Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 қаңтарда № 35684 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12955 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасы (бұдан әрі – Әдіснама) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін және халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын статистикалық әдіснамаға жатады.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бағаларды тіркеу – тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың, әкімшілік және балама деректердің негізіндегі бағалар мониторингі;";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Баға тұтыну тауарларына базалық объектілерді аралау және оларды затбелгілерден (бағалықтан) санау арқылы мамандармен тіркеледі, қажет болған жағдайда базалық объектілердің білікті қызметкерлерімен консультация немесе базардағы сатушыларға пікіртерім жүргізіледі.

      Ақылы қызметтерге бағаларды (тарифтерді) тіркеу баға (тарифтер) орналастырылған прейскуранттар негізінде тіркелетін базалық объектілерді (шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметі, моншаға бару, химиялық тазалау және басқа) аралау жолымен жүзеге асырылады, немесе ақылы қызмет көрсететін адамдардан (аяқ киім жөндеу, тұрмыстық техниканы жөндеу, киімдерді шақтау, кілттерді жасау және басқа) сұрау арқылы жүргізіледі.

      Тауарлар мен ақылы көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлеріне бағалар (тарифтер) интернет арқылы (жолаушылардың теміржол көлігі мен әуе көлігі қызметі, ұялы байланыс, медициналық қызметтің жекелеген түрлері және басқа) немесе телефон (факс) арқылы тіркеледі. Баға туралы ақпаратты телефон арқылы қабылдаған жағдайда олардың қызметкерлерімен жеке байланысты ұстап тұру мақсатында және бағаны анықтағанда өкіл тауарды (көрсетілетін қызметті) таңдаған кезде қателіктерді болдырмау мақсатында, сондай-ақ іріктелген тауарлардың, өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) ерекшеліктерінің салыстырмалылығына көз жеткізу үшін мамандар базалық объектілерге кезең-кезеңімен (тоқсанына бір рет) барып тұрады.

      Ұзақ уақыт кезеңіне бағаларды (тарифтерді) белгілеу тән ұйымдарға (шипажай, медициналық және білім беру мекемелері, салттық қызмет көрсететін ұйымдар және басқа) көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы ақпаратты беру өтінішімен ресми хат жолданады. Бағалар (тарифтер) ұсынылған прейскуранттар негізінде тіркеледі. Деректердің дәйектілігін бақылау мақсатында алынған бағалық ақпаратты растау үшін мамандар тоқсанына кемінде бір рет базалық объектілерді аралайды.

      Тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне тарифтер қызметтердің тиісті түрлері үшін сәйкес тұрғындарға ұсынылатын төлем құжаттары (түбіртектер) негізінде тіркеледі. Тарифтер өзгерген жағдайда олардың жаңа деңгейі табиғи монополия және реттелетін нарық саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және осы қызмет түрлерін көрсететін ұйымдардың бұйрықтарымен расталады.

      Жоғарыда келтірілген бағаларды тіркеудің дереккөздеріне қосымша ретінде, Заңның 12-бабы 15-4) тармақшасына сәйкес, меншік иелері немесе иеленушілері ұсынған балама деректер пайдаланылады.";

      35-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Егер де тауар бұдан әрі қол жетімді болмаса, едәуір көлемде немесе әдеттегі сауда жағдайларында сатылмайтын болса тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) алмастыру жүргізіледі. Алмастыру тауар қолжетімсіз болғаннан бастап, екінші айға жүргізілуі тиіс. Баға қатарының үздіксіздігін және оның салғастырымдылығын қамтамасыз ету үшін алмастырудың мынадай тәсілдері қолданылады.".

      2. "Тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтер бағасын байқау бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 135 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15872 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтер бағасын байқау бойынша әдістемеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтер бағасын байқау бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.";

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бағаларды тіркеу – тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың, әкімшілік және балама деректердің негізіндегі бағалар мониторингі;";

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32474 болып тіркелген) қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі бойынша апта сайын (аптасына 1 рет).";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бағалық ақпаратты жинау мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:

      1) бағалық ақпаратты жинау базалық объектілерді аралау арқылы тауарды (көрсетілетін қызметтерді) өткізу орындарында тікелей жүргізу, бағалықта (жазба белгісінде) көрсетілген бағаларды (тарифтерді) белгілеу, орналастырылған бағатізбесі негізінде немесе ақылы қызметтер көрсететін адамдардың пікіртерімі жүргізіледі;

      2) бағаларды тіркеу кезінде Интернет желісінде сұраулар нәтижесінде алынған деректер пайдаланылады (жолаушылар теміржол көлігі және әуе көлігі қызметтері, ұялы байланыс, медициналық көрсетілетін қызметтің жекелеген түрлері, тұрмыстық техника, дыбыс-бейне шолу жабдығы, ұялы телефондар және басқалары).

      Bilet.railways.kz, airastana.com, scat.kz, flyarystan.com, flyqazaq.com, aviata.kz сайттарында жолаушылар көлігі қызметтеріне бағаларды, Sulpak.kz, Technodom.kz, Mechta.kz Интернет-дүкендерінде тауарларға бағаларды тіркеу кезінде салғастырымдылықты қамтамасыз ету үшін жеткізу құнынсыз бағалар (тарифтер) белгіленеді.

      Ай сайын бағаларды тіркеу жолаушылар теміржол көлігі қызметтеріне 20 (жиырмасыншы) күнгі жағдай бойынша жүзеге асырылады. Егер есепті айдың 20 (жиырмасыншы) күні демалыс немесе мерекелік күнге түссе, онда жұмыс күндеріндегі баға тіркеледі. Демалыс немесе мерекелік күндегі билет құны күрт ауытқуларға ұшырайды және бұл күндері баға өзгерісін есепке алу салыстыруға келмейді;

      3) ұсыну шарттары стандартты болып келетін баға деңгейі мезгілдің белгілі бір уақытында (мысалы, химиялық тазарту, киімдерді жуу, көліктерді жуу қызметтерінің бағалары) белгіленетін көрсетілетін қызметтердің кейбір түрлеріне бағалық ақпаратты телефон арқылы тіркейді. Бағалық ақпаратты телефон арқылы алған кезде олардың қызметкерлерімен жеке байланысты ұстау мақсатында және бағаны анықтау кезінде өкіл-тауарлар, көрсетілетін қызметтерді таңдау уақытында қателерді болдырмау, сондай-ақ іріктелген өкіл-тауарлар, көрсетілетін қызметтер ерекшеліктерінің салғастырымдылығына көз жеткізу мақсатында мамандар базалық объектілерді мезгіл-мезгіл (тоқсанына бір рет) аралап шығады;

      4) ұзақ уақыт кезеңінде бағаны (тарифті) белгілеу тән ұйымдарға (санаторийлер, медицина және білім беру мекемелері, салт және басқа да көрсетілетін қызметтер ұсынатын ұйымдар) көрсетілетін қызметтерге баға (тариф) туралы ақпаратты беру өтінішімен ресми хаттар жолданады. Бағалар (тарифтер) ұсынылған прейскуранттар негізінде тіркеледі, бірақ деректердің анықтығын бақылау мақсатында алынған бағалық ақпаратты растау үшін мамандар тоқсанына бір реттен кем емес базалық объектілерді аралап шығады;

      5) тұрғын үй-комуналдық қызметтердің тарифтері тиісті қөрсетілетін қызмет түрлеріне ақы төлеу үшін халыққа берілетін төлем құжаттары (түбіртектер) негізінде тіркеледі. Тарифтер өзгерген жағдайда табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықта, осы қызметтің түрлерін көрсететін ұйымдарға басшылық жүргізетін мемлекеттік органдардың бұйрықтарымен олардың жаңа деңгейі расталады.

      Жоғарыда келтірілген бағаларды тіркеудің дереккөздеріне қосымша ретінде, Заңның 12-бабы 15-4) тармақшасына сәйкес, меншік иелері немесе иеленушілері ұсынған балама деректер пайдаланылады.".

      3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросының басшысы
М. Турлубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

О внесении изменений в некоторые приказы Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан

Приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 28 января 2025 года № 3. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 января 2025 года № 35684

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 230 "Методология построения индекса потребительских цен" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12955) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 5) статьи 12 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" и подпунктом 38) пункта 15 Положения Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 427, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Методологии построения индекса потребительских цен, утвержденной указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящая Методология построения индекса потребительских цен (далее – Методология) относится к статистической методологии, формируемой в соответствии с международными стандартами и утверждаемой в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной статистике" (далее –Закон).";

      подпункт 2) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "2) регистрация цен – мониторинг цен на основе общегосударственных статистических наблюдений о ценах (тарифах) на товары и услуги, административных и альтернативных данных;";

      пункт 27 изложить в следующей редакции:

      "27. Цены на потребительские товары фиксируются специалистами путем обхода базовых объектов и считывания их с ярлыка (ценника), при необходимости проводятся консультации с компетентными работниками базовых объектов или опрос продавцов на рынках.

      На платные услуги регистрация цен (тарифов) осуществляется путем обхода базовых объектов, в которых цены (тарифы) фиксируются на основе размещенных прейскурантов (услуги парикмахерских и салонов красоты, посещение бани, химическая чистка и другие), или проводится опрос лиц, оказывающих платные услуги (ремонт обуви, ремонт бытовой техники, подгонка одежды, изготовление ключей и другие).

      На отдельные виды товаров и платных услуг цены (тарифы) регистрируются через интернет (услуги пассажирского железнодорожного и воздушного транспорта, сотовой связи, отдельные виды медицинских услуг и другие) или по телефону (факсу). В случаях получения ценовой информации по телефону, специалистами периодически (раз в квартал) посещаются базовые объекты с целью поддержания личных контактов с их сотрудниками для недопущения ошибок при выборе товаров (услуг)-представителей при определении цены, а также чтобы удостовериться в сопоставимости спецификаций отобранных товаров (услуг)-представителей.

      В организации, для которых характерно установление цен (тарифов) на длительный период времени (санатории, медицинские и образовательные учреждения, организации, оказывающие ритуальные услуги, и другие), направляются официальные письма с просьбой предоставления информации о ценах (тарифах) на оказываемые услуги. Цены (тарифы) фиксируются на основе предоставленных прейскурантов. В целях контроля достоверности данных специалистами не реже одного раза в квартал посещаются базовые объекты для подтверждения полученной ценовой информации.

      Тарифы на жилищно-коммунальные услуги регистрируются на основе платежных документов (квитанций), выставляемых населению для оплаты за соответствующие виды услуг. В случаях изменения тарифов, их новый уровень подтверждается приказами государственных органов, осуществляющих руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках, и организаций, оказывающих эти виды услуг.

      В дополнение к вышеприведенным источникам регистрации цен используются альтернативные данные, представленные их собственниками или владельцами в соответствии с подпунктом 15-4) статьи 12 Закона.";

      абзац первый пункта 35 изложить в следующей редакции:

      "35. Замена товаров (услуг) производится, если товар больше не доступен, не продается в значительных объемах или в обычных условиях торговли. Замена производится на второй месяц после того, как товар стал недоступным. Для обеспечения непрерывности ценового ряда и его сопоставимости используются следующие способы замены.".

      2. Внести в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 22 сентября 2017 года № 135 "Методика по наблюдению за ценами на потребительские товары и услуги" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15872) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 5) статьи 12 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" и подпунктом 34) пункта 15 Положения Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 427, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Методике по наблюдению за ценами на потребительские товары и услуги, утвержденной указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Методика по наблюдению за ценами на потребительские товары и услуги (далее – Методика) относится к статистической методологии, формируемой в соответствии с международными стандартами и утверждаемой в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной статистике" (далее – Закон).";

      подпункт 2) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "2) регистрация цен – мониторинг цен на основе общегосударственных статистических наблюдений о ценах (тарифах) на товары и услуги, административных и альтернативных данных;";

      подпункт 2) пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "2) еженедельно (1 раз в неделю) по перечню социально-значимых продовольственных товаров, утвержденных приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 11 мая 2023 года № 166-НҚ "Об утверждении Перечня социально значимых продовольственных товаров" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32474).";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Сбор ценовой информации осуществляется следующими способами:

      1) сбор ценовой информации проводится непосредственно в местах реализации товара (услуги) путем обхода базовых объектов, фиксирования цены (тарифа), указанного на ценнике (ярлыке), на основе размещенных прейскурантов или проводится опрос лиц, оказывающих платные услуги;

      2) при регистрации цен используются данные, полученные в результате запроса в сети Интернет (услуги пассажирского железнодорожного и воздушного транспорта, сотовой связи, отдельные виды медицинских услуг, бытовая техника, аудиовизуальное оборудование, сотовые телефоны и другие).

      При регистрации цен на услуги пассажирского транспорта на сайтах bilet.railways.kz, airastana.com, scat.kz, flyarystan.com, flyqazaq.com, aviata.kz, цен на товары в Интернет-магазинах Sulpak.kz, Technodom.kz, Mechta.kz для обеспечения сопоставимости фиксируются цены (тарифы) без стоимости доставки.

      Регистрация цен ежемесячно осуществляется на услуги железнодорожного пассажирского транспорта по состоянию на 20 (двадцатое) число. Если 20 (двадцатое) число отчетного месяца выпадает на выходной или праздничный день, то регистрируется цена буднего дня. Стоимость билета выходного или праздничного дня подвержена резким колебаниям и учет изменений цен в эти дни является несопоставимым;

      3) на некоторые виды услуг, условия, предоставления которых являются стандартными, уровень цен на них фиксируется на определенный период времени (например, цены на услуги химической чистки, стирки белья, мойки автомашин), ценовую информацию регистрируют по телефону. При получении ценовой информации по телефону, специалистами периодически (раз в квартал) посещаются базовые объекты с целью поддержания личных контактов с их сотрудниками и во избежание ошибок при выборе товаров, услуг-представителей при определении цены, а также с тем, чтобы удостовериться в сопоставимости спецификаций отобранных товаров, услуг-представителей;

      4) в организации, для которых характерно установление цен (тарифов) на длительный период времени (санатории, медицинские и образовательные учреждения, организации, оказывающие ритуальные услуги, и другие), направляются официальные письма с просьбой предоставления информации о ценах (тарифах) на оказываемые услуги. Цены (тарифы) фиксируются на основе предоставленных прейскурантов, но в целях контроля достоверности данных не реже одного раза в квартал специалисты посещают базовые объекты для подтверждения полученной ценовой информации;

      5) тарифы на жилищно-коммунальные услуги регистрируются на основе платежных документов (квитанций), выставляемых населению для оплаты за соответствующие виды услуг. При изменении тарифов их новый уровень подтверждается приказами государственных органов, осуществляющих руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках, и организаций, оказывающих эти виды услуги.

      В дополнение к вышеприведенным источникам регистрации цен используются альтернативные данные, представленные их собственниками или владельцами в соответствии с подпунктом 15-4) статьи 12 Закона.".

      3. Департаменту статистики цен совместно с Юридическим департаментом Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан после его официального опубликования.

      4. Департаменту статистики цен Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан довести настоящий приказ до структурных и территориальных подразделений Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан для руководства и использования в работе.

      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      6. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Руководитель Бюро
национальной статистики
Агентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан
М. Турлубаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан