БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық қорғау органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау қағидалары мен әдістерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 432 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24301 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістерін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістері бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау қағидалары мен әдістері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30570 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларында және одан өту шарттарында, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінде (бұдан әрі - Қағидалар):
2) тармақша мынадай редакцияда жазылын:
"2) бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтинг) – құқық қорғау органының ақпараттық кадр жүйесі арқылы қалыптастырылған, қызметке кандидаттың және қызметкердің кәсіби құзыреттеріне, сондай-ақ лауазым үшін негізгі көрсеткіштеріне және кәсіби жетістіктері туралы объективті деректеріне негізделген кәсіби әлеуетінің қалыптасқан сандық мәні (өлшемшарттар);";
9) тармақша алып тасталсын;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Әңгімелесу өткізу аяқталған күні қабылдау комиссиясы алғашқы кәсіптік даярлыққа жіберу үшін кандидаттар қатарынан "Азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 432 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24301 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 432 бұйрық) айқындалатын олардың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткішін ескере отырып, іріктеуді жүзеге асырады.";
48 және 49-тармақтар алып тасталсын;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін қабылдау комиссиясының хатшысы ақпараттық кадр жүйесі арқылы есептейді.
Кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебі № 432 бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, түйінді көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістеріне қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттың бәсекеге қабілеттілігін бағалау парағында көрсетіледі.
Кандидаттың бәсекеге қабілеттілігін бағалау парағына қабылдау комиссиясының төрағасы, қабылдау комиссиясының мүшелері, қабылдау комиссиясының хатшысы, сондай-ақ танысу үшін кандидат әңгімелесу аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды.";
Қағидаларға 10-қосымша алып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
К. Турсынбаев |
Азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістері
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістері (бұдан әрі -Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 175-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттың (бұдан әрі – кандидат) кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістерін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтинг) (бұдан әрі – бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші) – құқық қорғау органының ақпараттық кадр жүйесі арқылы қалыптастырылған, қызметке кандидаттың және қызметкердің кәсіби құзыреттеріне, сондай-ақ лауазым үшін негізгі көрсеткіштеріне және кәсіби жетістіктері туралы объективті деректеріне негізделген кәсіби әлеуетінің қалыптасқан сандық мәні (өлшемшарттар);
2) көрсеткіш мәні – кандидаттың бәсекеге қабілеттілігін айқындауға әсер ететін сапалық көрсеткіштерінің сандық (цифрлық) көрінісі;
3) синтез әдісі – объектілерді, құбылыстарды (процестерді) және шамаларды біртұтас тұтастыққа қосудың тәсілдері мен заңдылықтарының жиынтығы;
4) талдау әдісі – объектілерді, құбылыстарды (процестерді) және шамаларды құрамдас бөліктерге бөлудің тәсілдері мен заңдылықтарының жиынтығы;
5) кандидат үшін негізгі көрсеткіш – азаматтық қорғау органдарының қызметі негізінде қалыптастырылған және кандидатты қызметтік мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша бағалауға бағытталған көрсеткіш.
2-тарау. Азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістері
3. Кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтинг) айқындау талдау және синтез әдістерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
4. Кандидаттың кәсіби құзыреттері:
1) орта және аға басшы құрамның;
2) қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары бойынша белгіленеді.
5. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген лауазымдарға кандидаттың кәсіби құзыреттері мынадай критерийлер:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білу;
2) қызметке кандидаттың жеке қасиеттерін бағалау бойынша айқындалады.
Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген лауазымдарға кандидаттың кәсіби құзыреттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері және "Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14317 болып тіркелген) айқындалатын жеке қасиеттерін бағалау негізінде айқындалады.
6. Осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген лауазымдарға кандидаттың кәсіптік құзыреттері АҚО бөлімшелеріндегі жұмыс өтілі негізінде айқындалады және мынадай көрсеткіштік мәндерге тең:
жоқ (көрсеткіш мәні "0");
1 жылға дейін (көрсеткіш мәні "1");
1 жастан 5 жылға дейін (көрсеткіш мәні "2");
5 және одан да көп жыл (көрсеткіш мәні "5").
7. Қағидалардың 6-тармағына сәйкес көрсеткіш мәні айқындалатын осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген лауазымдарға кандидаттарды қоспағанда, кандидаттың кәсіби құзыретінің әрбір өлшемшартына көрсеткіш мәні беріледі.
8. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген лауазымдарға кандидаттың кәсіби құзыреттері мынадай формула бойынша бағаланады:
ПрК = T +( - ) О, онда:
ПрК -кандидаттың кәсіби құзыреттерін бағалау;
Т – "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білу" өлшемшарты бойынша көрсеткіш мәні;
О – "жеке қасиеттерді бағалау" өлшемшарты бойынша көрсеткіш мәні.
9. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген лауазымдарға кандидаттың кәсіби құзыреттерінің өлшемшарттарының көрсеткіш мәндеріне мыналар жатады:
1) "Т" тестілеу нәтижелері бойынша дұрыс жауаптардың орташа саны:
5-тен 8-ге дейін (көрсеткіш мәні "5");
9 - дан 12-ге дейін (көрсеткіш мәні "10");
13 және одан жоғары (көрсеткіш мәні "15");
2) "О" кандидаттың жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері:
кандидат жеке қасиеті бойынша "тәуекел аймағында" бағалау нәтижесін алған жағдайда ("сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік" жеке қасиетін қоспағанда) көрсеткіш мәні "- 5" құрайды;
"тәуекел аймағынан" жоғары бағалау нәтижесін алған кезде - әрбір жеке қасиеті бойынша көрсеткіш мәні "5" құрайды;
кандидат жеке қасиеті бойынша "сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік" "тәуекел аймағында" бағалау нәтижесін алған жағдайда, көрсеткіш мәні "- 10" құрайды.
10. Кандидаттың негізгі көрсеткіштері мына өлшемшарт бойынша анықталады:
1) кандидаттың білім деңгейі;
2) кандидаттың жұмыс өтілі;
3) кандидаттың әскери қызметке қатынасы;
4) кандидатты дене шынықтыру даярлығы нормативтерін тапсыру нәтижелері бойынша бағалау;
5) кандидаттың спорттық разрядының болуы;
6) кандидатты әңгімелесу нәтижелері бойынша бағалау.
11. Негізгі көрсеткіштердің әрбір өлшемшартына көрсеткіштік мән беріледі.
12. Негізгі көрсеткіштер мына формула бойынша бағаланады: КП=УО+СтР+ВС+ФП+СР+С, онда:
КП - негізгі көрсеткіштерді бағалау;
УО – "білім деңгейі" өлшемшарты бойынша көрсеткіш мәні;
СтР – "еңбек өтілі" өлшемшарты бойынша көрсеткіш мәні;
ВС – "әскери қызметке қатынасы" өлшемшарты бойынша көрсеткіш мәні;
ФП – "дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелерін бағалау" өлшемшарты бойынша көрсеткіш мәні;
СР – "спорттық разряд" өлшемшарты бойынша көрсеткіш мәні;
С – "кандидатты әңгімелесу нәтижесінде бағалау" өлшемшарты бойынша көрсеткіш мәні.
13. Негізгі көрсеткіштер өлшемшарттарының көрсеткіш мәндеріне мыналар жатады:
1) "УО" білім деңгейі:
орта білім (көрсеткіш мәні "1");
орта білімнен кейінгі білім (көрсеткіш мәні "3");
жоғары білім (көрсеткіш мәні "5");
жоғары оқу орнынан кейінгі білім (көрсеткіш мәні "10");
2) "СтР" еңбек өтілі:
жоқ (көрсеткіш мәні "0");
1 жылға дейін (көрсеткіш мәні "1");
1 жастан 5 жылға дейін (көрсеткіш мәні "2");
5 және одан да көп жылдан бастап (көрсеткіш мәні "5");
3) "ВС" әскери қызметіне қатынасы:
мерзімді әскери қызметке шақырудан босату немесе кейінге қалдырудың болуы (көрсеткіш мәні "0");
әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлықтан өту (көрсеткіш мәні "2");
запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша мерзімді әскери қызметтен немесе азаматтарды әскери даярлаудан өту (көрсеткіш мәні "3");
запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша азаматтарды әскери даярлау (көрсеткіш мәні "5");
4) "ФП" дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелері бойынша бағалау:
қанағаттанарлық (көрсеткіш мәні "3");
жақсы (көрсеткіш мәні "4");
өте жақсы (көрсеткіш мәні "5");
5) "СР" спорттық разряды:
спорттық разрядтың болмауы (көрсеткіш мәні "0");
"спорт шеберіне үміткер" (көрсеткіш мәні "2");
"спорт шебері" (көрсеткіш мәні "3");
6) "С" әңгімелесу нәтижелері бойынша кандидатты бағалау:
көрсеткіш мәні әңгімелесу нәтижелері бойынша баллдардың жиынтық санына тең деп қабылданады (әңгімелесу нәтижелері бойынша баллдардың жиынтық саны бағалау парақтарында айқындалған әңгімелесу нәтижелері бойынша кандидаттардың барлық бағаларын қосу және қорытынды санды комиссия мүшелерінің санына бөлу жолымен айқындалады).
14. Кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін қабылдау комиссиясының хатшысы ақпараттық кадр жүйесі арқылы мынадай формула бойынша есептейді:
ПКК= ПрК+ КП, онда:
ПКК - кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші;
ПрК - кандидаттың кәсіби құзыреттерін бағалау;
КП - негізгі көрсеткіштерді бағалау.
15. Кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттың бәсекеге қабілеттілігін бағалау парағында көрсетіледі.
Әрбір критерий бойынша үміткердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу кезінде (кәсіби құзыреттер, негізгі көрсеткіштер) бір ғана позиция ескеріледі. Кандидатта бір өлшемшарт бойынша екі немесе одан да көп позициялар (кәсіби құзыреттер, негізгі көрсеткіштер) болған кезде ең жоғары көрсеткіш мәні бар позиция ескеріледі.
Үміткердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау парағы ________________________________________________________________ (Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), кандидат талаптанып жатқан лауазым)
Кандидаттың кәсіби құзыреттерін бағалау ПрК | Негізгі көрсеткіштерді бағалау КП | |||||||
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білу | жеке қасиеттерді бағалау | азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріндегі жұмыс өтілі (қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына кандидаттар үшін) | мерзімді әскери қызметке шақырудың білім деңгейі | еңбек өтілі | әскери қызметке қатынасы |
денешынықтыру | спорттық разряды | әңгімелесу нәтижелері бойынша кандидатты бағалау |
Кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші | ||||||||
Қабылдау комиссиясының төрағасы __________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қабылдау комиссиясының мүшелері __________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қабылдау комиссиясының хатшысы ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Кандидаттың бәсекеге қабілеттілігін бағалау
парағымен таныстым ________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)