Ескерту. Тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 11.04.2025 № 162-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 13-2) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 115) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспесінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 11.04.2025 № 162-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 11.04.2025 № 162-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 244 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11153 болып тіркелген).
2) "Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 244 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 125 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22559 болып тіркелген).
Ескерту. 2-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 11.04.2025 № 162-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 31 наурыздағы № 128-НҚ бұйрығына қосымша |
Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидалар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидалар (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 13-2) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 115) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік жастар форумдарын өткізу тәртібін айқындайды.
2. Өңірлік жастар форумы (бұдан әрі – Форум) – жергілікті атқарушы органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың өңірлік деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін жастар өкілдерінің форумы.
3. Форум өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.
2. Форумның өту тәртібі
4. Форумды дайындау және өткізуді жергілікті атқарушы органмен құрамы бекітілетін ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
5. Форумды жергілікті атқарушы орган екі жылда кемінде бір рет шақырылады.
6. Форум екі кезеңде өтеді.
1) дайындық кезеңі, бұл кезеңде барлық аудандарда (облыстық маңызы бар қала), облыстарда Форум делегаттарының сайлауы өтеді;
2) негізгі кезең – өңірлік форумды өткізу.
7. Өңірлік жастар форумы аудандық (облыстық маңызы бар қала) және облыстық деңгейлерде өтеді.
8. Форумда шешім қабылдау Форум делегаттарының ашық дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады.
9. Форумның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.
3. Форумда жастар өкілдігін қалыптастыру
10. Форум делегаттарының құрамын қалыптастыру аудандарда (облыстық маңызы бар қала) Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығымен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу" жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында көзделген тәртіппен әділет органдарында тіркелген жастар ұйымдарының қатысуымен сайлау арқылы өтеді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20771 болып тіркелген).
11. Форумдарға аудандардың (облыстық маңызы бар қала) жастар және жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.
12. Үлгілік ережелер негізінде жергілікті атқарушы орган форумды өткізудің өз ережелерін әзірлейді және бекітеді.
13. Делегациялардың сандық құрамы Қазақстан Республикасы жастарының жалпы санынан әр ауданның (облыстық маңызы бар қала) жастары санының пайыздық арақатынасына байланысты қалыптастырылады. Форумға қатысу үшін саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, жастар ресурстық орталықтарының, оқу орындарының, мүдделі мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Форум делегаттарының жалпы санының жиырма пайызынан аспайтын көлемде қосымша шақырылады.
4. Қорытынды ережелер
14. Форумда қабылданатын шешімдер ұсынымдық сипатта болады.
15. Форумда қабылданған ұсынымдар тиісті хаттамамен рәсімделеді және жергілікті атқарушы органға, сондай-ақ республикалық жастар форумына қарастыруға 14 күнтізбелік күн ішінде жолданады.