БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әуежайдың (әуеайлақтың) аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 501 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21333 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайдың (әуеайлақтың) аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әуежай қызметіне жатпайтын әуежай (әуеайлақ) аумағында қызметтер көрсетуге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы конкурс өткізеді. Әуежайдың бақыланатын аймағында қызмет көрсетуге қолжетімділік авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
Конкурсты әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы ашық тәсілмен өткізеді, оған дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы отандық кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілі кәсіпкерлік қызметтік жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға қатысуға жіберіледі.
Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы Отандық кәсіпкерлік субъектілері үшін әуежайдың бақыланатын аймағында және халықаралық және ішкі терминалдардағы жалпы қолжетімділік аймағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтерді ұсыну үшін алаңның кемінде 50 (елу) пайызын айқындайды.
5. Конкурсты әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы мынадай қағидаттарды сақтай отырып өткізеді:
1) конкурсты өткізудің ашықтығы мен жариялылығы;
2) конкурсқа қатысушылардың барлығына конкурсқа қатысу үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
3) конкурсқа қатысушылар арасындағы адал бәсекелестік;
4) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілерге қолдау көрсету.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі