ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру және жоғарылату, демалыстар беру, арнаулы атақтарды беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22478 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру және жоғарылату, демалыстар беру, арнаулы атақтарды беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) ақпараттық автоматтандырылған дерекқор (ақпараттық жүйе) – құқық қорғау қызметіне кіру мәселелері бойынша жоспарлауға, іріктеуге (құжаттарды қабылдауға) және персоналды басқаруға байланысты қызметті автоматтандыруға арналған ақпаратты, жинауды, сақтауды, беруді және өңдеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешен;";
"7) бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтинг) – құқық қорғау органының ақпараттық кадр жүйесі арқылы қалыптастырылған, қызметке кандидаттың және қызметкердің кәсіби құзыреттеріне, сондай-ақ лауазым үшін негізгі көрсеткіштеріне және кәсіби жетістіктері туралы объективті деректеріне негізделген кәсіби әлеуетінің қалыптасқан сандық мәні (өлшемшарттар).";
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ақпараттық автоматтандырылған дерекқор арқылы (ақпараттық жүйе) қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымдарына ІІО-ға қызметке қабылдау ІІМ аппаратының, ІІО бөліністерінің, ІІМ білім беру ұйымдарының кадрларына қабылдай отырып, ІІМ білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіби даярлау арқылы жүзеге асырылады. Лауазымға тағайындау сынау мерзімін белгілемей-ақ, кадрға қабылданған күннен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Құқық қорғау органы басшысының шешімі бойынша ІІО-ға қызметке конкурстық іріктеуден тыс, қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін мынадай адамдар қабылданады:
1) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуын аяқтаған адамдар – оқу аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде;
2) бұрын құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы лауазымдарда қызмет өткерген және құқық қорғау органдарында, арнаулы мемлекеттік органдарда кемінде үш жыл қызмет өтілі бар адамдар;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мемлекеттік мекемелерінде бұрын әскери қызметте болған және әскери лауазымдарды атқарған адамдар – кемінде үш жыл әскери қызмет өтілі болған кезде;
4) өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай атқарған және оларды тоқтатқан Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік саяси қызметшілер, судьялар қабылдануы мүмкін.
ІІО қызметіне кіретін және аға және жоғары басшы құрам лауазымдарына, сондай-ақ конкурстан тыс іріктеуге тағайындалатын адамдар бастапқы кәсіптік даярлықтан өтпейді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Қызметi бойынша жоспарлы ауыстыруды адам мансаптық өсудің барлық кезеңдерінен міндетті түрде өтіп, қойылатын біліктілік талаптарына қатаң сәйкес келген жағдайда, тағайындалатын адамның психологиялық, іскерлік және жеке қасиеттерін және қызметтік жұмыс нәтижелерін ескере отырып, ІІМ-нің уәкілетті басшысы, ІІО бөліністерінің, ІІМ білім беру ұйымдарының уәкілетті басшылары жүргiзедi.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызмет бойынша ауыстыруға ұсыну осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бланкіде жасалады және лауазымдар номенклатурасына сәйкес жеке құрам бойынша бұйрықтар шығаруға құқығы бар лауазымды адамдарға жолданады және ІІМ аппаратының мүдделі қызметтерінің, ІІО бөліністерінің, ІІМ білім беру ұйымдарының басшыларымен келісуге тиіс.
Әрбір жоғары тұрған басшы лауазымға бәсекеге қабілеттіліктің ең жоғары көрсеткішін (цифрлық рейтинг) алған кемінде бес кандидат ұсынылады. Материалдар осы Нұсқаулықтың 16-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұсынылады.";
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Қызметкерді іссапарларға жіберу тиісті лауазымдарға тағайындауға құқығы бар ІІМ уәкілетті басшысының, ІІО бөлінісінің, ІІМ білім беру ұйымының уәкілетті басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Бұл ретте қызметкерді лауазымға тағайындау ол іссапарға жіберілген күннен бастап жүргізіледі.
Кадр қызметі қызметкерді қызметке қабылдайтын органға іссапарға жіберу туралы бұйрықтан үзінді көшірмені қоса бере отырып, хат жолдайды.";
2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен шығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың алтыншы және жетінші абзацтарын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
Ұсыным (тағайындауға, босатуға, ауыстыруға)
1.___________________________________________________________________
(арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке №, лауазымы)
___________________________________________________________________
________________________________________________________ ұсынылады.
туған жылы, туған жері ______________________________________________
Білімі, аяқтады (қашан және нені) _____________________________________
Білімі бойынша мамандығы __________________________________________
Қандай тілдерді меңгерген ________________________________________
Отбасы жағдайы (жанұя құрамы)_______________________ ________________
2. Негіздеме
_____________________________________________________________ үшін
(тағайындау, босату, ауыстыру )
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
_____________
Бастық ______________________________________________________________
(лауазымы, арнаулы (әскери) атағы, қолы) 20__ жылғы "___" _________
3. Уәкілетті басшының қорытындысы
4. Кадр қызметінің қорытындысы
Ескертпе: ұсыным мәтінінде міндетті түрде цифрлық рейтинг деректері, жоспардан тыс аттестаттаудың шешімдері (жоғары тұрған басшы лауазымдарға ауыстыру кезінде)соңғы (үш жыл ішінде) аттестаттау бойынша қорытындылар, әскери-дәрігерлік комиссиядан өту (оқуға түсуіне байланысты, жоғары тұрған лауазымдарға ауысу, денсаулық жағдайы бойынша төмен тұрған лауазымдарға ауысу жағдайларында) және қосымша арнайы тексеру (қажет болған кезде) нәтижелері, құпия жұмыстар мен құжаттарға рұқсаттың болуы, кандидатты ұсынған (жоғары тұрған лаузымға ауыстырған жағдайда) лауазымды адамдардың тегі, ал қажет болған жағдайларда тағайындауды облыстардың әкімдерімен келісу туралы мәліметтер көрсетіледі.