтық мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның ішінде саяси партияларды, Республикалық нотариаттық палатаны, Республикалық адвокаттар алқасын, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасын, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын, Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасын, Қазақстанның Төрелік палатасын, Республикалық Заң консультанттары алқасын мемлекеттік тіркеуді, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді Комитет жүргізеді.".
10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"10. Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Заңның 6-бабына сәйкес Министрлік айқындайтын тәртіппен "электрондық үкімет" веб-порталы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізіледі.
Мүлік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеу тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы жіберілген электрондық дауыс беру хаттамасының негізінде жүргізілуі мүмкін.".
11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"11. Саяси партиялардың филиалдарын (өкілдіктерін) және діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеу "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берілген электрондық өтініштің, сондай-ақ Заңның 6-2-бабына сәйкес Министрлік айқындайтын тәртіппен екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілерінің негізінде жүргізіледі.".
12-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"12. Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берілген электрондық өтініштің, сондай-ақ Заңның 6-3-бабына сәйкес Министрлік айқындайтын тәртіппен екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілерінің негізінде жүргізіледі.".
8, 13, 16-қосымшалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"2. Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, мемлекеттік қайта тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Комитет) және аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).";
3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"3. Республикалық және аймақтық мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның ішінде саяси партияларды, Республикалық нотариаттық палатаны, Республикалық адвокаттар алқасын, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасын, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын, Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасын, Қазақстанның Төрелік палатасын, Республикалық Заң консультанттары алқасын мемлекеттік қайта тіркеуді, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді Комитет жүргізеді.".
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"6. Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берілген электрондық өтініштің, сондай-ақ Заңның 14-бабына сәйкес Министрлік айқындайтын тәртіппен екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілерінің негізінде жүргізіледі.".
5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларында:
2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"2. Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру Комитеті (бұдан әрі - Комитет), аумақтық әділет органдары және "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).";
3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"3. Республикалық және аймақтық мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның ішінде саяси партияларды, Республикалық нотариаттық палатаны, Республикалық адвокаттар алқасын, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасын, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын, Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасын, Қазақстанның Төрелік палатасын, Республикалық Заң консультанттары алқасын, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін және жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуді Комитет жүзеге асырады.".
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"6. Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берілген электрондық өтініштің, сондай-ақ Заңның 14-бабына сәйкес Министрлік айқындайтын тәртіппен екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілерінің негізінде жүргізіледі.".
3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
4) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларында:
2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"2. Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығаруды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Комитет) және аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығаруды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).";
3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"3. Заңды тұлғаның, республикалық және аймақтық мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, оның ішінде саяси партиялардың, Республикалық нотариаттық палатаның, Республикалық адвокаттар алқасының, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасының, Қазақстанның Төрелік палатасының, Республикалық Заң консультанттары алқасының қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеуді, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуден шығаруды Комитет жүргізеді.".
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"6. Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берілген электрондық өтініштің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілерінің негізінде жүргізіледі.".
2-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
5) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларында:
2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"2. Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысты және коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысты мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі-Комитет), аумақтық әділет органдары және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).";
3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"3. Республикалық және аймақтық мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның ішінде саяси партиялардың, Республикалық нотариаттық палатасының, Республикалық адвокаттар алқасының, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасының, Қазақстанның Төрелік палатасының, Республикалық Заң консультанттары алқасының шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беруді Комитет жүргізеді.".
2-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
6) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларында:
2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"2. Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті мен аумақтық әділет органдары және коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).".
4-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Комитет), аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу-Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру объектілері; |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу - порталда, акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген кезден бастап 1 жұмыс күн ішінде көрсетіледі. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш - электронды (ішінара автоматтандырылған) "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін /қағаз түрінде; |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу-осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама не көрсетілетін қызметті берушінің электронды құжат түрінде электрондық цифрлық қолтанбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған осы тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу тегін; |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1. Комитет және аумақтық әділет органдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Өтініштерді қабылдауды жүзеге асыратын ұйымдар бөлінісінде құжаттар тізбесі, сондай-ақ қызметтердің ішкі түрлері: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері |
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу; |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды "1414", 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережеге 13-қосымша |
|
Нысан | |
Саяси партияны құру ниеті туралы хабарлама |
|
"__" __________ 20____ жыл № ______ |
Қазақстан Республикасы "Саяси партиялар туралы" Занының 6-бабына сәйкес біз төмендегі қол қойғандар, Комитетке саяси партияны құру туралы хабарлаймыз:
_____________________________________________________: болжамды атауы
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы) 1. __________________________________;
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы) 2. __________________________________;
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы) 3. __________________________________;
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы) 4. __________________________________;
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы) 5. __________________________________;
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы) 6. __________________________________;
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы) 7. __________________________________;
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы) 8. __________________________________;
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы) 9. __________________________________;
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы) 10. _________________________________;
Қосымша келесі құжаттар ұсынылады: ____________
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережеге 16-қосымша |
Құжаттардың ұсынғандығы туралы растау
Осымен, Комитет ұйымдастыру комитетінің үәкілетті өкілі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) жеке басын анықтайтын құжаты:
____________________________________________ нөмірі, құжаттың берілген
уақыты, кіммен берілген, ұсынған, ал тіркеуші орган "___" ______ 20___ жылы
№ ________ келесі құжаттарды қабылдап алғандығын растайды:
№ Құжаттың атауы Құжаттар ұсынылды
Қағаз тасымалда (парақтар саны) Электрондық тасымалда (файлдың аталуы)
1 хабарлама
2 Саяси партияны құрушы бастамашы топтың тiзiмi
3 ұйымдастыру комитетiнiң мұшелерi туралы мәлiметтер
4 ұйымдастыру комитетi жиналысының "____" _________ 20__ жылғы хаттамасы
Тiркеушi орган
5 Тiркеушi орган қызметкерiнiң лауазымы
6 Тегi
7 Аты
8 Әкесiнiң аты(болған жағдайда)
9 Байланыс телефоны
10 Қолы
Бұйрыққа 2-қосымша |
|
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 5-қосымша |
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Комитет), аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1. Атауын өзгерту - Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1. Мемлекеттік корпорацияға: Акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу өтініш берілген кезден бастап 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеуі: |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Қағидаларға 7 – қосымшаға сәйкес заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама, сондай-ақ осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі-анықтама) не осы қағидалардың тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Коммерциялық емес ұйымдарды және олардың филиалдары мен өкілдіктерін қайта тіркеу бойынша Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы осы Тізбенің 9-қосымшасына сәйкес "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық Кодексі) (бұдан әрі-Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1. Комитет және оның аумақтық әділет органдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек Кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1. Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген заңды тұлғаны құру, қайта тіркеу және қайта ұйымдастыру тәртібінің бұзылуы, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келмеуі; |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды "1414", "8 800 080 7777" Бірыңғай байланыс орталығы арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрақты жеріне бара отырып жүргізеді. |
"Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Комитет), аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
1. Орналасқан жерін өзгерткен жағдайда - Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы; |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Орналасқан жерін өзгерткен жағдайда; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу: |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
осы Тізбеге 1-2 қосымшаларға сәйкес заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не осы Тізбесінің 9-тармағында көрсетілген жағдай мен негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1. Комитет және аумақтық әділет органдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияда: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1. заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібінің бұзылуы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде, сондай-ақ "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабында белгіленген құрылтай құжаттарының (ереженің) келмеуі; |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері "1414", 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
Министрдің бұйрығына 4-қосымша |
|
"Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдік есептік тіркеуден шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесіне 2-қосымша |
"Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару" мемлекеттік қызметінің тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Комитет), аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
1. Заңды тұлғаның қызметі тарату негізі бойынша тоқтатылған - Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы; |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару қажетті құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаны таратуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару: |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу туралы немесе филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару туралы бұйрық немесе осы қосымшаның 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес ставкалар бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңның 10-бабына сәйкес коммерциялық ұйымдар мен олардың филиалдары мен өкілдіктерінің мемлекеттік қызметін көрсеткені үшін "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңның 10-бабына сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес төлем алынады. Мемлекеттік қызмет шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін |
1. Комитет және оның аумақтық әділет органдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек Кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін |
Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны |
1. заңды тұлғаны (филиалды немесе өкілдікті, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның есептік тіркеуден алынбаған филиалдары (өкілдіктері) болған жағдайларда тарату тәртібін бұзу; |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері "1414", 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
"Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік қызметтің атауы "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Комитет), аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы www. egov. kz. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасы немесе бас тарту туралы хабарлама жолданады. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі | портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінен жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1. қоса берілген қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
"Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Комитет), аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Порталда рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт - 20 минут. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1. Комитет және оның аумақтық әділет органдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы Электрондық құжат нысанында алуға сұрау салу. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | Жоқ |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |