БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №11-1-4/590 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26282 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Әкімдік өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға сәйкестігін, сондай-ақ келесі ақпаратқа сәйкестігін қарайды:
1) жоба "Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлері бойынша жүзеге асырылады;
2) өтініш берушінің жобаға инвестициялау үшін жоспарлаған қаражатының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтініш берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде жүз елу мың еселенген мөлшерін құрайды;
3) сұралып отырған жер учаскесі кадастрлық құнының ең жоғары мөлшері өтініш берушінің жобаға жүзеге асыруы көзделетін инвестициялар көлемінің 20 (жиырма) пайызынан аспайды;
4) сұралып отырған жер учаскесіне жылжымайтын мүлікке заңдық талаптар мен құқық ауыртпалықтарының болмауы;
5) сұралып отырған жер учаскесі санатының жобаның бизнес-жоспарында көрсетілген нысаналы мақсатқа сәйкестігі;
6) берілетін жер учаскесі мемлекеттік меншікте болады және оны беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келеді.
Өтініш пен оған қоса берілген құжаттар осы Қағидаларға сәйкес келген кезде әкімдік оларды жер учаскесін беруді келісу үшін өңірлік үйлестіру кеңесіне жібереді.
Өтініш және оған қоса берілген құжаттар осы Қағидаларға сәйкес келмеген жағдайда, әкімдік өтініш берушіге өтініш қандай талаптарға сай келмейтінін көрсетеді және оны талаптарға сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзімді белгілейді.
Егер өтініш иесі оны әкімдік белгілеген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтірмесе, әкімдік өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қайтарады.
Өтінішті қайтару қайта жүгінуге кедергі келтірмейді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысы болған жағдайда әкімдік оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге осы шешімнің көшірмесін жібере отырып, мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау туралы шешім қабылдайды.
Өңірлік үйлестіру кеңесінің теріс қорытындысы болған жағдайда әкімдік оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен беру үшін инвестициялық жобаны айқындаудан бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні мен орны, тәсілі туралы хабарлайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша әкімдік тыңдау хаттамасын және осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі – қайта қарау үшін материалдар) Өңірлік үйлестіру кеңесіне қайта қарауға жібереді.
Өңірлік үйлестіру кеңесі қайта қарау үшін материалдарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және әкімдікке оң немесе теріс қорытынды жібереді.
Әкімдік Өңірлік үйлестіру кеңесінің қорытындысын алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге осы шешімнің көшірмесін жібере отырып, мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін инвестициялық жобаны айқындау туралы шешім қабылдайды немесе өтініш берушіге дәлелді жазбаша бас тартуды жібере отырып, мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін инвестициялық жобаны айқындаудан бас тартады.".
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы |
А. Рахметуллин |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі