"Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 164-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 23 сәуірде № 36011 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10849 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру тәртібі";

      16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. Магистральдық құбырларды күзету кезінде қорғау, патрульдеу тәсілдерімен, техникалық құралдарды пайдалану арқылы объектілерді күзету кезінде күзет күштерінің мынадай нормативтері белгіленеді:

      1) күзету тәсілімен объектілерді күзету кезінде:

      персонал мен келушілерді өткізуге және тексеруге арналған БӨП – БӨП-те кіруді басқарудың автоматтандырылған бақылау жүйелері болмаған кезде (рұқсат қағаздарын қолмен тексеру тәсілінде) бір күзетшінің сағатына 50-ге дейін жеке тұлғаларды өткізуі және кіруді басқарудың автоматтандырылған бақылау жүйелері болған кезде сағатына 100-ге дейін жеке тұлғаларды өткізуі есебімен әр БӨП-қа тәуліктік бір стационарлық күзет бекеті;

      көлік құралдарын тексеруге және өткізуге арналған БӨП - қозғалыс қарқындылығы бір БӨП арқылы сағатына 10-нан 20-ға дейінгі бірліктегі көлік құралдарының өтуі кезінде әр көліктің кіруіне арналған тәуліктік бір стационарлық күзет бекеті;

      жеке тұлғалар мен көлік құралдарын өткізуге және тексеруге арналған БӨП (құрамдастырылған үлгідегі) - әр БӨП-ке арналған тәуліктік екі стационарлық күзет бекеті. Құрамдастырылған үлгідегі БӨП күзетілетін объектінің дербес ерекшеліктерін, нақты қауіптер мен әрбір жеке объектіге қатысты жасалған құқыққа қайшы және өзге де әрекеттер санын талдауды ескере отырып енгізіледі;

      теміржол көлігін өткізуге арналған БӨП - әр БӨП-ке арналған тәуліктік екі стационарлық күзет бекеті. Теміржол көлігін өткізуге арналған БӨП күзетілетін объектінің дербес ерекшеліктерін, нақты қауіптер мен әрбір жеке объектіге қатысты жасалған құқыққа қайшы және өзге де әрекеттер санын талдауды ескере отырып енгізіледі;

      ашық алаңдағы немесе қоршалған аумақтағы оқшауланған объект не бірнеше объектілер - кіреберісте немесе ұзындығы 100 метрге дейін қозғалыс бағытында тәуліктік бір стационарлық күзет бекеті;

      оқшауланған, қоршаумен жабдықталған бір немесе бірнеше объектілердің аумағы - ұзындығы 100 метрден артық, бірақ 300 метрден аспайтын қозғалыс бағытындағы тәуліктік бір айналма күзет бекеті;

      Қысқа оқпанды қызметтік қарумен немесе зақымдау әрекеті бар оқтарымен оқпансыз қызметтік қарумен қаруландырылған күзетшінің міндеттерін орындау кезінде ұзындығы 250 метрге дейінгі қозғалыс маршрутында тәуліктік бір айналма күзет бекеті қойылады.

      Бекеттік бақылау мінбелерінен бақылау арқылы объектіні күзету және қорғау бойынша күзетшінің міндеттерін орындау кезінде тәуліктік бір стационарлық бекет немесе төңіректегі учаскенің периметрі бойынша бекет 400 метрге дейін (орманда - 250 метрге дейін, суда - 300 метрге дейін) белгіленеді.

      Күзеттің сенімділігін арттыру үшін тәуліктік әрбір бес күзет бекетіне тәуліктік бір сақтандыру бекеті есебімен сақтандыру бекеттері енгізіледі. Күзетілетін объектінің дербес ерекшеліктерін, нақты қауіптер мен оған қатысты жасалған құқыққа қайшы және өзге де әрекеттер санын талдауды ескере отырып, бір кинологиялық бекетке төрт қызметтік итті қою есебінен кинологиялық күзет бекеттерін пайдалануға болады.

      2) патрульдеу тәсілімен объектілерді күзету кезінде:

      жұмылдыру тобының экипажына бір мезгілде саны үштен аспайтын күзет жұмыскері шығарылады.

      Магистральдық құбырларда құқыққа қайшы қол сұғушылықтарға жедел ден қою үшін күзетілетін объектіге жетудің қажетті есепті уақытын ескере отырып жедел ден қою топтарын пайдалануға болады. Жедел ден қою тобының экипажына бір мезгілде үш күзет жұмыскері шығарылады.

      Сақтандыру іс-шараларын ұйымдастыру үшін үш жұмылдыру тобына тәуліктік бір сақтандыру бекеті есебімен сақтандыру бекеттері енгізіледі.

      Магистральдық құбырлардың желілік бөлігінің объектілерінде күзеттің сенімділігін арттыру үшін бір кинологиялық бекетке төрт қызметтік итті қою есебінен кинологиялық күзет бекеттерін пайдалануға болады. Кинологиялық бекеттер саны күзетілетін объектінің дербес ерекшеліктерін, нақты қауіптер мен әрбір жеке объектіге қатысты жасалған құқыққа қайшы және өзге де әрекеттер санын талдауды ескере отырып белгіленеді.

      3) техникалық құралдарды пайдаланып күзету кезінде:

      техникалық күзет пульті - тәуліктік бір техникалық күзет бекеті; бейнемониторинг пульті - күзетілетін объектіде 30 бейнекамераға дейінгі жүктеме кезінде тәуліктік бір техникалық күзет бекеті;

      қоршаумен және техникалық күзет құралдарымен жабдықталған объектінің периметрі - ұзындығы 1000 метрге дейінгі учаскеге тәуліктік бір техникалық бекет;

      күзетілетін объектілерден техникалық күзет құралдары іске қосылған кездегі іс-қимылдар үшін - техникалық күзет құралдарымен жабдықталған әр 30 ғимарат пен үй-жайлар үшін тәуліктік бір техникалық бекет.";

      18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. Бұзушылардың рұқсатсыз басып кіруін анықтау үшін құбырдың қасақана зақымдануы немесе бұзылуы тіркелген магистральдық құбырдың желілік бөлігінің учаскелері, магистральдық құбырлардың иелері белгіленген іс-қимыл жасау регламентіне сәйкес күзет қызметі субъектісінің кезекші қызметін хабарландыру арқылы құбырлар мониторингінің тиісті автоматтандырылған жұмыс орнына ақпараттық сигналдарды беруге тиісті құбырларды күзету жүйесімен немесе ағатын жерлерді табу жүйесімен жабдықталады.

      Бұзушылардың заңсыз кіруін анықтау үшін магистральдық құбырлардың күзетілетін объектілері архивтік деректерді ұзақ сақтау шартымен, бақылауды басқару жүйесіне қол жеткізуді қоса алғанда, күзет-периметрлік дабыл беру және бейнебақылау біріктірілген жүйелерімен жабдықталады. Магистральдық құбырлардың иелері белгіленген іс-қимыл жасау регламентіне сәйкес күзет қызметінің субъектісі көрсетілген жүйенің тиісті автоматтандырылған жұмыс орнын пайдалана отырып объектіні күзетуді жүзеге асырады. Жекелеген учаскелердің (жергілікті объектілердің) КИТҚ кешенінің құрамына күзетілетін объекті аумағына кіруге әрекет ету туралы қатты дауыстап хабарлау және бұзушыға психологиялық әсер ету үшін күшті динамиктер мен сиреналар кіреді.

      Магистральдық құбырдың меншік иесі (операторы) тарапынан күзет қызметі субъектісінің іс-қимылын бақылау жүйелері қосымша пайдаланылады. Күзет қызметі субъектісінің іс-қимылын бақылау жүйесі архивтік деректердің ұзақ мерзімді сақталуы және тиісті есептерді қалыптастыра отырып жинақталған деректерге талдау жүргізу мүмкіндігімен аппараттық және бағдарламалық жасақтаманы қамтиды.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 22 января 2015 года № 32 "Об утверждении Правил организации охраны магистральных трубопроводов"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 22 апреля 2025 года № 164-н/қ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 апреля 2025 года № 36011

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 22 января 2015 года № 32 "Об утверждении Правил организации охраны магистральных трубопроводов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10849) следующие изменения:

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии с подпунктом 5) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О магистральном трубопроводе" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах организации охраны магистральных трубопроводов, утвержденных указанным приказом:

      заголовок главы 1 изложить в новой редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Настоящие Правила организации охраны магистральных трубопроводов (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 5) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О магистральном трубопроводе" и определяют порядок организации охраны магистральных трубопроводов.";

      заголовок главы 2 изложить в новой редакции:

      "Глава 2. Порядок организации охраны магистральных трубопроводов";

      пункт 16 изложить в новой редакции:

      "16. При охране магистральных трубопроводов устанавливаются следующие нормативы сил охраны при охране объектов способом охраны, патрулирования, с использованием технических средств:

      1) при охране объектов способом охраны:

      КПП для пропуска и осмотра персонала и посетителей - один круглосуточный стационарный пост охраны на каждый КПП, из расчета пропуска одним постовым до 50 физических лиц в час при отсутствии на КПП автоматизированных систем контроля управления доступом (ручном способе проверки пропусков) и до 100 физических лиц в час при наличии автоматизированных систем контроля управления доступом;

      КПП для осмотра и пропуска транспортных средств - один круглосуточный стационарный пост охраны на каждый транспортный въезд, при интенсивности движения от 10 до 20 единиц транспортных средств в час через один КПП;

      КПП (комбинированного типа) - для пропуска и осмотра физических лиц и транспортных средств - два круглосуточных стационарных поста охраны на каждый КПП. КПП комбинированного типа вводятся с учетом индивидуальных особенностей охраняемого объекта, анализа реальных угроз и количества совершенных противоправных и иных действий в отношении каждого отдельно взятого объекта;

      КПП для пропуска железнодорожного транспорта - два круглосуточных стационарных поста охраны на каждый КПП. КПП для пропуска железнодорожного транспорта вводятся с учетом индивидуальных особенностей охраняемого объекта, анализа реальных угроз и количества совершенных противоправных и иных действий в отношении каждого отдельно взятого объекта;

      обособленный объект либо несколько объектов на открытой площадке или огражденной территории - один круглосуточный стационарный пост охраны на входе или на маршруте движения, протяженностью до 100 метров;

      обособленная, оборудованная ограждением территория одного или нескольких объектов - один круглосуточный обходной пост охраны на маршруте движения протяженностью свыше 100 метров, но не более 300 метров.

      При исполнении обязанностей охранником, вооруженным короткоствольным служебным оружием либо бесствольным служебным оружием с патронами травматического действия, выставляется один круглосуточный обходной пост на маршруте движения протяженностью до 250 метров.

      При исполнении обязанностей охранником по охране и обороне объекта путем наблюдения с постовых наблюдательных вышек на один круглосуточный стационарный пост либо пост по периметру определяется участок местности протяженностью - до 400 метров (в лесу - до 250 метров, на воде - до 300 метров).

      Для повышения надежности охраны вводятся профилактические посты из расчета один круглосуточный профилактический пост на каждые пять круглосуточных постов охраны.

      С учетом индивидуальных особенностей охраняемого объекта, анализа реальных угроз и количества совершенных противоправных и иных действий в отношении него могут использоваться кинологические посты охраны из расчета четыре служебные собаки на один кинологический пост;

      2) при охране объектов способом патрулирования:

      в экипаж мобильной группы единовременно выставляются не более трех работников охраны.

      Для оперативного реагирования на противоправные посягательства на магистральных трубопроводах с учетом необходимого расчетного времени прибытия к охраняемому объекту могут также использоваться группы оперативного реагирования. В экипаж группы оперативного реагирования единовременно выставляются три работника охраны.

      Для организации профилактических мероприятий вводятся профилактические посты из расчета один круглосуточный профилактический пост на три мобильные группы.

      Для повышения надежности охраны на объектах линейной части магистральных трубопроводов могут использоваться кинологические посты охраны из расчета четыре служебные собаки на один кинологический пост.

      Количество кинологических постов устанавливается с учетом индивидуальных особенностей охраняемого объекта, анализа реальных угроз и количества совершенных противоправных и иных действий в отношении каждого отдельно взятого объекта;

      3) при охране с использованием технических средств: пульт технической охраны - один круглосуточный технический пост охраны;

      пульт видеомониторинга - один круглосуточный технический пост охраны при нагрузке до 30 видеокамер на охраняемом объекте;

      периметр объекта, оборудованный ограждением и техническими средствами охраны, один круглосуточный технический пост на участок протяженностью до 1000 метров;

      для действий при срабатывании технических средств охраны с охраняемых объектов - один круглосуточный технический пост на каждые оборудованные техническими средствами охраны 30 зданий и помещений.";

      пункт 18 изложить в новой редакции:

      "18. Участки линейной части магистрального трубопровода, на которых зафиксировано умышленное повреждение или разрушение трубопровода, для обнаружения несанкционированного вторжения нарушителей, оборудуются системой охраны трубопроводов или системой обнаружения утечек, информационные сигналы с которых должны передаваться на соответствующее автоматизированное рабочее место мониторинга трубопроводов с оповещением дежурной службы субъекта охранной деятельности в соответствии с установленным собственником магистрального трубопровода регламентом взаимодействия.

      Для обнаружения несанкционированного вторжения нарушителей охраняемые объекты магистральных трубопроводов оснащаются интегрированными системами охранно-периметральной сигнализации и видеонаблюдения, включая систему управления контроля доступом, с условием долговременного хранения архивных данных. Собственник магистрального трубопровода, в соответствии с установленным регламентом взаимодействия, осуществляет охрану объекта через (или посредством) субъекта охранной деятельности, используя соответствующее автоматизированное рабочее место указанной системы. В состав комплекса ИТСО отдельных участков (локальных объектов) включаются мощные динамики или сирены для громкого оповещения о попытке проникновения на охраняемую территорию объекта и психологического воздействия на нарушителя.

      Дополнительно используются системы контроля за действиями субъекта охранной деятельности со стороны собственника магистрального трубопровода (оператора). Система контроля за действиями субъекта охранной деятельности включает аппаратное и программное обеспечение с возможностью долговременного хранения архивных данных и проведения анализа накопленных данных с формированием соответствующих отчетов.".

      2. Департаменту транспортировки и переработки нефти Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан, после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
Е. Аккенженов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности
и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан