БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін жерлеу кезінде құрмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 6/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18225 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 81-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін жерлеу кезінде құрмет көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін жерлеу кезінде құрмет көрсету қағидалары "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 81-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ҰҚО) қызметкерлерін жерлеу кезінде құрмет көрсету тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) қызметте болудың шекті жасына жеткеннен кейін, денсаулық жағдайына байланысты немесе штаттардың қысқартылуына байланысты қызметтен шығарылған, қызметінің жалпы ұзақтығы жиырма бес жыл немесе одан да көп болатын адамдарға, сондай-ақ қызметінің жалпы ұзақтығына қарамастан, терроризмге қарсы операцияларға қатысушыларға.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Құрмет көрсету үшін уәкілетті басшының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен құрметті эскорт тағайындалады, ол мыналардан тұрады:
1) құрметті қарауыл;
2) мәйітті (мәйіт салынған табытты) шығару және қабірге түсіріге арналған топ;
3) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның, бар болған жағдайда, ордендері мен медальдерін алып жүруге арналған топ.
Қажет болған кезде құрметті қарауыл құрамынан жұпты сақшылар мен тысы жоқ және қаралы лентасы бар Мемлекеттік Тумен немесе ҰҚО туымен ту ұстаушылар қойылады.
Бұйрықта құрметті эскорттың құрамы, киім нысаны, қаруы және жетекшісі, сондай-ақ көлік құралдары (қажет болған кезде) көрсетіледі.
Құрметті эскорттың киім нысаны - салтанатты. Жылдың суық мезгілінде далалық киім үлгісіне рұқсат етіледі.
Құрметті қарауылға салют ату үшін бос патрондар беріледі, оларды алу және есептен шығару Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 15-тармағының 237) тармақшасына сәйкес бекітілген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдарында, әскери, арнаулы оқу орындарында және құрылымдық бөлімшелерінде зымырандық-артиллериялық қару-жарақ пен оқ-дәрілерді қамтамасыз ету, ұйымдастыру, пайдалану және есепке алу жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Қаза тапқан (қайтыс болған) және қайтыс болғаннан кейін наградталған қызметкерлердің ордендері, медальдары, құрметті атақтарына кеуде төсбелгілері, сондай-ақ оларды наградтау туралы құжаттар естелік ретінде сақтау үшін отбасына қалдырылады.
Қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің мұрагерлерімен келісілген жағдайда оның наградалары және наградтау туралы құжаттары сақтау және экспонаттау үшін музейлерге беріледі.
Егер қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагерлері болмаса, оның мемлекеттік наградалары (бар болған жағдайда) және наградтау туралы құжаттары "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес қайтарылады.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының кадрлық құрамы таныстырылсын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |