"Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 4 сәуірде № 35938 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервіне операция жасау, орнын ауыстыру, пайдалану, материалдық құндылықтарды толықтыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9508 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервіне операция жасау, орнын ауыстыру, пайдалану, материалдық құндылықтарды толықтыру қағидаларында:

      3-тараудың 15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жедел резервтегі материалдық құндылықтар азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу саласында басшылықты жүзеге асыратын ведомство басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімі негізінде, сақтау мерзімі, жарамдылық мерзімі аяқталған және (немесе) тозуына байланысты, сондай-ақ оларды ұзақ сақтау мерзімі бар ұқсас материалдық құндылықтармен бір мезгілде алмастыру арқылы жаңартылады.

      Бұл ретте жаңартылған жедел резервтегі материалдық құндылықтар азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары мен әскери бөлімдерінің бөлімшелеріне (қызметтеріне) қызметтік қызметте пайдалану үшін беріледі.";

      3-тараудың 18-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Жедел резервтегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 250-бабына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының "Қорларды есепке алу тәртібі" 8-тарауына сәйкес жүзеге асырылады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 тіркелген).

      Сақтау мерзімі мен жарамдылық мерзімі аяқталған сайын, жедел резервтегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жарамдылық мерзімінің қалдығын ескере отырып, "Апаттар медицинасы орталығы" ММ филиалдарының медициналық бригадаларының күнделікті қызметінде пайдалану үшін беріледі:

      негізгі жарамдылық мерзімі 2 (екі) жылдан кем болған жағдайда – жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) ай бұрын беріледі;

      негізгі жарамдылық мерзімі 2 (екі) жыл және одан көп болған жағдайда – жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын беріледі.

      Бұл ретте дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жедел резервті ұзақ жарамдылық мерзімі бар ұқсас дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен бір мезгілде толықтырусыз алынбайды."

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 16 мая 2014 года № 225 "Об утверждении Правил оперирования, перемещения, использования, пополнения материальных ценностей оперативного резерва уполномоченного органа в сфере гражданской защиты"

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 3 апреля 2025 года № 119. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 апреля 2025 года № 35938

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 16 мая 2014 года № 225 "Об утверждении Правил оперирования, перемещения, использования, пополнения материальных ценностей оперативного резерва уполномоченного органа в сфере гражданской защиты" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9508) следующие изменения:

      в Правилах оперирования, перемещения, использования, пополнения материальных ценностей оперативного резерва уполномоченного органа в сфере гражданской защиты, утвержденных указанным приказом:

      пункт 15 Главы 3 изложить в следующей редакции:

      "15. Материальные ценности оперативного резерва освежаются на основании решения руководителя ведомства, осуществляющего руководство в области организации и ведения мероприятий гражданской обороны или лица, исполняющего его обязанности, по истечении сроков хранения, годности и (или) при наступлении износа, с одновременной заменой на аналогичные материальные ценности с более длительным сроком хранения.

      При этом выпущенные материальные ценности оперативного резерва в порядке освежения передаются в подразделения (службы) воинских частей и территориальных органов уполномоченного органа в сфере гражданской защиты для эксплуатации их в служебной деятельности.";

      пункт 18 Главы 3 изложить в следующей редакции:

      "18. Хранение лекарственных средств и медицинских изделий оперативного резерва осуществляется в соответствии со статьей 250 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" и главой 8 "Порядок учета запасов" Правил ведения бухгалтерского учета в государственных учреждениях, утвержденных приказом Министра финансов Республики Казахстан от 3 августа 2010 года № 393 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6443).

      По мере истечения сроков хранения и годности лекарственные средства и медицинские изделия, находящиеся в оперативном резерве, передаются для использования в повседневной деятельности медицинских бригад филиалов ГУ "Центр медицины катастроф" с учетом остаточного срока годности:

      если основной срок годности составляет менее 2 (двух) лет – передача осуществляется не менее чем за 3 (три) месяца до истечения срока годности;

      если основной срок годности составляет 2 (два) года и более – передача осуществляется не менее чем за 6 (шесть) месяцев до истечения срока годности.

      При этом лекарственные средства и медицинские изделия не изымаются без одновременного пополнения оперативного резерва аналогичными лекарственными средствами и медицинскими изделиями с более длительным сроком годности.".

      2. Комитету по гражданской обороне и воинским частям Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Министр по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
Ч. Аринов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан