"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-15) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі иуралы ереженің 15-тармағының 351) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. "Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 105 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22609 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан бастап он күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 31 наурыздағы № 131-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-15) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 351) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Жиынтық электрондық каталогын құру және жүргізу "Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы" ақпараттық жүйесінің платформасында жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогы – Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорлары туралы библиографиялық мәліметтер қамтылған электрондық ақпараттық ресурс;
2) Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы – қазақстандық кітапханалардың, музейлер мен архивтердің қорларын сақтауға, сондай-ақ Қазақстанның тарихи, ғылыми және мәдени мұрасына пайдаланушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;
3) Қатысушы – библиографиялық жазбаларды орналастыруға, каталогтауға, сондай-ақ библиографиялық жазбаларды басқа кітапханаларға беру мүмкіндігіне қол жеткізген кітапханалар.
2-тарау. Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану тәртібі
4. Жиынтық электрондық каталог жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – пайдаланушылар) анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетуге арналған.
5. Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорлары туралы библиографиялық мәліметтер іздеу мақсатында баспа және қолжазба құжаттарын, сондай-ақ графикалық, дыбыстық-көрініс материалдарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтерді қамтиды.
6. Жиынтық электрондық каталогты пайдалану "Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы" ақпараттық жүйесіне тіркелу мен авторизациядан өткеннен кейін жүзеге асады.
7. Жиынтық электрондық каталогты пайдалану тегін.
8. Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорлары туралы библиографиялық мәліметтерді Жиынтық электрондық каталогта іздеу Қазақстан Республикасы кітапханалары қорындағы құжат тілінде жүзеге асырылады.
9. Пайдаланушыларға қор иесінің орналасқан жері бойынша құжатты таңдау мүмкіндігі беріледі.
10. Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорлары туралы библиографиялық мәліметтерді іздеу басылымның шығу мәліметтерінің міндетті элементтері және тақырыптық сұраулар бойынша жүзеге асырылады
11. Сұратылған ақпарат – осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес іздеу нәтижелері қор иесінің электронды каталогына сілтеме жасай отырып, тізім түрінде көрсетіледі.