Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқарушылардың және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 164 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 9 қазанда № 9785 тіркелді

      2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, инвестициялық портфельді басқарушылар және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін операциялардың бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқарушылардың және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6090 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушылардың және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Ұйым активтерді инвестициялық басқару туралы шартқа сәйкес қабылданған активтер сомасына инвестициялық басқаруға алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1800 01

Ақша


1800 02

Тазартылған қымбат металдар


1800 03

Бағалы қағаздар


1800 04

Орналастырылған салымдар


1800 05

Капиталға инвестициялар


1800 06

Материалдық емес активтер


1800 07

Негізгі құрал-жабдықтар


1800 08

Басқа да активтер


1800 09

Алуға арналған шоттар


1800 10

Дивидендтер


1800 11

Сыйақы


1800 12

Басқа да талаптар

Кт

1830 01

Клиенттен активтердің түсуі.»;


      5-тармақ алынып тасталсын;
      36-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. Тиісті келісімдерде белгіленген комиссиялық сыйақылар ұйымның кірістері деп танылады. Бұл кірістер ұйымның жеке бухгалтерлік есебінде және жеке қаржылық есептілігінде тиісті баланстық шоттарда көрсетіледі. Бұл ретте мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:»;
      3738 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы» 2014 жылғы 16 шілдедегі № 137 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9735 тіркелген) бекітілген «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес актив ретінде тану критерийлеріне жауап беретін ақшаны брокер брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бойынша клиенттен қабылдаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) баланстық шоттарда:
 
 

Дт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты

Кт

3390 81

Брокердің клиент алдындағы міндеттемелері;


      2) брокер активтерді клиенттің ақшасына сатып алған кезде:
 
 

Дт

3390 81

Брокердің клиент алдындағы міндеттемелері

Кт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.


      Клиенттен қабылданатын ақшаның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы» 2014 жылғы 16 шілдедегі № 137 қаулысымен бекітілген «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес актив ретінде тану критерийлеріне сәйкестігі туралы шешім брокердің ішкі құжаттарына сәйкес қабылданады.
      38. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокер клиенттен ақшаны алған кезде, сондай-ақ клиент үшін активтерді сатып алған кезде баланстан тыс есепте мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:

Кіріс

8970

«Депо» шоттары.

      39. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокер клиенттен алынған ақша шегерімге жатқызған кезде, сондай-ақ клиент үшін активтерді сатқан кезде баланстан тыс есепте мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:

Шығыс

8970

«Депо» шоттары.».

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қ. Келімбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады