ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) "Жылу энергиясын жіберуді және жеткізгішін есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 207 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10862 болып тіркелген);
2) "Жылу энергиясын жіберуді және жеткізгішін есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 207 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 388 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14279 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі