"Инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 62 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 ақпанда № 35757 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32121 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-78) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әдістеменің мақсаты әуежайдың инфрақұрылым объектілерін, жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдаланғаны үшін әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер мен өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өздігімен қызмет көрсететін авиакомпаниялардан алатын инфрақұрылымдық алымды есептеу тетігін айқындау болып табылады.

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 750 бұйрығымен бекітілген Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларының 6, 7-қосымшаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19433 болып тіркелген) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші және жерде өздігімен қызмет көрсететін авиакомпаниялар үшін қолжетімділігі ашық әуежай қызметінің құрамына кіретін жерде қызмет көрсету қызметтерінің тізбесі белгіленген.

      Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы, жерде өздігімен қызмет көрсететін авиакомпаниядан мүлікті, оның ішінде әуежай инфрақұрылымының объектілерін, жабдықты және техникалық құралдарды пайдаланғаны үшін егер авиакомпания осы мүлікті пайдаланғаны үшін инфрақұрылымдық алым төлейтін болса, басқа төлемдер алмайды.

      Инфрақұрылымдық алым жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер немесе жерде өздігімен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын авиакомпаниялар пайдаланатын әуежайдың мүлкін пайдаланғаны үшін алынады.

      Жерде өздігімен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын авиакомпания әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының сұрау салуы бойынша басқа авиакомпанияларға жерде қызметтерін көрсеткен кезде, инфрақұрылымдық алым алынбайды.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы әуежайдың инфрақұрылым объектілерін, жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдаланғаны үшін алатын инфрақұрылымдық алым мынадай формула бойынша айқындалады:



      IC – қызмет көрсетуге тартылған әуежай инфрақұрылым объектілерін, жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдаланғаны үшін бөлінген экономикалық негізделген шығындар, теңге;

      AI – қызмет көрсету кезінде тартылған әуежай (әуеайлақ) пайдаланушысының инфрақұрылым объектілерін салуға және реконструкциялауға инвестициялар үлесі, теңге;

      Vберуші – жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші немесе жерде өздігімен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын авиакомпания қызметінің жоспарланатын көлемі;

      Vбарлығы – қызметтің жалпы жоспарланған көлемі.

      9. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы инфрақұрылым объектілерін салуға және реконструкциялауға инвестицияларды жеке, қарыз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырады.

      Жеке қаражат көздері инфрақұрылымдық алымда көзделген амортизациялық аударымдар және пайда болып табылады. Қарыз қаражатын қайтару инфрақұрылымдық алымда көзделген амортизациялық аударымдар және пайда есебінен жүзеге асырылады.

      Инфрақұрылымдық алымға енгізілетін шекті пайда қызмет көрсетуге қатысатын әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы инфрақұрылымдық объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспарланған инвестициаларды ескере отырып шектеледі.

      Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы, инфрақұрылымдық алымды қалыптастыру рәсімдерінің ашықтығын, жариялылықты, ақпараттандыруды, әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы мен жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші, сондай-ақ жерде өздігімен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын авиакомпания мүдделерінің теңгерімін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, жыл сайын 1 тамыздан кешіктірмей жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілерді және жерде өздігімен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын авиакомпанияларды бекітілген инвестициялық жоспарға сәйкес, инфрақұрылымдық объектілерін салуға және реконструкциялауға салынған инвестициялар туралы хабарлайды және жоспарланған инвестициялар туралы талқылау өткізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 марта 2023 года № 175 "Об утверждении Методики расчета инфраструктурных сборов"

Приказ Министра транспорта Республики Казахстан от 26 февраля 2025 года № 62. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 февраля 2025 года № 35757

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 марта 2023 года № 175 "Об утверждении Методики расчета инфраструктурных сборов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32121) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 41-78) пункта 1 статьи 14 Закона Республики Казахстан "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации" и подпунктом 2-1) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике", ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Методике расчета инфраструктурных сборов, утвержденной указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Целью Методики является определение механизма расчета инфраструктурного сбора, взимаемого эксплуатантом аэропорта (аэродрома) за пользование объектами инфраструктуры, оборудованием и техническими средствами аэропорта с поставщиков услуг наземного обслуживания и авиакомпаний, самостоятельно обслуживающих свои воздушные суда, пассажиров, багаж, груз и почту.

      Перечень услуг наземного обслуживания, входящих в состав аэропортовской деятельности, к которым открыт доступ для поставщиков услуг наземного обслуживания и самостоятельного наземного обслуживания авиакомпаний установлен в приложениях 6, 7 Правил осуществления наземного обслуживания в аэропортах, утвержденных приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 2 октября 2019 года № 750 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 19433).

      Эксплуатант аэропорта (аэродрома) не взимает с авиакомпании, осуществляющей самостоятельное наземное обслуживание, иных платежей за пользование имуществом, в том числе объектами инфраструктуры, оборудованием и техническими средствами аэропорта, если за пользование данным имуществом авиакомпания выплачивает инфраструктурный сбор.

      Инфраструктурный сбор взимается за пользование имуществом аэропорта, которым пользуются поставщики услуг наземного обслуживания или авиакомпании, осуществляющие самостоятельное наземное обслуживание.

      При оказании авиакомпанией, осуществляющей самостоятельное наземное обслуживание, наземных услуг по запросу эксплуатанта аэропорта (аэродрома) другим авиакомпаниям, инфраструктурный сбор не взимается.";

      пункты 8 и 9 изложить в следующей редакции:

      "8. Инфраструктурный сбор, взимаемый эксплуатантом аэропорта (аэродрома) за пользование объектами инфраструктуры, оборудованием и техническими средствами аэропорта, определяется по формуле:



      IC – распределенные экономически обоснованные затраты за пользование объектами инфраструктуры, оборудованием и техническими средствами аэропорта, задействованными при оказании услуги, тенге;

      AI – доля инвестиций в строительство и реконструкцию объектов инфраструктуры эксплуатанта аэропорта (аэродрома), задействованными при оказании услуги, тенге;

      Vпоставщик – планируемый объем услуги поставщика услуг наземного обслуживания или авиакомпании, осуществляющей самостоятельное наземное обслуживание;

      Vвсего – общий планируемый объем услуги.

      9. Инвестиции в строительство и реконструкцию объектов инфраструктуры осуществляются эксплуатантом аэропорта (аэродрома) за счет собственных, заемных средств и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      Источниками собственных средств являются амортизационные отчисления и прибыль, учтенные в инфраструктурном сборе. Возврат заемных средств осуществляется за счет амортизационных отчислений и прибыли, учтенных в инфраструктурном сборе.

      Предельная величина прибыли, включаемая в инфраструктурный сбор, ограничивается с учетом планируемых инвестиций в строительство и реконструкцию объектов инфраструктуры эксплуатанта аэропорта (аэродрома), задействованных в оказании услуги.

      Эксплуатант аэропорта (аэродрома), в целях обеспечения прозрачности процедуры формирования инфраструктурного сбора, гласности, информированности, соблюдения баланса интересов эксплуатанта аэропорта (аэродрома) и поставщика услуг наземного обслуживания, а также авиакомпании, осуществляющей самостоятельное наземное обслуживание, ежегодно не позднее 1 августа информирует поставщиков услуг наземного обслуживания и авиакомпании, осуществляющие самостоятельное наземное обслуживание, о вложенных инвестициях в строительство и реконструкцию объектов инфраструктуры, согласно утвержденного инвестиционного плана, и проводит обсуждение планируемых инвестиций.".

      2. Комитету гражданской авиации Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр транспорта
Республики Казахстан
М. Карабаев

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по защите и развитию
конкуренции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Бюро национальной статистики
Агентства по стратегическому планированию
и реформам
Республики Казахстан