ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрық 10.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Тауар биржасы үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 16 және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 2 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26983 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бірлескен бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауар биржалары, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер, сондай-ақ тауар биржаларының клирингтік орталықтары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы";
жоғарыда көрсетілген бірлескен бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Тауар биржалары, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер, сондай-ақ тауар биржаларының клирингтік орталықтары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.";
Тауар биржасы үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауар биржалары, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер, сондай-ақ тауар биржаларының клирингтік орталықтары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Тауар биржалары, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер, сондай-ақ тауар биржаларының клирингтік орталықтары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасы "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 11-бабының 3-2-тармағына және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленді.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Талаптарда Қаржы мониторингінің субъектілеріне тауар биржалары, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер, сондай-ақ тауар биржаларының клирингтік орталықтары (бұдан әрі – Субъектілер) жатады.";
6-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Ішкі бақылау ережелері – қаржылық мониторинг субъектісінің жоғары басшылығы бекітеді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. ІБҚ КЖ/ТҚҚ Заңның 11-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленеді.";
11-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қаржылық мониторингке жататын және уәкілетті органға жолданатын операциялар туралы мәліметтерді құжаттамалық тіркеу;";
11-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"15) барлық құжаттар мен мәліметтерді, оның ішінде біржолғы операциялар бойынша, сондай-ақ клиенттің (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесінің досьесін және онымен хат алмасуды қоса алғанда, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған мәліметтер клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап немесе біржолғы мәміле жасалған күннен кейін кемінде бес жыл, оларды сотта дәлелдеме ретінде пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, олар уәкілетті органға, сондай-ақ өздерінің құзыретіне сәйкес өзге де мемлекеттік органдарға уақтылы қолжетімді болуы үшін сақтау;";
11-тармағы мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) заңды тұлға басшысының реттеуші және міндеттеуші өкілеттіктері туралы ақпаратты тіркеу.";
17-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) клиенттердің тәуекелдері деңгейлерін қарауға арналған беру тәртібі, мерзімдері мен негіздері;";
17-тармағы мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) жеке КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ схемалары мен әдістерін әзірлеу;
6) КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің жеке сценарийлері мен өлшемшарттарын әзірлеу.";
17-тармағының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тәуекелдерді бағалау нәтижелері және оларды барынша азайту жоспары уәкілетті органға жыл сайын бөлінген байланыс арнасы арқылы, сондай-ақ реттеуші мемлекеттік органдарға, Субъектілер мүшелері болып табылатын Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдарына ұсынылады.".
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрық 2025 жылғы 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының міндетін атқарушы |
Р. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасы |
Ж. Элиманов |