"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
Н. Нуржигитов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 65-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті (бұдан әрі – Үлгілік регламент) тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтеріне сапалы және тең қол жеткізуді қамтамасыз етуде бақылауды күшейту мақсатында әзірленді (бұдан әрі – Реттелетін қызметтер).
2. Осы Үлгілік регламентте мынадай ұғым пайдаланылады:
объектiнiң техникалық күрделiлiгi – объектiнiң функционалдық қызметiне, оның тiрек және қоршау конструкцияларының ерекшелiктерiне, қабаттар (конструкциялық қатарлар) санына, сейсмикалық қауiптiлiгiне немесе салынатын жерiнiң (ауданының) өзге де айрықша геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық жағдайларына қарай мемлекеттiк және (немесе) мемлекетаралық (халықаралық) нормативтермен белгiленетiн, табандары мен конструкцияларының сенiмдiлiгi мен берiктiгiне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесi бойынша құрылыс объектiсiнiң жауапкершiлiк деңгейi, олар:
жауапкершiлiктiң бiрiншi деңгейi – күшейтiлген;
жауапкершiлiктiң екiншi деңгейi – қалыпты;
жауапкершiлiктiң үшiншi деңгейi – төмен болып бөлiнедi;
объектінің техникалық күрделілігінің төмендігі – бұл үшінші (төмендетілген) жауапкершілік деңгейіне жатқызылатын ғимараттар, құрылысжайлар және инженерлік желілер, олардың беріктік пен сенімділік талаптары минималды, күрделі негізгі конструкциялары жоқ, сондай-ақ адамдардың қауіпсіздігі мен қоршаған орта үшін айтарлықтай қауіп тудырмайды.
уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Осы Үлгілік регламентте пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
3. Осы Үлгілік регламент реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылармен жұмыс істеу тәртібін айқындайтын құжат болып табылады.
4. Тұтынушылармен өзара іс-қимыл кезінде табиғи монополия субъектісінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтайды.
2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсету
1-параграф. Техникалық шарттар беру
5. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қосылуға техникалық шарттар беру Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес айқындалады.
6. Обьектілерді желілерге қосуға техникалық шарттарды беру үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) жеке тұлғалар үшін – иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, заңды тұлғалар үшін – жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама;
2) тіркелген құқықтар немесе құқық белгілейтін құжаттар туралы анықтаманың көшірмесі;
3) ұйымның бірінші басшысын қоспағанда (заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін) жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, шарт жасасуға уәкілетті тұлғаға құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, адамның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі;
4) банк деректемелері (банктің атауы, ағымдағы шоттың №);
5) су қызметтерін өндірістік тұтыну кезінде мәлімделген көлемдер бойынша негіздеме;
6) шлюздің, су торабының есепке алу тораптарының және/немесе су бөлу нүктесінің (гидропост) немесе арнаның теңгерімдік тиесілілік шекарасының алдында бұру басында орнатылған сипаттамасы;
7) 1: 500 масштабтағы құрылыс учаскесін топографиялық түсіру (барлық жерүсті және жерасты коммуникациялары мен құрылысжайларымен).
7. Өтінішті қабылдау өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіле отырып, табиғи монополия субъектісінің кеңсесінде тіркелумен (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) расталады.
8. Табиғи монополия субъектісі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленеді және тігіледі. Көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін тіркеу журналында өтінімнің келіп түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі тіркеледі.
9. Тұтынушылардың өтініштерін қабылдау және қызметтер көрсету нәтижелерін беру табиғи монополия субъектісінің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күндері жүзеге асырылады.
10. Табиғи монополия субъектісі техникалық шарттарды беру бойынша қызметтер үшін ақы алмайды.
11. Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру табиғи монополия субьектісінің кеңсесі немесе шарттық бөлімі арқылы "жалғыз терезе" қағидаты бойынша жүзеге асылады, абоненттік (шарттық) бөлімдердің мекенжайлары мен олардың жұмыс тәртібі көрсетіле береді.
12. Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтініш:
1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады.
Өтінішті қарау қорытындысы бойынша табиғи монополия субъектісі:
1) техникалық шарттарды береді;
2) техникалық шарттарды беруден бас тартады.
13. Бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде өтініш берушіге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беріледі, бұл туралы өтініш берушіге алдын ала, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.
14. Техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда табиғи монополия субъектісі:
1) техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге уәжді негіздемені қоса береді;
2) уәкілетті органға техникалық шарттар беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін және бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттерінің тапшылығы немесе табиғи монополия субъектісі желілерінің немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажет өзге де мүліктің жоқ екені есептелген уәжді негіздеме жібереді.
2-параграф. Тұтынушылармен шарт
15. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету Заңның 8-бабы 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарына (бұдан әрі – Шарттар) және Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес табиғи монополия субъектісі және тұтынушы арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.
16. Шарт жасасу үшін құжаттарды абоненттік (шарттық) бөлімдердің мекенжайлары және олардың жұмыс режимі көрсетілген "бір терезе" қағидаты бойынша табиғи монополия субъектісінің кеңсесі немесе шарттық бөлімі қабылдайды.
17. Заңды тұлғалармен шарт жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) құжаттарды ұсынған кезде тұтынушы толтыратын шарт жасасуға еркін түрдегі өтініш;
2) тұтынушының тұтынатын қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты және бұрын қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмейтін объектіні қосуға, бұрын қосылмаған объектіні желілерге қосуға, сыртқы жабдықтау схемасын өзгертуге арналған техникалық шарттар;
3) желілердің теңгерімдік тиесілілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін шектеу актісі – көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);
4) құқық белгілейтін құжаттар – көшірмелер (түпнұсқалар салыстыру үшін):
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы құжат немесе объектіге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, жалға алу, жалдау, өтеусіз пайдалану, несие, мүлікті сенімгерлік басқару шарты);
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың (куәліктің) немесе дара кәсіпкер куәлігінің көшірмесі;
қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік немесе кәсіпорынның салық төлеуші болып табылмайтындығы және салықтық есепте тұрмайтындығы туралы куәлігі;
басшыны тағайындау (лауазымға кірісу) туралы бұйрықтың көшірмесі;
меншік иесінің немесе меншік иесі өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және сенімхат;
кәсіпорынның жарғысы немесе соңғы жылы Жарғыға өзгерістер енгізілмегені туралы анықтама;
банк деректемелері.
Жеке тұлғалармен Шарт жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) құжаттарды ұсынған кезде тұтынушы толтыратын шарт жасасуға еркін түрдегі өтініш;
2) тұтынушының тұтынатын қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты және бұрын қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмейтін объектіні қосуға, бұрын қосылмаған объектіні желілерге қосуға, сыртқы жабдықтау схемасын өзгертуге арналған техникалық шарттар;
3) желілердің теңгерімдік тиесілілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін шектеу актісі – көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);
4) құқық белгілейтін құжаттар – көшірмелер (түпнұсқалар салыстыру үшін);
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы құжат немесе объектіге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, жалға алу, жалдау, өтеусіз пайдалану, несие, мүлікті сенімгерлік басқару шарты);
жеке деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісімімен меншік иесінің (меншік иелерінің) жеке басын куәландыратын құжат;
жер актісі – көшірме (түпнұсқа салыстыру үшін).
18. Тұтынушы шарт жасасу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, табиғи монополия субъектісі оларды осы Үлгілік регламенттің 16-тармағына сәйкес жетіспейтін ақпараттың жоқтығын түсіндіре отырып, қайтарады.
19. Шарт жасасу үшін құжаттар қабылданған жағдайда табиғи монополия субъектісі Үлгілік шарт негізінде тұтынушылардың санына сәйкес данада тұтынушымен шарт жобасын толтырады.
Келісілген шарт жобасын табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қою үшін іс жүргізу қызметі немесе шарттық бөлімінің қызметкері дайындайды.
Табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қойған барлық шарттар ұйымның мөрімен расталады және шартқа тиісті нөмір беріле отырып, тіркеу үшін іс жүргізу қызметіне немесе шарттық бөлімге беріледі.
20. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың шарттарын тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленеді және тігіледі.
3-параграф. Есептеу аспаптары
21. Көрсетілетін қызметтерді тұтынуды есептеу үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 929 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18079 болып тіркелген) Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен өлшем құралдарын бастапқы немесе мерзімдік салыстырып тексеру туралы құжаттары бар типтері Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген коммерциялық есепке алудың қажетті аспаптарымен қамтамасыз етіледі.
22. Табиғи монополия субъектісі Заңның 26-бабы 2-тармағының 30) тармақшасына сәйкес құрылыс объектілерін қабылдау және пайдалануға енгізу жағдайларын қоспағанда, Заңның 23-бабы 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес тұтынушыға есепке алу құралын иеленеді және орнатады.
23. Есепке алу аспаптарын орнатуға қойылатын талаптар және олардың техникалық жай-күйі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 621 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12111 болып тіркелген) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
24. Есепке алу құралын не өлшеу құралын күтіп ұстау, техникалық қызмет көрсету және салыстырып тексеру жөніндегі қызметтер пайдалану жауапкершілігі бөлімінің шекарасына немесе баланстық бөлімнің шекарасына сәйкес жүзеге асырылады.
25. Есепке алу аспаптарын не өлшеу аспаптарын мерзімді салыстырып тексеруді, жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді осы қызмет түріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйымдар тұтынушымен жасалған жеке шарт бойынша жүзеге асырады. Тұтынушы есепке алу аспаптарын не өлшеу аспаптарын салыстырып тексеру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мамандандырылған ұйымды дербес таңдайды.
26. Кезектен тыс салыстырып тексеру мынадай:
аралық салыстырып тексеру интервалының аяқталған;
өлшеу құралдарының пайдалануға жарамдылығын растау қажет;
салыстырып тексеру штампының, өздігінен жабысатын жапсырманың, пластикалық пломбаның ізі зақымданған немесе өлшем құралдарының бастапқы немесе мерзімдік тексеруден өткенін растайтын құжат жоғалған, бастапқы және мерзімді тексерген, оның ішінде оларды сақтау кезінде;
өлшеу құралдарын немесе құрамында өлшем құралдары бар бұйымдарды сақтауға қойылатын талаптарға байланысты мерзімдік тексеру жүргізу мүмкін болмаған өлшем құралдарын сақтағаннан кейін пайдалануға берген;
өлшеу құралдарын, сондай-ақ, өлшеу құралдары қолданылатын бұйымдарды қайта консервациялаған жағдайларда не өлшеу аспаптарын салыстырып тексеру өлшеу аспаптарын пайдалану кезінде жүргізіледі.
Қосымша тексерулер (инспекторлық және эксперттік) талап етуші тараптың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
27. Тұтынушының есепке алу аспаптарын не өлшеу аспаптарын пайдалануға рұқсат беруді және есепке алуды тұтынушы өкілінің қатысуымен табиғи монополия субъектісінің өкілі жүзеге асырады, ол туралы екі данада тиісті акт жасалады, оның біреуін тұтынушы, ал екіншісін табиғи монополия субъектісі алады.