"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) II санаттағы Ақтөбе – Мәртөк – Ресей Федерациясы шекарасы (Орынборға) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) 17+000 – 99+692 километр (бұдан әрі – км) учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны;
2) жүріп өту келесі баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орскқа) республикалық маңызы бар автомобиль жолы;
3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – км 17+000, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – км 99+692;
4) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – II санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту жолағының ені – кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолындағы қозғалыс жолағының саны – екі бағытта 1 жолақ;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 82 км 692 метр;
7) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері айқындалады;
8) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
ҚР Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 7 ақпандағы № 39 Бұйрыққа 1-қосымша |
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылыстарының және басқа автомобиль жолдарымен түйісулерінің тізбесі
Қиылыстар мен түйісулер мекенжайы км + м | Көзделген қиылысу мен түйісу бойынша елді мекендердің атауы |
Мәртөк ауданы | |
---|---|
61+287 км | Құрмансай кенті |
64+100 км | Ақмоласай кенті |
70+900 км | Мәртөк кенті |
88+200 км | Вознесеновка кенті |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
км – километр;
м – метр.
Бұйрығына 2 - қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
II санатты "Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы (Орынборға)" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының "Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға)" 17 + 000 км – 99 + 692 км учаскесі:
АЕК:
р/с№ | Аймақтар | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейін жүк автомобильдері | 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т дейін автопоездар | Жүк көтергіштігі 10 т жоғары 15 т дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 т жоғары жүк автомобильдер, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар | |||||
Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | ||
1 | км 17+000-60+300 (43 км 300 м) | 0,0800 | 0,0685 | 0,1625 | 0,1384 | 0,2425 | 0,2056 | 0,3250 | 0,2767 | 0,4049 | 0,3440 |
2 | км 60+300-99+692 (39 км 392 м) | 0,0728 | 0,0624 | 0,1478 | 0,1259 | 0,2206 | 0,1871 | 0,2956 | 0,2517 | 0,3684 | 0,3130 |
Бір бағыт тағы бар лық маршрут бойынша жиыны (82 км 692 м) | 0,1527 | 0,1309 | 0,3103 | 0,2642 | 0,4630 | 0,3927 | 0,6206 | 0,5285 | 0,7733 | 0,6570 |
1) абоненттік төлем – автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысы, ақылы учаскеге іргелес елді мекендерде тіркелген жергілікті автокөлік құралдары үшін белгілі бір уақыт кезеңіне абонемент түрінде бір ауданнан тыс жерде бір айға немесе бір жылға ауысқан кезде;
2) абоненттік төлем жергілікті көлік үшін көлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне қарай белгіленеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Көлік түрі | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 т жоғары 15 т дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 т жоғары жүк автомобильдер, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар үшін |
1 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 1 АЕК | 2 АЕК | 3 АЕК | 4 АЕК | 5 АЕК |
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 т жоғары 15 т дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 т жоғары жүк автомобильдер, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар үшін |
1 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 12 АЕК | 24 АЕК | 36 АЕК | 48 АЕК | 60 АЕК |
3) аймақ – жүк көтергіштігі мен көлік құралының түріне байланысты өзінің ұзақтығы мен жол ақысының белгілі бір мөлшері бар ақылы учаскенің жол сегменті;
4) алдын-ала төлеу – ақылы учаскеге кіргенге дейін пайдаланушы дербес шотқа және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептеген ақшалай қаражат, оның сомасы жол ақысын төлеу үшін жеткілікті;
5) жергілікті автокөлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде ақылы учаскесіне іргелес әкімшілік - аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген көлік құралы.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
км - километр;
м - метр;
т - тонна.
Бұйрыққа 3-қосымша |
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с № | Елді мекеннің атауы |
Ақтөбе облысы | |
---|---|
1 | Құралай кенті |
Мәртөк ауданы | |
2 | Сарыжар кенті |
3 | Ұшак аланы кенті |
4 | Қараторғай кенті |
5 | Бұлақ кенті |
6 | Саржансай кенті |
7 | Кенсахара кенті |
8 | Құрмансай кенті |
9 | Вознесеновка кенті |
10 | Жайсан кенті |