"Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 18-1) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 457) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрілігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 192-НҚ Бұйрығына 1-қосымша |
Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 18-1) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 457) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры (бұдан әрі – Ұлттық архив қоры) құжаттарының орталықтандырылған мемлекеттік есебін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бірыңғай Мемлекеттік қорлар каталогын жүргізу жолымен Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырады.
2-тарау. Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу тәртібі
3. Ұлттық архив қоры құжаттарының орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды жүргізу үшін республикалық мемлекеттік архивтер, арнаулы мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы және жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) жыл сайын 5 қаңтарға дейін уәкілетті органға қағаз жеткізгіште (бір данада) және электрондық нысанда:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша архив паспортын;
2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қор карточкасын;
3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорлардың құрамы мен көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтерді;
4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорлар каталогы бойынша есептік мәліметтерді ұсынады.
4. Уәкілетті органның ведомствоға бағынысты мекемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві жыл сайын 15 ақпанға қарай республикалық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасы Президентінің архиві, арнаулы мемлекеттік архивтер, Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы және ЖАО ұсынған қор карточкаларының негізінде Мемлекеттік қор каталогына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
5. Республикалық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасы Президентінің архиві және ЖАО үш жылда бір рет 5 қаңтарға дейін осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің жинақтау көздерінің жиынтық паспортын уәкілетті органға ұсынады.
6. Уәкілетті орган үш жылда бір рет 15 ақпанға қарай ұсынылған жиынтық паспорттардың негізінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің жинақтау көздерінің жиынтық паспортын құрастырады.
Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
"20__жылғы 1 қаңтарға архив паспорты" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.mam.gov.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: "20__жылғы 1 қаңтарға архив паспорты".
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): АП-1.
Кезеңділік: жылдық.
Есепті кезең: 20__ жыл үшін.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: республикалық мемлекеттік архивтер, арнаулы мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасы Президентінің архиві, Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы және жергілікті атқарушы органдар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі 5 қаңтарға дейін.
БСН
Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште және электрондық түрде.
20__жылғы 1 қаңтарға ________________________ архив паспорты
(архивтің атауы)
1-кесте
Архив құжаттарының құрамы мен көлемі
№ р/б | Көрсеткіштер | Қорлардың саны (дана) | Сақтау бірліктерінің саны | Уақытша сақтауға қабылданған сақтау бірліктерінің саны | |||
Барлығы | соның ішінде | ||||||
тізімдемелерге енгізілгені | мемлекеттік тілдегілері | есепке алынған аса құндылары | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Қағаз негіздегі құжаттар. Барлығы | ||||||
1.1 | Оның ішінде, басқару құжаттамасы | ||||||
1.2 | Жеке тектік құжаттар | ||||||
1.3 | Ғылыми-техникалық құжаттама | ||||||
1.4 | Жеке құрам бойынша құжаттар | ||||||
1.5 | Қолжазбалар | ||||||
1.6 | Сирек кітаптар | ||||||
2 | Электрондық құжаттар. Барлығы | ||||||
2.1 | Оның ішінде, басқару құжаттамасы | ||||||
2.2 | Жеке тектік құжаттар | ||||||
2.3 | Ғылыми-техникалық құжаттама | ||||||
2.4 | Жеке құрам бойынша құжаттар | ||||||
3. | Киноқұжаттар | ||||||
4. | Фотоқұжаттар | ||||||
5. | Дыбыстық құжаттар | ||||||
6. | Бейнеқұжаттар | ||||||
7. | Машинада оқылатын құжаттар | ||||||
8. | Төлнұсқа құқығындағы шағын нысандар | ||||||
9. | Жиыны |
2-кесте
Есеп бірлігінің көлемі
№ р/б | Көрсеткіштер | Есеп бірлігінің саны | |
Барлығы | соның ішінде тізімдемелерге енгізілгені | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Киноқұжаттар | ||
2 | Дыбыстыққұжаттар | ||
3 | Бейнеқұжаттар | ||
4 | Машинада оқылатын құжаттар |
3-кесте
Архив құжаттары көшірмелерінің сақтандыру қорының құрамы мен көлемі
№ р/б | Көрсеткіштер | Сақтау бірліктерінің саны | Сақтандыру қорының көлемі | ||
сақтандыру қоры үшін көшірілгендері | пайдалану қоры барлары | негативтер кадрларының саны (дана) | Сақтандыру қорының сақтау бірліктерінің саны | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 |
Қағаз негіздегі құжаттар. | ||||
1.1 | Оның ішінде, басқару құжаттамасы | ||||
1.2 | Жеке тектік құжаттар | ||||
1.3 | Ғылыми-техникалық құжаттама | ||||
1.4 | Жеке құрам бойынша құжаттар | ||||
1.5 | Қолжазбалар | ||||
1.6 | Сирек кітаптар | ||||
2 | Киноқұжаттар | ||||
3 | Фотоқұжаттар | ||||
4 | Дыбыстыққұжаттар | ||||
5 | Бейнеқұжаттар | ||||
6 | Машинада оқылатын құжаттар | ||||
7 | Төлнұсқа құқығындағы шағын нысандар | ||||
8 | Жиыны |
4-кесте
Архив құжаттарына ғылыми-анықтамалық аппараттың құрамы мен көлемі
Тізімдемелер, каталогтар, деректер базасы
№ р/б | Көрсеткіштер | Тізімдемелер (есепке алу және сипаттау кітаптары) саны (дана) | Каталогтандырылды | Құжаттардың құрамы мен мазмұны туралы деректер базалары құрылды | |||||
барлығы | оның ішінде толық жинақта | Қорлар дың саны (дана) | Сақтау бірліктерінің саны | Жасалған карточкалар саны (дана) | Деректер базалары ның саны (дана) | Құжаттардың мега байттағы көлемі | |||
барлығы | оның ішінде каталогтарға енгізілгендері | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Қағаз негіздегі құжаттар. Барлығы | ||||||||
1.1 | Оның ішінде, басқару құжаттамасы | ||||||||
1.2 | Жеке тектік құжаттар | ||||||||
1.3 | Ғылыми-техникалық құжаттама | ||||||||
1.4 | Жеке құрам бойынша құжаттар | ||||||||
1.5 | Қолжазбалар | ||||||||
1.6 | Сирек кітаптар | ||||||||
2 | Электрондық құжаттар. Барлығы | ||||||||
2.1 | Оның ішінде, басқару құжаттамасы | ||||||||
2.2 | Жеке тектік құжаттар | ||||||||
2.3 | Ғылыми-техникалық құжаттама | ||||||||
2.4 | Жеке құрам бойынша құжаттар | ||||||||
3 | Киноқұжаттар | ||||||||
4 | Фотоқұжаттар | ||||||||
5 | Дыбыстыққұжаттар | ||||||||
6 | Бейнеқұжаттар | ||||||||
7 | Машинада оқылатын құжаттар | ||||||||
8 | Төлнұсқа құқығындағы шағын нысандар | ||||||||
9 | Жиыны |
5-кесте
Анықтамалық-ақпараттық басылымдар
№ р/н | Көрсеткіштер | Барлығы | Оның ішінде, қағаз негізде шығарылғандар саны (дана) | Оның ішінде, электрондық түрде дайындалғандар (қағаз негізде шығарылмай) саны (дана) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Жолсілтемелер, қорлар бойынша қысқаша анықтамалықтар | |||
2 | Әкімшілік-аумақтық бөлу бойынша анықтамалықтар | |||
3 | Мекемелер тарихы бойынша анықтамалықтар | |||
4 | Өзге де түрдегі анықтамалықтар | |||
5 | Жиыны |
6-кесте
Ғылыми-анықтамалық кітапхананың құрамы мен көлемі
№ р/б | Көрсеткіштер | Саны (дана) |
1 | 2 | 3 |
1 | Кітаптар және кітапшалар | |
2 | Газеттер | |
3 | Журналдар | |
4 | Баспа өнімдерінің өзге түрлері |
7-кесте
Құжаттарды сақтау жағдайлары
№ р/б | Көрсеткіштер | Саны |
1 | 2 | 3 |
1 | Архив ғимараттары (дана) | |
1.1 | Оның ішінде, архивтің балансында (дана) | |
1.2 | Жалдамалы (дана) | |
2 | Арнайы үй-жайлар (дана) | |
3 | Бейімделген үй-жайлар (дана) | |
4 | Архив қоймаларының толу дәрежесі (пайызбен) | |
5 | Ғимараттардың күзет дабылдамасымен жабдықталуы (пайызбен) | |
6 | Ғимараттардың өртке қарсы дабылдамасымен жабдықталуы (пайызбен) | |
7 | Металл стеллаждардың ұзындығы (қума метрмен) | |
8 | Ағаш стеллаждардың ұзындығы (қума метрмен) | |
9 | Мобильді стеллаждардың ұзындығы (қума метрмен) | |
10 | Мұқабаланған құжаттар (сақтау бірлігімен) |
Атауы |
Мекенжайы |
Телефоны__________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________
Орындаушы
___________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
_______________________
"20__жылғы 1 қаңтарға архив паспорты" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
"20__жылғы 1 қаңтарға архив паспорты" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (индексі: АП-1, жылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсініктеме "20__жылғы 1 қаңтарға архив паспорты" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан жылына бір рет, 5 қаңтарға дейін ұсынылады.
3. Нысанға орындаушы және басшы немесе оның міндетін атқарушы адам оның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ толтырылған күні көрсетіле отырып қол қояды.
4. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
5. "Архив құжаттарының құрамы мен көлемі" 1-кестенің, "Есеп бірлігінің көлемі" 2-кестенің, "Архив құжаттары көшірмелерінің сақтандыру қорының құрамы мен көлемі" 3-кестенің, "Архив құжаттарына ғылыми-анықтамалық аппараттың құрамы мен көлемі. Тізімдемелер, каталогтар, деректер базасы" 4-кестенің, "Анықтамалық-ақпараттық басылымдар" 5-кестенің, "Ғылыми-анықтамалық кітапхананың құрамы мен көлемі" 6-кестенің, "Құжаттарды сақтау жағдайлары" 7-кестенің 1-бағандарында реті бойынша нөмір "№" толтырылады;
6. "Архив құжаттарының құрамы мен көлемі" 1-кестенің, "Архив құжаттарына ғылыми-анықтамалық аппараттың құрамы мен көлемі. Тізімдемелер, каталогтар, деректер базасы" 4-кестенің 2-бағандарында архивтік құжаттардың көрсеткіштері (қағаз негіздегі құжаттар. Барлығы, оның ішінде, басқару құжаттамасы, жеке тектік құжаттар, ғылыми-техникалық құжаттама, жеке құрам бойынша құжаттар, қолжазбалар, сирек кітаптар, электрондық құжаттар. Барлығы, оның ішінде, басқару құжаттамасы, жеке тектік құжаттар, ғылыми-техникалық құжаттама, жеке құрам бойынша құжаттар, киноқұжаттар, фоноқұжаттар, бейнеқұжаттар, машинамен оқылатын құжаттама, түпнұсқа құқығындағы шағын нысандар, фотоқұжаттар, жиыны) көрсетіледі.
7. "Архив құжаттары көшірмелерінің сақтандыру қорының құрамы мен көлемі" 3-кестенің 2-бағанында архивтік құжаттардың көрсеткіштері (қағаз негіздегі құжаттар. Барлығы, оның ішінде, басқару құжаттамасы, жеке тектік құжаттар, ғылыми-техникалық құжаттама, жеке құрам бойынша құжаттар, қолжазбалар, сирек кітаптар, киноқұжаттар, фоноқұжаттар, бейнеқұжаттар, машинамен оқылатын құжаттама, түпнұсқа құқығындағы шағын нысандар, фотоқұжаттар, жиыны) көрсетіледі.
8. "Архив құжаттарының құрамы мен көлемі" 1-кестеде:
3-бағанда қорлар саны көрсетіледі;
4, 5, 6 және 7-бағандарда сақтау бірліктерінің саны (4-баған – барлығы, 5-баған – тізімдемелерге енгізілген, 6-баған – мемлекеттік тілде, 7-баған – есепке алынған аса құндылар) көрсетіледі;
8-бағанда уақытша сақтауға қабылданған сақтау бірліктерінің саны көрсетіледі.
9. "Есеп бірлігінің көлемі" 2-кестеде:
2-бағанда есепке алу көрсеткіштері (киноқұжаттар, фоноқұжаттар, бейнеқұжаттар, машинада оқылатын құжаттама) көрсетіледі;
3 және 4-бағандарда есеп бірліктерінің саны (3-баған – барлығы, 4-баған – оның ішінде тізімдемеге енгізілгендер) көрсетіледі.
10. "Архив құжаттары көшірмелерінің сақтандыру қорының құрамы мен көлемі" 3-кестеде:
3 және 4-бағандарда сақтау бірліктерінің саны (3-баған – сақтандыру қоры үшін көшірілген, 4-баған пайдалану қоры бар) көрсетіледі;
5 және 6-бағандарда – сақтандыру қорының көлемі (5-баған – негатив кадрларының саны, 6-баған – сақтандыру қорының сақтау бірліктерінің саны) көрсетіледі.
11. "Архив құжаттарына ғылыми-анықтамалық аппараттың құрамы мен көлемі. Тізімдемелер, каталогтар, деректер базасы" 4-кестеде:
3 және 4-бағандарда тізімдемелер (есепке алу және сипаттау кітаптары) саны (3-баған – барлығы, 4-баған – оның ішінде толық жинақта) көрсетіледі;
5, 6, 7 және 8-бағандарда каталогтандырылғандардың саны (5-баған – қорлар саны, 6-баған – сақтау бірліктерінің саны, 7-баған – барлық жасалған карточкалар саны, 8-баған – оның ішінде каталогтарға енгізілгендері) көрсетіледі;
9 және 10-бағандарда құжаттардың құрамы мен мазмұны туралы құрылған деректер базалары (9-баған – деректер базаларының саны, 10-баған – құжаттардың мега байттағы көлемі) көрсетіледі.
12. "Анықтамалық-ақпараттық басылымдар" 5-кестеде:
2-бағанда анықтамалық-ақпараттық басылымдардың көрсеткіштері (жолсілтемелер, қорлар бойынша қысқаша анықтамалықтар, әкімшілік-аумақтық бөліну бойынша анықтамалықтар, мекемелер тарихы бойынша анықтамалықтар, өзге де түрдегі анықтамалар, жиыны) көрсетіледі;
3-бағанда анықтамалық-ақпараттық басылымдардың жалпы саны көрсетіледі;
4-бағанда қағаз негізде шығарылған анықтамалық-ақпараттық басылымдардың саны көрсетіледі;
5-бағанда электрондық түрде дайындалғандар (қағаз негізде шығарылмай) саны көрсетіледі.
13. "Ғылыми-анықтамалық кітапхананың құрамы мен көлемі" 6-кестеде:
2-бағанда ғылыми-анықтамалық кітапхананың көрсеткіштері (кітаптар мен брошюралар, газеттер, журналдар, баспа өнімінің басқа да түрлері) көрсетіледі;
3-бағанда ғылыми-анықтамалық кітапхананың саны көрсетіледі.
14. "Құжаттарды сақтау жағдайлары" 7-кестеде:
2-бағанда құжаттарды сақтау көрсеткіштері (архив ғимараттары, оның ішінде, архивтің балансында, жалдамалы, арнайы үй-жайлар, бейімделген үй-жайлар, архив қоймаларының толу дәрежесі (пайызбен), ғимараттардың күзет дабылдамасымен жабдықталуы (пайызбен), ғимараттардың өрт дабылдамасымен жабдықталуы (пайызбен), металл стеллаждардың ұзындығы (қума метрмен), ағаш стеллаждардың ұзындығы (қума метрмен), мобильді стеллаждардың ұзындығы (қума метрмен), мұқабаланған құжаттар (сақтау бірлігімен) көрсетіледі;
3-бағанда құжаттарды сақтау жағдайларының саны көрсетіледі.
Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
"Қор карточкасы" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.mam.gov.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: "Қор карточкасы".
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ҚК-1.
Кезеңділік: жылдық.
Есепті кезең: 20__ жыл үшін.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: республикалық мемлекеттік архивтер, арнаулы мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасы Президентінің Архив, Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы және жергілікті атқарушы органдар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі 5 қаңтарға дейін.
БСН
Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште және электрондық түрде.
1-кесте
Қор карточкасы
Қордың бірінші түскен күні | Қор карточкасын алған күн | Қордың сақталған орны | Қордың № / Санаты/ Меншік нысаны | ||
1 | 2 | 3 | 4 | ||
Қордың әр атауының шеткі даталары | Қордың атауы | ||||
5 | 6 | ||||
20___ жылғы 1 қаңтардағы қордың көлемі | Жылдар | 7 | |||
Сақтау бірліктерінің/ құжаттардың саны | 8 | ||||
Соның ішінде сипатталмаған сақтау бірліктері/құжаттар | 9 | ||||
сақтау бірліктерінің сақтандыру көшірмелері барлары |
2-кесте
Қор карточкасының артқы жағы
Тізімдеменің атауы, құжаттардың аннотациясы | Жылдың басы | Жылдың аяғы | Тізімдеменің атауы, құжаттардың аннотациясы | Жылдың басы | Жылдың аяғы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Қордың бұрынғы № _______
Ескертпе _____________________________________________________________
Атауы |
Мекенжайы |
Телефоны__________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________
Орындаушы
___________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_______________________________________________________ _________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
_______________________
"Қор карточкасы" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
"Қор карточкасы" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (индексі: ҚК-1, жылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсініктеме "Қор карточкасы" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан жылына бір рет, 5 қаңтарға дейін ұсынылады.
3. Нысанға орындаушы және басшы немесе оның міндетін атқарушы адам оның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ толтырылған күні көрсетіле отырып қол қояды.
4. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
5. "Қор карточкасы" 1-кестеде:
1-бағанда қордың бірінші келіп түскен күні көрсетіледі;
2-бағанда қор карточкасын алған күн көрсетіледі;
3-бағанда қордың сақтау орны көрсетіледі;
4-бағанда қордың №/санаты/меншік нысаны көрсетіледі.
5- бағанда қордың әрбір атауының соңғы күндері көрсетіледі;
6- бағанда қордың атауы көрсетіледі;
7, 8 және 9-бағандарда 20__жылғы 1 қаңтардағы қордың көлемі (7-баған – жылдар, 8-баған – сақтау бірліктерінің/құжаттардың саны, 9-баған – оның ішінде сақтау бірліктерінің сақтандыру көшірмелері бар жазылмаған сақтау бірліктері/құжаттар) көрсетіледі.
6. "Қор карточкасының сыртқы жағы" 2-кестеде:
1 және 4-бағандарда тізімдеменің атауы, құжаттардың аннотациясы көрсетіледі;
2 және 5-бағандарда жылдың басы көрсетіледі;
3 және 6-бағандарда жылдың соңы көрсетіледі;
7. "Ескертпе" бағаны есеп беруді толтырған кезде ғана толтырылады.
Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
"20__жылғы 1 қаңтардағы қорлардың құрамындағы және көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.mam.gov.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: "20__жылғы 1 қаңтардағы қорлардың құрамындағы және көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтер".
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ҚҚКӨМ-1.
Кезеңділік: жылдық.
Есепті кезең: 20__ жыл үшін.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: республикалық мемлекеттік архивтер, арнаулы мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы және жергілікті атқарушы органдар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі 5 қаңтарға дейін.
БСН
Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште және электрондық түрде.
Кесте
20__жылғы 1 қаңтардағы қорлардың құрамындағы және көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтер
№ р/н | Қор № | Санаты | Қорлардың атауы | Түсті | Шықты | ___ жылғы 1 қаңтардағы қордағы сақтау бірліктерінің жалпы саны | Ескертпе | |||||
Тізімдеменің атауы, құжаттардың аннотациясы | Жылдар | Тізімдеменің атауы, құжаттардың аннотациясы | Жылдар | Тізімдемелерге енгізілген сақтау бірліктері | Енгізілмеген сақтау бірліктері/ құжаттар | Сақтау бірліктерінің сақтау көшірмелері барлары | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | |
Барлығы:____ ішінде____ қор,_______________ сақтау бірлігі/құжат түсті;
____ қор, _______________ сақтау бірлігі/құжат шықты;
_______________ сақтау бірлігіне сақтандыру көшірмелері жасалды.
_____ жылғы 1 қаңтарда архивте қорлардың тізімі бойынша № ___ден бастап № ____дейінгі қорлардың нөмірлері бар, соның ішінде бар болып есептелетін _______қор,____________ сақтау бірлігінің қор, тапсырылған және біріктірілген (істері пайдаланылған және нөмірін алуға болмайтын) қорлардың нөмірлері__________, жойылған қорлар_______________, бос нөмірлер___________________.
Атауы |
Мекенжайы |
Телефоны___________________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы _______________________________________
Орындаушы___________________________________________ ______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________________________ ________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
_______________________
"20__жылғы 1 қаңтардағы қорлардың құрамындағы және көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
"20__жылғы 1 қаңтардағы қорлардың құрамындағы және көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (индексі: ҚҚКӨМ-1, жылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсініктеме "20__жылғы 1 қаңтардағы қорлардың құрамындағы және көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан жылына бір рет, 5 қаңтарға дейін ұсынылады.
3. Нысанға орындаушы және басшы немесе оның міндетін атқарушы адам оның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ толтырылған күні көрсетіле отырып қол қояды.
4. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
5. "20__жылғы 1 қаңтардағы қорлардың құрамындағы және көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтер" кестесінде:
1-бағанда реті бойынша нөмірі "№" толтырылады;
2-бағанда қордың № көрсетіледі;
3-бағанда санаты көрсетіледі;
4-бағанда қорлардың атауы көрсетіледі;
5 және 6-бағандарда келіп түскен құжаттар туралы (5-баған – тізімдеменің атауы, құжаттардың аннотациясы, 6-баған – жылдар) көрсетіледі;
7 және 8-бағандарда шыққан құжаттар туралы (7-баған – тізімдеменің атауы, құжаттардың аннотациясы, 8-баған – жылдар) көрсетіледі;
9, 10 және 11-бағандарда қордағы сақтау бірліктерінің жалпы саны (9-баған – тізімдемеге енгізілген сақтау бірліктері, 10-баған – енгізілмеген сақтау бірліктері/құжаттары, 11-баған – сақтау бірліктерінің сақтау көшірмелері барлары) көрсетіледі;
12-бағанда ескертпе көрсетіледі (егер жаңа қор көрсетілсе – қор карточкасын қараңыз, егер қор карточкасының жалғасы қалыптастырылса – қор карточкасының жалғасын қараңыз, сақтау бірліктері келіп түскен немесе шығып қалған жағдайда жыл ішінде келіп түскен сақтау бірліктерінің саны істердің келіп түскен немесе шығып қалған актісінің № мен күнін көрсете отырып көрсетіледі).
Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
"20___ жылғы 1 қаңтардағы қор каталогы бойынша есептік мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.mam.gov.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: "20___ жылғы 1 қаңтардағы қор каталогы бойынша есептік мәліметтер".
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ҚКЕМ-1.
Кезеңділік: жылдық.
Есепті кезең: 20__ жыл үшін.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: республикалық мемлекеттік архивтер, арнаулы мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы және жергілікті атқарушы органдар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі 5 қаңтарға дейін.
БСН
Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште және электрондық түрде.
Кесте
20___ жылғы 1 қаңтардағы қор каталогы бойынша есептік мәліметтер
№ р/н | Архивтің атауы | Қорлар тізімі бойынша қорлардың бірінші және соңғы нөмірлері | 20 __ жылғы 1 қаңтардағы паспорт бойынша қорлардың саны (дана) | Қор каталогындағы карточкалар саны | Қорлардың бос нөмірлерінің саны (дана) | Ескертпе | |||
Барлығы | Архивте сақталатын қорларға | Біріктірілген архив қорының құрамына енгізілген (бұрын пайдаланылған) қорларға және тапсырылған қорлар | Жойылған қорларға | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Атауы |
Мекенжайы __________________________________ |
Телефоны______________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы _______________________________________
Орындаушы
___________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_______________________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
_______________________
"Қор каталогы бойынша есепке алу мәліметтері" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
"20__жылғы 1 қаңтардағы қор каталогы бойынша есептік мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (индексі: ҚКЕМ-1, жылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсініктеме "20__жылғы 1 қаңтардағы қор каталогы бойынша есептік мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан жыл сайын 5 қаңтарға дейін ұсынылады.
3. Нысанға орындаушы және басшы немесе оның міндетін атқарушы адам оның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ толтырылған күні көрсетіле отырып қол қояды.
4. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
5. "20__жылғы 1 қаңтардағы қор каталогы бойынша есептік мәліметтер" кестесінде:
1-бағанда реті бойынша нөмір "№" толтырылады;
2-бағанда архивтің атауы көрсетіледі;
3-бағанда қорлар тізімі бойынша қорлардың бірінші және соңғы нөмірлері көрсетіледі;
4-бағанда 20__жылғы 1 қаңтардағы паспорт бойынша қорлардың саны көрсетіледі;
5, 6, 7 және 8-бағандарда қор каталогындағы карточкалардың саны (5-баған – барлығы, 6-баған – архивте сақталатын қорларға, 7-баған – Біріктірілген архив қорының құрамына енгізілген (бұрын пайдаланылған) қорларға және тапсырылған қорлар, 8-баған – жойылған қорларға) көрсетіледі;
9-бағанда қорлардың бос нөмірлерінің саны көрсетіледі;
10-бағанда ескертпе көрсетіледі (ескертпеде бос қорлардың нөмірлерін көрсету қажет).
Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
"20__жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің жинақтау көздерінің жиынтық паспорты" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.mam.gov.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: "20__жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінің жинақтау көздерінің жиынтық паспорты".
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ҚРМА ТКЖП-1.
Кезеңділік: үш жылда бір рет.
Есепті кезең: 20__ жыл үшін.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: республикалық мемлекеттік архивтер, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві және жергілікті атқарушы органдар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі 5 қаңтарға дейін үш жылда бір рет.
БСН
Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште және электрондық түрде.
20__жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің жинақтау көздерінің жиынтық паспорты
1-кесте
Мемлекеттік архивтерге басқару құжаттамасын тапсыратын ұйымдар туралы мәліметтер
№ р/н | Көрсеткіштердің атауы | Саны | Штат бойынша жұмыскерлер саны | Архив мекемелерімен келісілгендер саны (дана) | Құжаттарды сақтауға арналған үй-жайлардың саны (дана) | Құжаттарды тұрақты сақтауға тапсыруға толық дайындаған ұйымдардың саны (дана) | |
Істер номенклатуралары | Іс жүргізу бойынша нұсқаулықтар, ережелер | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Мемлекеттік архивтерді бейіні бойынша толықтыратын мемлекеттік ұйымдар | ||||||
2 | Мемлекеттік архивтерді бейіні бойынша толықтыратын мемлекеттік емес ұйымдар | ||||||
3 | Аудандық, қалалық архивтерді бейіні бойынша толықтыратын мемлекеттік ұйымдар | ||||||
4 | Аудандық, қалалық архивтерді бейіні бойынша толықтыратын мемлекеттік емес ұйымдар | ||||||
5 | Біріктірілген ведомстволық архивтер |
2-кесте
Басқару құжаттамасы туралы мәліметтер
№ р/н | Көрсеткіштердің атауы | Сақтау бірліктерінің барлығы | Тұрақты сақталатын құжаттардың саны (сақтау бірлігімен) | Жеке құрам бойынша құжаттардың саны (сақтау бірлігімен) | Жыл бойы тұрақты сақталатын істердің саны (сақтау бірлігімен) | ||
Тізімдемелерге енгізілген және архив мекемесінің сараптау-тексеру комиссиясымен бекітілгендері | Белгіленген мерзімнен артық сақталғаны | Барлығы | Тізімдемелерге енгізілген және архив мекемесінің сараптау-тексеру комиссиясымен бекітілгендері | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Мемлекеттік архивтерді толықтыру бейіні бойынша басқару құжаттамасын сақтайтын мемлекеттік ұйымдар | ||||||
2 | Мемлекеттік архивтерді толықтыру бейіні бойынша басқару құжаттамасын сақтайтын мемлекеттік емес ұйымдар | ||||||
3 | Аудандық, қалалық архивтерді толықтыру бейіні бойынша басқару құжаттамасын сақтайтын мемлекеттік ұйымдар | ||||||
4 | Аудандық, қалалық архивтерді толықтыру бейіні бойынша басқару құжаттамасын сақтайтын мемлекеттік емес ұйымдар | ||||||
5 | Біріктірілген ведомстволық архивтерде сақталатын басқару құжаттамасы |
3-кесте
Ғылыми-техникалық құжаттаманы сақтайтын мемлекеттік, қалалық, аудандық архивтердің жинақтау көздері туралы мәліметтер
№ р/н | Ұйымдардың түрлері | Құжаттарды сақтауға арналған үй-жайдың саны (дана) | Штат бойынша қызметкерлер саны | Тізімдемелерге енгізілген және архив мекемесінің сараптау-тексеру комиссиясымен бекітілген сақтау бірліктерінің саны | Белгіленген мерзімнен артық сақталған құжаттар саны (сақтау бірлігімен) | Сақтау бірліктерінің барлығы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Мемлекеттік ұйымдар | |||||
2 | Мемлекеттік емес ұйымдар |
4-кесте
Кино-, фото-, фоно-, бейнеқұжаттар туралы мәліметтер
№ р/н | Ұйымдардың түрлері | Архив мекемесінде тіркеуде тұратын ұйымдардың саны (дана) | Құжаттарды сақтауға арналған үй-жайдың саны (дана) | Штат бойынша қызметкерлер саны | Тізімдемелерге енгізілген және архив мекемесінің сараптау-тексеру комиссиясымен бекітілген сақтау бірліктерінің саны | Белгіленген мерзімнен артық сақталған құжаттар саны (сақтау бірлігімен) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Киноқұжаттарды сақтайтын мемлекеттік ұйымдар | |||||
2 | Киноқұжаттарды сақтайтын мемлекеттік емес ұйымдар | |||||
3 | Фотоқұжаттарды сақтайтын мемлекеттік ұйымдар | |||||
4 | Фотоқұжаттарды сақтайтын мемлекеттік емес ұйымдар | |||||
5 | Фоноқұжаттарды сақтайтын мемлекеттік ұйымдар | |||||
6 | Фоноқұжаттарды сақтайтын мемлекеттік емес ұйымдар | |||||
7 | Бейнеқұжаттарды сақтайтын мемлекеттік ұйымдар | |||||
8 | Бейнеқұжаттарды сақтайтын мемлекеттік емес ұйымдар |
Атауы |
Мекенжайы |
Телефоны______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы
___________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_______________________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда
______________________
"20__жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің жинақтау көздерінің жиынтық паспорты" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
"20__жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің жинақтау көздерінің жиынтық паспорты" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (индексі: ҚР МА ТКЖП-1, жылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсініктеме "20__жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің жинақтау көздерінің жиынтық паспорты" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан үш жылда бір рет 5 қаңтарға дейін ұсынылады.
3. Нысанға орындаушы және басшы немесе оның міндетін атқарушы адам оның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ толтырылған күні көрсетіле отырып қол қояды.
4. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
5. "Мемлекеттік архивтерге басқару құжаттамасын тапсыратын ұйымдар туралы мәліметтер" 1-кестенің, "Басқару құжаттамасы туралы мәліметтер" 2-кестенің, "Ғылыми-техникалық құжаттаманы сақтайтын мемлекеттік, қалалық, аудандық архивтердің жинақтау көздері туралы мәліметтер" 3-кестенің, "Кино-, фото-, фоно-, бейнеқұжаттар туралы мәліметтер" 4-кестенің 1-бағанында реті бойынша нөмірі "№" толтырылады.
6. "Мемлекеттік архивтерге басқару құжаттамасын тапсыратын ұйымдар туралы мәліметтер" 1-кестеде:
2-бағанда (мемлекеттік архивтерді бейіні бойынша толықтыратын мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік архивтерді бейіні бойынша толықтыратын мемлекеттік емес ұйымдар, аудандық, қалалық архивтерді бейіні бойынша толықтыратын мемлекеттік ұйымдар, аудандық, қалалық архивтерді бейіні бойынша толықтыратын мемлекеттік емес ұйымдар, біріктірілген ведомстволық архивтер) көрсеткіштердің атауы көрсетіледі;
3-бағанда саны көрсетіледі;
4-бағанда штат бойынша жұмыскерлер саны көрсетіледі;
5 және 6-бағандарда архив мекемелерімен келісілгендердің (5-баған – істер номенклатурасы, 6-баған – нұсқаулықтар, іс жүргізу ережелері) саны көрсетіледі;
7-бағанда құжаттарды сақтауға арналған үй-жайлардың саны көрсетіледі;
8-бағанда құжаттарды тұрақты сақтауға тапсыруға толық дайындаған ұйымдардың саны көрсетіледі.
7. "Басқару құжаттамасы туралы мәліметтер" 2-кестеде:
2-бағанда көрсеткіштердің атауы (мемлекеттік архивтерді толықтыру бейіні бойынша басқару құжаттамасын сақтайтын мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік архивтерді толықтыру бейіні бойынша басқару құжаттамасын сақтайтын мемлекеттік емес ұйымдар, аудандық, қалалық архивтерді толықтыру бейіні бойынша басқару құжаттамасын сақтайтын мемлекеттік ұйымдар, аудандық, қалалық архивтерді толықтыру бейіні бойынша басқару құжаттамасын сақтайтын мемлекеттік емес ұйымдар, біріктірілген ведомстволық архивтерде сақталатын басқару құжаттамасы) көрсетіледі;
3-бағанда барлық сақтау бірліктері көрсетіледі;
4 және 5-бағандарда тұрақты сақталатын құжаттардың (4-баған – тізімдемелерге енгізілген және архив мекемесінің сараптау-тексеру комиссиясымен бекітілген, 5-баған – белгіленген мерзімнен артық сақталған) саны (сақтау бірліктерінде) көрсетіледі;
6 және 7-бағандарда жеке құрам бойынша құжаттардың (6-баған – барлығы, 7-баған – тізімдемелерге енгізілген және архив мекемесінің сараптау-тексеру комиссиясымен бекітілген) саны (сақтау бірліктерінде көрсетіледі;
8-бағанда жыл бойы тұрақты сақталатын істердің саны (сақтау бірлігімен) көрсетіледі.
8. "Ғылыми-техникалық құжаттаманы сақтайтын мемлекеттік, қалалық, аудандық архивтердің жинақтау көздері туралы мәліметтер" 3-кестеде:
2-бағанда ұйымдардың түрлері (мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік емес ұйымдар) көрсетіледі;
3-бағанда құжаттарды сақтауға арналған үй-жайдың саны көрсетіледі;
4-бағанда штат бойынша қызметкерлер саны көрсетіледі;
5-бағанда тізімдемелерге енгізілген және архив мекемесінің сараптау-тексеру комиссиясымен бекітілген сақтау бірліктерінің саны көрсетіледі;
6-бағанда белгіленген мерзімнен артық сақталған құжаттар саны (сақтау бірлігімен) көрсетіледі;
7-бағанда барлық сақтау бірліктері көрсетіледі.
9. "Кино -, фото -, фоно -, бейнеқұжаттар туралы мәліметтер" 4-кестеде:
2-бағанда ұйымдардың түрлері (киноқұжаттарды сақтайтын мемлекеттік ұйымдар, киноқұжаттарды сақтайтын мемлекеттік емес ұйымдар, фотоқұжаттарды сақтайтын мемлекеттік ұйымдар, фотоқұжаттарды сақтайтын мемлекеттік емес ұйымдар, фоноқұжаттарды сақтайтын мемлекеттік ұйымдар, фоноқұжаттарды сақтайтын мемлекеттік емес ұйымдар, бейнеқұжаттарды сақтайтын мемлекеттік ұйымдар, бейнеқұжаттарды сақтайтын мемлекеттік емес ұйымдар) көрсетіледі;
3-бағанда архив мекемесінде тіркеуде тұратын ұйымдардың саны көрсетіледі;
4-бағанда құжаттарды сақтауға арналған үй-жайдың саны көрсетіледі;
5-бағанда штат бойынша қызметкерлер саны көрсетіледі;
6-бағанда тізімдемелерге енгізілген және архив мекемесінің сараптау-тексеру комиссиясымен бекітілген сақтау бірліктерінің саны көрсетіледі;
7-бағанда белгіленген мерзімнен артық сақталғандардың саны (сақтау бірліктерінде) көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 192-НҚ Бұйрығына 2-қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 168 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17249 болып тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 15 қарашадағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19610 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесінің 4-тармағы.
3. "Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 168 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 16 тамыздағы № 239 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29155 болып тіркелген).
4. "Кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 275-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34673 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімінің 4-тармағы.