Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) тармақшасына, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) тармақшасына, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Нұсқаулық бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – жинақтаушы зейнетақы қорлары), банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (ипотекалық ұйымдарды және бұрын еншілес банктер болған заңды тұлғаларды қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушылардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру брокерлерінің және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтерінің инвестициялық портфелін басқарушылардың (бұдан әрi – ұйым) және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – брокер) брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша клиенттерден алынған активтердің бухгалтерлiк есебін жүргiзуін нақтылайды.
3. Осы Нұсқаулықта халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мәміле жасау күнгі және мәміле бойынша есеп айырысу күнгі қаржы активтерін сатып алу және сату мәмілелерін есепке алу әдісі қолданылады. Осы тармақта көрсетілген қаржы активтерін сатып алу және сату мәмілелерін есепке алу әдістерінің бірін таңдау ұйымның есеп саясатында айқындалады.
Клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтерінің және брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша клиенттерден алынған активтердің бухгалтерлік есебін жүргізген кезде ұйым және брокер "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген) сәйкес баланстан тыс шоттарды қолданады.";
2-тарау алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Осы Нұсқаулықтың 7 және 9-тармақтарына сәйкес сыйақы және сыйлықақы немесе дисконттың (жеңілдіктің) амортизациясын есептегеннен кейін өзгеруі пайда немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша бағаланатын және басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын борыштық бағалы қағаздар ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен қайта бағаланады және мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша:
егер борыштық бағалы қағаздардың әділ құны олардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құнынан жоғары болса:
Дт | 1120 04 | Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету | |
Кт | 6150 01 | Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен болған кірістер; |
егер борыштық бағалы қағаздардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны олардың әділ құнынан жоғары болса:
Дт | 7470 03 | Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін, әділ құн бойынша есепке алынатын бағалы қағаздардың құнын өзгертуден болған шығыстар | |
Кт | 1120 05 | Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету; |
борыштық бағалы қағаздардың әділ құнының есептелген оң немесе теріс түзеті сомасына:
Дт | 1120 05 | Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету | |
Кт | 1120 04 | Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету. |
2) басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша:
егер борыштық бағалы қағаздардың әділ құны олардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құнынан жоғары болса:
Дт | 1140 04 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету | |
2030 04 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қысқа мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету | ||
Кт | 5440 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв; |
егер борыштық бағалы қағаздардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны олардың әділ құнынан жоғары болса:
Дт | 5440 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв | |
Кт | 1140 05 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету | |
2030 05 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қысқа мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету; |
борыштық бағалы қағаздар әділ құнының есепте тұрған оң немесе теріс түзету сомасына:
Дт | 1140 05 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету | |
2030 05 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қысқа мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету | ||
Кт | 1140 04 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету | |
2030 04 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қысқа мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету."; |
13-тармақтың 4) және 5)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын және басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын борыштық бағалы қағаздарды сату бойынша жасалған мәміле сомасы олардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құнынан асқан жағдайда, айырма сомасына:
Дт | 1030 | Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты | |
Кт | 6280 09 | Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан түскен кірістер; |
5) өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын және басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын борыштық бағалы қағаздардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны оларды сату бойынша жасалған мәміле сомасынан асқан жағдайда, айырма сомасына:
Дт | 7470 10 | Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан болған шығыстар | |
Кт | 1120 01 | Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша есепке алынатын қаржы активтері | |
1140 01 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қысқа мерзімді қаржы активтері | ||
2030 01 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын ұзақ мерзімді қаржы активтері;"; |
21-тармақтың 4) және 5)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын борыштық бағалы қағаздарды сату бойынша жасалған мәміле сомасы оның бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құнынан асып кеткен жағдайда, айырма сомасына:
Дт | 1030 | Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты | |
Кт | 6280 09 | Бағалы қағаздарды сатып алудан-сатудан түскен кірістер; |
5) амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын борыштық бағалы қағаздардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны оларды сату бойынша жасалған мәміле сомасынан асып кеткен жағдайда, айырма сомасына:
Дт | 7470 10 | Бағалы қағаздарды сатып алудан-сатудан болған шығыстар | |
Кт | 1130 01 | Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын қысқа мерзімді қаржы активтері | |
2020 01 | Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын ұзақ мерзімді қаржы активтері."; |
28-тармақтың 4) және 5)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) борыштық бағалы қағаздарды сатып алу бойынша жасалған мәміле сомасы олардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құнынан асып кеткен жағдайда, айырма сомасына:
Дт | 7470 10 | Бағалы қағаздарды сатып алудан-сатудан болған шығыстар | |
Кт | 1030 | Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты; |
5) борыштық бағалы қағаздарды сатып алу бойынша жасалған мәміле сомасынан олардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны асып кеткен жағдайда, айырма сомасына:
Дт | 4030 10 | Сатып алынған бағалы қағаздар | |
Кт | 6280 09 |
Бағалы қағаздарды сатып алудан-сатудан түскен |
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Өзгеруі пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша бағаланатын және басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын сатып алынған үлестік бағалы қағаздарды ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен әділ құны бойынша қайта бағалаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын үлестік бағалы қағаздар бойынша:
егер үлестік бағалы қағаздардың әділ құны олардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құнынан жоғары болса:
Дт | 1120 04 | Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша есепке алынатын қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету | |
Кт | 6150 01 | Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен болған кірістер; |
егер үлестік бағалы қағаздардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны олардың әділ құнынан жоғары болса:
Дт | 7470 03 | Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетінәділ құн бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен болған шығыстар | |
Кт | 1120 05 | Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша есепке алынатын қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету; |
үлестік бағалы қағаздардың әділ құнының есепте тұрған оң немесе теріс түзету сомасына:
Дт | 1120 05 | Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша есепке алынатын қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету | |
Кт | 1120 04 | Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша есепке алынатын қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету. |
2) басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын үлестік бағалы қағаздар бойынша:
егер үлестік бағалы қағаздардың әділ құны олардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құнынан жоғары болса:
Дт | 1140 04 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету | |
2030 04 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын ұзақ мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету | ||
Кт | 5440 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв; |
егер үлестік бағалы қағаздардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны олардың әділ құнынан жоғары болса:
Дт | 5440 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв | |
Кт | 1140 05 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету | |
2030 05 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын ұзақ мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету; |
үлестік бағалы қағаздардың әділ құнын есепте тұрған оң немесе теріс түзету сомасына:
Дт | 1140 05 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету | |
2030 05 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын ұзақ мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету | ||
Кт | 1140 04 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету | |
2030 04 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын ұзақ мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету."; |
36-тармақтың 4) және 5)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын немесе басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын үлестік бағалы қағаздарды сату бойынша жасалған мәміленің сомасы олардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құнынан асқан жағдайда, айырма сомасына:
Дт | 1030 | Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты | |
Кт | 6280 09 | Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан түскен кірістер; |
5) өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын немесе басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын үлестік бағалы қағаздардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны оларды сату бойынша жасалған мәміле сомасынан асқан жағдайда, айырма сомасына:
Дт | 7470 10 | Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан болған шығыстар | |
Кт | 1120 01 | Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша есепке алынатын қаржы активтері | |
1140 01 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қысқа мерзімді қаржы активтері | ||
2030 01 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын ұзақ мерзімді қаржы активтері;"; |
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Егер сатып алынған тазартылған бағалы металдар ұйымның есеп саясатына сәйкес әділ құны бойынша қайта бағаланған жағдайда, мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) егер тазартылған бағалы металдардың әділ құны олардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құнынан жоғары болса:
Дт | 1370 | Тазартылған бағалы металдар | |
1380 | Жолдағы тазартылған бағалы металдар | ||
1150 09 | Металл шоттарда орналастырылған тазартылған бағалы металдар | ||
Кт | 6280 05 | Тазартылған бағалы металдарды қайта бағалаудан түскен кірістер; |
2) егер тазартылған бағалы металдардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны олардың әділ құнынан жоғары болса:
Дт | 7470 07 | Тазартылған бағалы металдарды қайта бағалаудан болған шығыстар | |
Кт | 1370 | Тазартылған бағалы металдар | |
1380 | Жолдағы тазартылған бағалы металдар | ||
1150 09 | Металл шоттарда орналастырылған тазартылған бағалы металдар."; |
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"64. "Өзгеруі пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша бағаланатын" және "басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын" санаттарына жатқызылған берілген қарыздарды қайта бағалаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын заемдар бойынша:
заемның әділ құны оның бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құнынан асып кеткен жағдайда, асып кеткен айырма сомасына:
Дт | 1110 25 | Қысқа мерзімді заемдардың әділ құнын оң түзету | |
2010 24 | Ұзақ мерзімді заемдардың әділ құнын оң түзету | ||
Кт | 6280 06 | Басқа да қайта бағалаудан түскен кірістер; |
заемның бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны оның әділ құнынан асып кеткен жағдайда, азайту айырма сомасына:
Дт | 7470 08 | Басқа да қайта бағалаудан болған шығыстар | |
Кт | 1110 26 | Қысқа мерзімді заемдардың әділ құнын теріс түзету | |
2010 25 | Ұзақ мерзімді заемдардың әділ құнын теріс түзету; |
заемдардың әділ құнын оң (теріс) түзету сомасына:
Дт | 1110 26 | Қысқа мерзімді заемдардың әділ құнын теріс түзету | |
2010 25 | Ұзақ мерзімді заемдардың әділ құнын теріс түзету | ||
Кт | 1110 25 | Қысқа мерзімді заемдардың әділ құнын оң түзету | |
2010 24 | Ұзақ мерзімді заемдардың әділ құнын оң түзету |
2) басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қарыздар бойынша:
қарыздың әділ құны оның бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құнынан асып кеткен жағдайда, айырма сомасына:
Дт | 1110 25 | Қысқа мерзімді қарыздардың әділ құнын оң түзету | |
2010 24 | Ұзақ мерзімді қарыздардың әділ құнын оң түзету | ||
Кт | 5470 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қарыздарды қайта бағалауға арналған резерв; |
қарыздың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны оның әділ құнынан асып кеткен жағдайда, азайтудың айырма сомасына:
Дт | 5470 | Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қарыздарды қайта бағалауға арналған резерв | |
Кт | 1110 26 | Қысқа мерзімді қарыздардың әділ құнын теріс түзету | |
2010 25 | Ұзақ мерзімді қарыздардың әділ құнын теріс түзету; |
қарыздардың әділ құнының есепте тұрған оң (теріс) түзету сомасына:
Дт | 1110 26 | Қысқа мерзімді қарыздардың әділ құнын теріс түзету | |
2010 25 | Ұзақ мерзімді қарыздардың әділ құнын теріс түзету | ||
Кт |
1110 25 |
Қысқа мерзімді қарыздардың әділ құнын оң түзету |
65-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65-1. Шағын және орта бизнес үшін халықаралық стандартқа сәйкес "сату үшін қолда бар" санатына жатқызылған берілген қарыздарды қайта бағалау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
қарыздың әділ құны оның бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құнынан асып кеткен жағдайда, асып кетудің айырма сомасына:
Дт | 1110 25 | Қысқа мерзімді қарыздардың әділ құнын оң түзету | |
2010 24 | Ұзақ мерзімді қарыздардың әділ құнын оң түзету | ||
Кт | 5470 01 | Сату үшін қолда бар қарыздарды қайта бағалауға арналған резерв; |
қарыздың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны оның әділ құнынан асып кеткен жағдайда, азайтудың айырма сомасына:
Дт | 5470 01 | Сату үшін қолда бар қарыздарды қайта бағалауға арналған резерв | |
Кт | 1110 26 | Қысқа мерзімді қарыздардың әділ құнын теріс түзету | |
2010 25 | Ұзақ мерзімді қарыздардың әділ құнын теріс түзету; |
қарыздардың әділ құнының есептегі оң (теріс) түзету сомасына:
Дт | 1110 26 | Қысқа мерзімді қарыздардың әділ құнын теріс түзету | |
2010 25 | Ұзақ мерзімді қарыздардың әділ құнын теріс түзету | ||
Кт | 1110 25 | Қысқа мерзімді қарыздардың әділ құнын оң түзету | |
2010 24 | Ұзақ мерзімді қарыздардың әділ құнын оң түзету."; |
142-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"142. Сыйақы есептелгеннен және сыйлықақы немесе дисконт амортизацияланғаннан кейін Нұсқаулықтың 139 және 141-тармақтарына сәйкес ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен сату үшін қолда бар сатып алынған борыштық бағалы қағаздарды әділ құны бойынша қайта бағалау жүргізіледі және мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
егер борыштық бағалы қағаздардың әділ құны олардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құнынан жоғары болса:
Дт | 1140 09 | Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету. | |
2030 09 | Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету | ||
Кт | 5440 01 | Сату үшін қолда бар қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв; |
егер борыштық бағалы қағаздардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны олардың әділ құнынан жоғары болса:
Дт | 5440 01 | Сату үшін қолда бар қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв | |
Кт | 1140 10 | Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету | |
2030 10 | Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету; |
борыштық бағалы қағаздардың әділ құнының есептегі оң немесе теріс түзету сомасына:
Дт | 1140 10 | Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету | |
2030 10 | Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету | ||
Кт | 1140 09 | Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету. | |
2030 09 | Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету."; |
145-тармақтың 6) және 7)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"6) сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздарды сату бойынша жасалған мәміле сомасы олардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құнынан асып кеткен жағдайда айырма сомасына:
Дт | 1030 | Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат | |
Кт | 6280 09 | Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан түскен кіріс; |
7) сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны оларды сату бойынша жасалған мәміле сомасынан асып кеткен жағдайда айырма сомасына:
Дт | 7470 10 | Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан болған шығыс | |
Кт | 1140 06 | Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы активтері | |
2030 06 | Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржы активтері;"; |
154-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"154. Сату үшін қолда бар сатып алынған үлестік бағалы қағаздарды қайта бағалау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
егер үлестік бағалы қағаздардың әділ құны олардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құнынан жоғары болса:
Дт | 1140 09 | Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету | |
2030 09 | Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету | ||
Кт | 5440 01 | Сату үшін қолда бар қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв; |
егер үлестік бағалы қағаздардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны олардың әділ құнынан жоғары болса:
Дт | 5440 01 | Сату үшін қолда бар қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв | |
Кт | 1140 10 | Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету | |
2030 10 | Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету; |
үлестік бағалы қағаздардың әділ құнының есептегі оң немесе теріс түзету сомасына:
Дт | 1140 10 | Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету | |
2030 10 | Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын теріс түзету | ||
Кт | 1140 09 | Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету | |
2030 09 | Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржы активтерінің әділ құнын оң түзету."; |
157-тармақтың 4) және 5)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаздарды сату бойынша жасалған мәміле сомасы олардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құнынан асып кеткен жағдайда, айырма сомасына:
Дт | 1030 | Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат | |
Кт | 6280 09 | Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан түскен кіріс; |
5) сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаздардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны оларды сату бойынша жасалған мәміле сомасынан асып түскен жағдайда айырма сомасына:
Дт | 7470 10 | Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан болған шығыс | |
Кт | 1140 06 | Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы активтері | |
2030 06 | Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржы активтері;"; |
мынадай мазмұндағы 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29 және 30-тараулармен толықтырылсын:
"20-тарау. Инвестициялық басқаруға қабылданған активтерді есепке алу
171. Ұйым активтерді инвестициялық басқаруға алған кезде инвестициялық басқару туралы шартқа сәйкес қабылданған активтер сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт | 1800 01 | Ақша | |
1800 02 | Аффинирленген бағалы металдар | ||
1800 03 | Бағалы қағаздар | ||
1800 04 | Орналастырылған салымдар | ||
1800 05 | Капиталға инвестициялар | ||
1800 06 | Материалдық емес активтер | ||
1800 07 | Негізгі құрал-жабдықтар | ||
1800 08 | Басқа да активтер | ||
1800 09 | Алуға арналған шоттар | ||
1800 10 | Дивидендтер | ||
1800 11 | Сыйақы | ||
1800 12 | Басқа да талаптар | ||
Кт | 1830 01 | Клиенттен активтердің түсуі |
21-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны шетел валютасына орналастыру
172. Ұйым шетел валютасын сатып алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) егер сатып алу бағамы нарықтық бағамнан төмен болса:
Дт | 1800 01 | Ақша (сатып алынған шетел валютасының сомасына) | |
Кт | 1800 01 | Ақша (теңгемен төленген ақша сомасына) | |
1830 03 | Сатып алу-сатудан кіріс (сатып алу бағамы мен нарықтық бағам арасындағы айырмаға); |
2) егер сатып алу бағамы нарықтық бағамнан жоғары болса:
Дт | 1800 01 | Ақша (сатып алынған шетел валютасының сомасына) | |
1840 03 | Сатып алу-сатудан шығыс (сатып алу бағамы мен нарықтық бағам арасындағы айырмаға) | ||
Кт | 1800 01 | Ақша (теңгемен төленген ақша сомасына). |
173. Ұйым шетел валютасын сатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) егер сату бағамы нарықтық бағамнан жоғары болса:
Дт | 1800 01 | Ақша (теңгемен алынған ақша сомасына) | |
Кт | 1800 01 | Ақша (сатылған шетел валютасының сомасына) | |
1830 03 | Сатып алу-сатудан кіріс (сату бағамы мен нарықтық бағам арасындағы айырмаға); |
2) егер сату бағамы нарықтық бағамнан төмен болса:
Дт | 1800 01 | Ақша (теңгемен алынған ақша сомасына) | |
1840 03 | Сатып алу-сатудан шығыс (сату бағамы мен нарықтық бағам арасындағы айырмаға) | ||
Кт | 1800 01 | Ақша (сатылған шетел валютасының сомасына). |
174. Ұйым шетел валюталарын айырбастау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
Дт | 1800 01 | Ақша (сатып алынған шетел валютасының сомасына) | |
Кт | 1800 01 | Ақша (сатылған шетел валютасының сомасына); |
оң айырма сомасына:
Дт | 1800 01 | Ақша | |
Кт | 1830 03 | Сатып алу-сатудан кіріс (сату (сатып алу) бағамы мен нарықтық бағам арасындағы айырмаға); |
теріс айырма сомасына:
Дт | 1840 03 | Сатып алу-сатудан шығыс (сату (сатып алу) бағамы мен нарықтық бағам арасындағы айырмаға) | |
Кт | 1800 01 | Ақша. |
175. Шетел валютасындағы ақшаны валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта бағалаған кезде қайта бағалау күні мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы ұлғайған кезде оң бағамдық айырма сомасына:
Дт | 1800 01 | Ақша (шетел валютасымен) | |
Кт | 1830 05 | Бағамдық айырма бойынша кіріс; |
2) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы азайған кезде теріс бағамдық айырма сомасына:
Дт | 1840 05 | Бағамдық айырма бойынша шығыс | |
Кт | 1800 01 | Ақша (шетел валютасымен). |
22-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны салымдарға орналастыру
176. Инвестициялық басқарудағы ақшаны екінші деңгейдегі банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдарға орналастырған кезде мәміле бойынша шығын, ол болған жағдайда, ескеріле отырып, салым сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт | 1800 04 | Орналастырылған салымдар | |
Кт | 1800 01 | Ақша. |
177. Банктік салым шартында айқындалған салым бойынша сыйақы есептеген кезде ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікке сәйкес мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт | 1800 11 | Сыйақы | |
Кт | 1830 02 | Сыйақы түріндегі кіріс (дивидендтер). |
178. Салым бойынша сыйақыны нақты алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт | 1800 01 | Ақша | |
Кт | 1800 11 | Сыйақы. |
179. Банктік салым мерзімінің соңында ақшаны қайтарған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт | 1800 01 | Ақша | |
Кт | 1800 04 | Орналастырылған салымдар | |
1800 11 | Сыйақы. |
180. Шетел валютасындағы салымдарды валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта бағалаған кезде қайта бағалау күні мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы ұлғайған кезде оң бағамдық айырма сомасына:
Дт | 1800 04 | Орналастырылған салымдар | |
Кт | 1830 05 | Бағамдық айырма бойынша кіріс; |
2) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы азайған кезде теріс бағамдық айырма сомасына:
Дт | 1840 05 | Бағамдық айырма бойынша шығыс | |
Кт | 1800 04 | Орналастырылған салымдар. |
23-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны бағалы қағаздарға орналастыру
181. Бағалы қағаздарды инвестициялық басқарудағы активтер есебінен сатып алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) сатып алынған бағалы қағаздардың таза құнына (номиналды құнынан аспайтын сомаға):
Дт | 1800 03 | Бағалы қағаздар | |
Кт | 1800 01 | Ақша; |
2) борыштық бағалы қағазды сатып алуға байланысты шығынан тұратын сыйлықақы сомасына:
Дт | 1800 03 | Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша сыйлықақы сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар) | |
Кт | 1800 01 | Ақша | |
1820 01 | Төлеуге арналған шоттар; |
3) дисконт (жеңілдік) сомасына:
Дт | 1800 03 | Бағалы қағаздар (бағалы қағаздың номиналды құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар) | |
Кт | 1800 03 | Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар); |
4) алдыңғы ұстаушы есептеген сыйақы сомасына:
Дт | 1800 11 | Сыйақы | |
Кт | 1800 01 | Ақша. |
182. Ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікке сәйкес сатып алынған бағалы қағаздар бойынша жарияланған пайыз мөлшерлемесі бойынша сыйақы есептеледі. Бұл ретте есептелген сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт | 1800 11 | Сыйақы | |
Кт | 1830 02 | Сыйақы түріндегі кіріс (дивидендтер). |
183. Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны немесе дисконтты (жеңілдікті) амортизациялаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) сыйлықақыны амортизациялау сомасына:
Дт | 1840 08 | Басқа да шығыс | |
Кт | 1800 03 | Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша сыйлықақы сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар); |
2) дисконтты (жеңілдікті) амортизациялау сомасына:
Дт | 1800 03 | Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар) | |
Кт | 1830 02 | Сыйақы түріндегі кіріс (дивидендтер). |
184. Жарияланған сыйақы және сыйлықақы амортизациясы немесе дисконт (жеңілдік) есептелгеннен кейін осы Нұсқаулықтың 182 және 183-тармақтарына сәйкес сатып алынған бағалы қағаздарға әділ құны бойынша және ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен қайта бағалау жүргізіледі және мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) бағалы қағаздардың әділ құны олардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құнынан асып кеткен кезде:
Дт | 1800 03 | Бағалы қағаздар | |
Кт | 1830 04 | Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан кіріс; |
2) бағалы қағаздардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны олардың әділ құнынан асып кеткен кезде:
Дт | 1840 04 | Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан шығыс | |
Кт | 1800 03 | Бағалы қағаздар. |
185. Құны шетел валютасымен көрсетілген, сатып алынған бағалы қағаздарды (үлестік бағалы қағаздарды қоспағанда) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта бағалау кезінде қайта бағалау күні мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы ұлғайған кезде:
оң бағамдық айырма сомасына:
Дт | 1800 03 | Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша сыйлықақының номиналды құнын және сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шот) | |
1800 11 | Сыйақы | ||
Кт | 1830 05 | Бағамдық айырма бойынша кіріс; |
теріс бағамдық айырма сомасына:
Дт | 1840 05 | Бағамдық айырма бойынша шығыс | |
Кт | 1800 03 | Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шот); |
2) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы азайған кезде теріс бағамдық айырма сомасына:
Дт | 1840 05 | Бағамдық айырма бойынша шығыс | |
1800 03 | Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша сыйлықақының номиналды құнын және сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шот) | ||
1800 11 | Сыйақы |
және бірмезгілде оң бағамдық айырма сомасына:
Дт | 1800 03 | Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шот) | |
Кт | 1830 05 | Бағамдық айырма бойынша кіріс. |
186. Эмитент бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақыны өтеген кезде төленген сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт | 1800 01 | Ақша | |
Кт | 1800 11 | Сыйақы. |
187. Осы Нұсқаулықтың 182, 183 және 184-тармақтарына сәйкес жарияланған сыйақы есептелгеннен, сыйлықақы немесе дисконт (жеңілдік) амортизацияланғаннан және бағалы қағаздар әділ құны бойынша қайта бағаланғаннан кейін сатып алынған бағалы қағаздарды сатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) бағалы қағаздар бойынша амортизацияланбаған сыйлықақы сомасына:
Дт | 1800 03 | Бағалы қағаздар (бағалы қағаздың номиналды құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар) | |
Кт | 1800 03 | Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша сыйлықақы сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар); |
2) бағалы қағаздар бойынша амортизацияланбаған дисконт (жеңілдік) сомасына:
Дт | 1800 03 | Бағалы қағаздар (бағалы қағаз бойынша дисконт (жеңілдік) сомасын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар) | |
Кт | 1800 03 | Бағалы қағаздар (бағалы қағаздың номиналды құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар); |
3) бағалы қағаздарды сату бойынша жасалған мәміле сомасына:
мәміле сомасы мен активтердің бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны арасында оң айырма туындаған кезде:
Дт | 1800 01 | Ақша | |
Кт | 1800 03 | Бағалы қағаздар | |
1800 11 | Сыйақы | ||
1830 03 | Сатып алу-сатудан кіріс; |
мәміле сомасы мен активтердің бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны арасында теріс айырма туындаған кезде:
Дт | 1800 01 | Ақша | |
1840 03 | Сатып алу-сатудан шығыс | ||
Кт | 1800 03 | Бағалы қағаздар | |
1800 11 | Сыйақы. |
24-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны туынды қаржы құралдарына орналастыру
188. Туынды қаржы құралын инвестициялық басқарудағы активтер есебінен сатып алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) туынды қаржы құралының құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шотты аша отырып, сатып алынған "колл" ("пут") опционы бойынша төленген сыйлықақы сомасына:
Дт | 1800 12 | Басқа да талаптар | |
Кт | 1800 01 | Ақша; |
2) фьючерс бойынша маржа сомасына:
Дт | 1800 08 | Басқа да активтер | |
Кт | 1800 01 | Ақша. |
189. Туынды қаржы құралын ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен әділ құны бойынша қайта бағалаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) туынды қаржы құралының әділ құны оң өзгеру сомасына:
Дт | 1800 12 | Басқа да талаптар | |
Кт | 1830 04 | Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан кіріс; |
2) туынды қаржы құралының әділ құны теріс өзгеру сомасына:
Дт | 1840 04 | Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан шығыс | |
Кт | 1820 02 | Басқа да міндеттемелер (туынды қаржы құралының құнын есепке алу үшін жекелеген қосалқы шоттар); |
3) туынды қаржы құралдарының әділ құнының есепте бар оң (теріс) түзету сомасына:
Дт | 1820 02 | Басқа да міндеттемелер | |
Кт | 1800 12 | Басқа да талаптар. |
190. Ұйым контрәріптестің пайдасына (контрәріптес ұйымның пайдасына) маржа сомасын төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) ұйым қосымша төлеген маржа сомасына:
Дт | 1800 08 | Басқа да активтер | |
Кт | 1800 01 | Ақша; |
2) контрәріптестен алынған маржа сомасына:
Дт | 1800 08 | Басқа да активтер | |
Кт | 1820 02 | Басқа да міндеттемелер; |
3) қор биржасында (брокерде) ашылған шоттан рұқсат етілген есепте бар маржаны есептен шығарған кезде:
Дт | 1800 01 | Ақша | |
Кт | 1800 08 | Басқа да активтер; |
4) қор биржасы (брокер) алған маржа сомасына:
Дт | 1820 02 | Басқа да міндеттемелер | |
Кт | 1800 08 | Басқа да активтер. |
191. Туынды қаржы құралын орындау күні мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) нетто негізде есеп айырысқан жағдайда, ұйым ақша аударған кезде:
Дт | 1820 02 | Басқа да міндеттемелер | |
Кт | 1800 01 | Ақша; |
2) нетто негізде есеп айырысқан жағдайда, контрәріптестен ақша алған кезде:
Дт | 1800 01 | Ақша | |
Кт | 1800 12 | Басқа да талаптар; |
3) туынды қаржы құралының талаптарына сәйкес базалық активті сатып алған кезде:
сатып алынған актив құнына:
Дт | 1800 01 | Ақша | |
1800 02 | Аффинирленген бағалы металдар | ||
1800 03 | Бағалы қағаздар | ||
1800 05 | Капиталға инвестициялар | ||
1800 07 | Негізгі құрал-жабдықтар | ||
1800 08 | Басқа да активтер | ||
1820 02 | Басқа да міндеттемелер (туынды қаржы құралдарының құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар) | ||
Кт | 1800 01 | Ақша | |
1800 12 | Басқа да міндеттемелер; |
4) туынды қаржы құралдарының талаптарына сәйкес базалық активті сатқан кезде:
сатылатын актив құнына:
Дт | 1800 01 | Ақша | |
1820 02 | Басқа да міндеттемелер (туынды қаржы құралдарының құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар) | ||
Кт | 1800 01 | Ақша | |
1800 02 | Аффинирленген бағалы металдар | ||
1800 03 | Бағалы қағаздар | ||
1800 05 | Капиталға инвестициялар | ||
1800 07 | Негізгі құрал-жабдықтар | ||
1800 08 | Басқа да активтер | ||
1800 12 | Басқа да талаптар (туынды қаржы құралдарының құнын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар). |
25-тарау. Инвестициялық басқарудағы бағалы қағаздармен РЕПО және кері РЕПО операцияларын жүргізу
192. РЕПО операциясын ашқан кезде:
1) бағалы қағаздарды ақшаға айырбастап беретін ұйым РЕПО операцияcын жасаған кезде мәміле сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:
Дт | 1800 01 | Ақша | |
Кт | 1820 02 | Басқа да міндеттемелер (бағалы қағаздармен РЕПО операцияларын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар); |
2) ақшаны бағалы қағаздарға айырбастап беретін ұйым кері РЕПО операциясын жасаған кезде мәміле сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:
Дт | 1800 12 | Басқа да талаптар (бағалы қағаздармен РЕПО операцияларын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар) | |
Кт | 1800 01 | Ақша. |
193. РЕПО және кері РЕПО операцияларының қолданылу мерзімі ішінде РЕПО мәмілесі талаптарының негізінде осы операциялардың белгіленген қолданылу мерзімі ішіндегі тиісінше шығысқа және кіріске есептелетін мәміле бойынша тиесілі сыйақы сомасы есептеледі. Бұл ретте мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) РЕПО операциялары бойынша сыйақы түрінде есептелетін шығыс сомасына:
Дт | 1840 02 | Комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыс | |
Кт | 1820 02 | Басқа да міндеттемелер (бағалы қағаздармен РЕПО операцияларын есепке алуға арналған жеке қосалқы шоттар); |
2) кері РЕПО операциясы бойынша сыйақы түрінде есептелетін кіріс сомасына:
Дт | 1800 11 | Сыйақы | |
Кт | 1830 02 | Сыйақы түріндегі кіріс (дивиденд). |
194. Осы Нұсқаулықтың 193-тармағына сәйкес сыйақы есептелгеннен кейін РЕПО операциясы жабылған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) ұйым РЕПО операциясы бойынша бұрын берілген бағалы қағаздарды кері алған кезде:
РЕПО мәмілесі бойынша есептелген сыйақы сомасына:
Дт | 1820 02 | Басқа да міндеттемелер | |
Кт | 1800 01 | Ақша; |
осы мәміле жасалған кезде белгіленген РЕПО мәмілесін жабу құнына:
Дт | 1820 02 | Басқа да міндеттемелер | |
Кт | 1800 01 | Ақша; |
2) ұйым кері РЕПО операциясы бойынша бұрын алынған бағалы қағаздарды берген кезде:
есептелген сыйақы сомасына:
Дт | 1800 01 | Ақша | |
Кт | 1800 11 | Сыйақы; |
осы мәміле жасалған кезде белгіленген кері РЕПО мәмілесін жабу құнына:
Дт | 1800 01 | Ақша | |
Кт | 1800 12 | Басқа да талаптар. |
26-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны аффинирленген бағалы металдарға орналастыру
195. Инвестициялық басқарудағы ақшаны аффинирленген бағалы металдарға орналастырған кезде сатып алынған бағалы металдардың құнына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт | 1800 02 | Аффинирленген бағалы металдар | |
Кт | 1800 01 | Ақша. |
Қосалқы бухгалтерлік есепте аффинирленген бағалы металдар қолда бар аффинирленген бағалы металдардың санын бухгалтерлік есепте көрсету күні белгіленген Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығының таңертеңгі немесе кешкі фиксингіне және теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамына көбейту арқылы унциямен, сондай-ақ теңгемен көрсетіледі.
196. Сатып алынған аффинирленген бағалы металдарды әділ құны бойынша қайта бағалау кезінде қайта бағалау сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) аффинирленген бағалы металдардың құны ұлғайған кезде:
Дт | 1800 02 | Аффинирленген бағалы металдар | |
Кт | 1830 04 | Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан кіріс; |
2) аффинирленген бағалы металдардың құны азайған кезде:
Дт | 1840 04 | Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан шығыс | |
Кт | 1800 02 | Аффинирленген бағалы металдар. |
197. Осы Нұсқаулықтың 196-тармағына сәйкес аффинирленген бағалы металдарды әділ құны бойынша қайта бағалағаннан кейін оларды сату кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) аффинирленген бағалы металдарды сату бағасы бойынша:
Дт | 1800 01 | Ақша | |
Кт | 1830 03 | Сатып алу-сатудан кіріс; |
2) аффинирленген бағалы металдардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құнына:
Дт | 1840 03 | Сатып алу-сатудан шығыс | |
Кт | 1800 02 | Аффинирленген бағалы металдар. |
27-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестицияларға орналастыру
198. Инвестициялық басқарудағы ақшаны акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына инвестицияларға орналастырған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт | 1800 05 | Капиталға инвестициялар | |
Кт | 1800 01 | Ақша. |
199. Капиталдағы қатысу үлесін сатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) мәміле сомасы мен активтердің бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны арасында оң айырма туындаған кезде:
Дт | 1800 01 | Ақша | |
Кт | 1800 05 | Капиталға инвестициялар | |
1830 03 | Сатып алу-сатудан кіріс; |
2) мәміле сомасы мен активтердің бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны арасында теріс айырма туындаған кезде:
Дт | 1800 01 | Ақша | |
1840 03 | Сатып алу-сатудан шығыс | ||
Кт | 1800 05 | Капиталға инвестициялар. |
28-тарау. Инвестициялық басқарудағы ақшаны негізгі құрал-жабдықтарға және материалдық емес активтерге орналастыру
200. Инвестициялық басқарудағы ақшаны негізгі құрал-жабдықтарға және материалдық емес активтерге орналастырған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт | 1800 06 | Материалдық емес активтер | |
1800 07 | Негізгі құрал-жабдықтар | ||
Кт | 1800 01 | Ақша. |
201. Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді әділ құны бойынша қайта бағалау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердің әділ құны олардың бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құнынан асып кеткен кезде:
Дт | 1800 06 | Материалдық емес активтер | |
1800 07 | Негізгі құрал-жабдықтар | ||
Кт | 1830 04 | Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан кіріс; |
2) негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердің бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны олардың әділ құнынан асып кеткен кезде:
Дт | 1840 04 | Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан шығыс | |
Кт | 1800 06 | Материалдық емес активтер | |
1800 07 | Негізгі құрал-жабдықтар. |
202. Негізгі құрал-жабдықтарды және материалдық емес активтерді сатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) мәміле сомасы мен активтердің бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны арасында оң айырма туындаған кезде:
Дт | 1800 01 | Ақша | |
Кт | 1800 06 | Материалдық емес активтер | |
1800 07 | Негізгі құрал-жабдықтар | ||
1830 03 | Сатып алу-сатудан кіріс; |
2) мәміле сомасы мен активтердің бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құны арасында теріс айырма туындаған кезде:
Дт | 1800 01 | Ақша | |
1840 03 | Сатып алу-сатудан шығыс | ||
Кт | 1800 06 | Материалдық емес активтер | |
1800 07 | Негізгі құрал-жабдықтар. |
29-тарау. Инвестициялық басқарудан алынған активтерді есепке алу
203. Клиент инвестициялық басқарудағы активтердің бір бөлігін шығарып алған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт | 1840 01 | Клиенттің активтерін алу | |
Кт | 1800 01 | Ақша | |
1800 02 | Аффинирленген бағалы металдар | ||
1800 03 | Бағалы қағаздар | ||
1800 04 | Орналастырылған салымдар | ||
1800 05 | Капиталға инвестициялар | ||
1800 06 | Материалдық емес активтер | ||
1800 07 | Негізгі құрал-жабдықтар | ||
1800 08 | Басқа да активтер | ||
1800 09 | Алуға арналған шоттар | ||
1800 10 | Дивидендтер | ||
1800 11 | Сыйақы | ||
1800 12 | Басқа да талаптар. |
204. Есепті кезеңнің соңында клиенттің активтерін инвестициялық басқарудың тиімділігіне талдау жүргізу мақсатында мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асыру арқылы есепті кезең үшін түпкілікті қаржы нәтижесін қалыптастыру бойынша ақпарат жинақтау жүргізіледі:
клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген кіріс сомасына:
Дт | 1830 01 | Клиенттерден активтердің түсуі | |
1830 02 | Сыйақы (дивидендтер) түріндегі кіріс | ||
1830 03 | Сатып алу-сатудан кіріс | ||
1830 04 | Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан кіріс | ||
1830 05 | Бағамдық айырма бойынша кіріс | ||
1830 08 | Басқа да кіріс | ||
Кт | 1810 01 | Капитал; |
және бірмезгілде клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген шығыс сомасына:
Дт | 1810 01 | Капитал | |
Кт | 1840 02 | Комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыс | |
1840 03 | Сатып алу-сатудан шығыс | ||
1840 04 | Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан шығыс | ||
1840 05 | Бағамдық айырма бойынша шығыс | ||
1840 08 | Басқа да шығыс. |
205. Клиенттің активтерін инвестициялық басқаруға арналған шарттың қолданылу мерзімінің соңында ұйым клиенттің шоты бойынша барлық қолда бар активтерді қайтарады. Бұл ретте қолда бар активтер бойынша мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген кіріс сомасына:
Дт | 1830 01 | Клиенттерден активтердің түсуі | |
1830 02 | Сыйақы (дивиденд) түріндегі кіріс | ||
1830 03 | Сатып алу-сатудан кіріс | ||
1830 04 | Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан кіріс | ||
1830 05 | Бағамдық айырма бойынша кіріс | ||
1830 08 | Басқа да кіріс | ||
Кт | 1810 01 | Капитал; |
және бірмезгілде клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген шығыс сомасына:
Дт | 1810 01 | Капитал | |
Кт | 1840 02 | Комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыс | |
1840 03 | Сатып алу-сатудан шығыс | ||
1840 04 | Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан шығыс | ||
1840 05 | Бағамдық айырма бойынша шығыс | ||
1840 08 | Басқа да шығыс; |
2) клиент бойынша міндеттемелер шоттары бойынша қалдық сомасына:
Дт | 1820 01 | Төлеуге арналған шоттар | |
1820 02 | Басқа да міндеттемелер | ||
Кт | 1840 01 | Клиенттің активтерін алу |
3) клиент бойынша активтер шоттары бойынша қалдық сомасына:
Дт | 1840 01 | Клиенттің активтерін алу | |
Кт | 1800 01 | Ақша | |
1800 02 | Аффинирленген бағалы металдар | ||
1800 03 | Бағалы қағаздар | ||
1800 04 | Орналастырылған салымдар | ||
1800 05 | Капиталға инвестициялар | ||
1800 06 | Материалдық емес активтер | ||
1800 07 | Негізгі құрал-жабдықтар | ||
1800 08 | Басқа да активтер | ||
1800 09 | Алуға арналған шоттар | ||
1800 10 | Дивидендтер | ||
1800 11 | Сыйақы | ||
1800 12 | Басқа да талаптар; |
4) капитал шоты бойынша қалдық сомасына:
Дт | 1810 01 | Капитал | |
Кт | 1840 01 | Клиенттің активтерін алу. |
30-тарау. Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша қабылданған активтерді есепке алу
206. "Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу" 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 137 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9735 болып тіркелген) бекітілген "Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу" 33 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес актив ретінде тану өлшемшарттарына жауап беретін ақшаны брокер брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша клиенттен қабылдаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) баланстық шоттарда:
Дт | 1030 | Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат | |
Кт | 3390 81 | Брокердің клиент алдындағы міндеттемелері; |
2) брокер активтерді клиенттің ақшасына сатып алған кезде:
Дт | 3390 81 | Брокердің клиент алдындағы міндеттемелері | |
Кт | 1030 | Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат. |
Клиенттен қабылданатын ақшаның "Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу" 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 137 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9735 болып тіркелген) бекітілген "Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу" 33 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес актив ретінде тану критерийлеріне сәйкестігі туралы шешім брокердің ішкі құжаттарына сәйкес қабылданады.
207. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокер клиенттен ақшаны алған кезде, сондай-ақ клиент үшін активтерді сатып алған кезде баланстан тыс есепте мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:
Кіріс | 8970 | "Депо" шоттары. |
208. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізуге құқығы бар брокер клиенттен алынған ақша шығынға жазылған кезде, сондай-ақ клиент үшін активтер сатылған кезде баланстан тыс есепте мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:
Шығыс | 8970 | "Депо" шоттары.". |
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бухгалтерлік есеп департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы 2025 жылғы 19 наурыздағы № 17 Қаулыға қосымша |
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Инвестициялық портфельді басқарушылардың, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және сақтандырушының инвестицияларына сақтанушының қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарттарын жасасатын сақтандыру ұйымдарының және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және сақтандырушының инвестицияларына сақтанушының қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарттарын жасасатын Қазақстан Республикасы бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6090 болып тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 107 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7225 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқарушылардың және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 164 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9785 болып тіркелген).
4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының бухгалтерлік есебі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 194 қаулысымен бекітілген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының бухгалтерлік есебі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8701 болып тіркелген).
5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 185 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулылары тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17439 болып тіркелген).
6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бухгалтерлік есеп жүргізу және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қазандағы № 171 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулылары тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19506 болып тіркелген).
7. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 22 қарашадағы № 100 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулылары тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25548 болып тіркелген).
8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 122 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулылары тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31303 болып тіркелген).