"Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 341 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 сәуірде № 36051 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында:

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Сотталғандардың өз қаражаты есебiнен хаттарды, олардың санын шектеусiз алуы және жiберуi тек мекеме әкiмшiлiгi арқылы "Сотталғандар жіберетін және алатын хат-хабарға бақылау жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 86 қбпү бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9754 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 86 қбпү бұйрық) сәйкес жүргiзiледi. Мекеменің әрбiр оқшауланған учаскесiнде, ал кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде мекеме әкiмшiлiгi белгiлеген орында арнайы жәшiктерi iлiнедi, олардан демалыс және мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын соған уәкiлеттi лауазымды тұлғалар хаттарды жiберу үшiн алып отырады. Толық қауіпсіз мекемелерде, жалғыз адамдық камераларда және мекемелердің қауiпсiз орындарында сотталғандар хаттарын жiберу үшiн мекеме әкiмшiлiгiне бередi.

      Мекемелерде лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттеріне сотталғандардың шағымдар беруіне арналған арнайы жәшіктерінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Аптасына бір рет жиілігімен прокурор мекеме әкімшілігі өкілінің қатысуымен жүгінулерді алады, ол туралы тиісті акті толтырады. Арнайы жәшіктер мекеме аумағында және үй-жайларда сотталғандарға қолжетімді жерде орнатылады.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Сотталғандардың хат жазысуы № 86 қбпү бұйрыққа сәйкес бақылауға алынады.";

      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. Осы Қағидалардың 98 және 99-тармақтарында көзделген кездесулер түскі үзіліс уақытын қоспағанда жұмыс уақытында сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін өткізіледі және ҚАК-ның 92, 136, 138, 140, 143, 145, 151-баптарында көрсетілген кездесулер санына есептелмейді.";

      119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "119. Жазасын қатаң жағдайда өтеп жатқан сотталғандардың тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуы, оларға кездесулер, сейілдеулер, телефон арқылы сөйлесулер беру ҚАК-нің 109, 136, 138, 140, 143, 145, 146, 151-баптарында көзделген.";

      149-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "149. Мекемелерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін тергеу изоляторларына ауыстырылған, оларға ұстау жағдайларына қарамастан күнделікті ұзақтығы бір жарым сағаттық сейілге шығу құқығы берілетін сотталғандарды қоспағанда, мекеменің камераларында ұсталатын сотталғандардың сейілге шығулары ҚАК-нің 111, 134, 138, 140, 145, 146, 150-баптарына сәйкес жүргiзiледi.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен норма шығармашылығын үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 819 "Об утверждении Правил внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 апреля 2025 года № 341. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 апреля 2025 года № 36051

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 819 "Об утверждении Правил внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9984) следующие изменения:

      в Правилах внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы, утвержденных указанным приказом:

      пункт 64 изложить в следующей редакции:

      "64. Получение и отправление осужденными за счет собственных средств писем без ограничения их количества производится только через администрацию учреждения в соответствии с приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 августа 2014 года № 86 ДСП "Об утверждении Правил проведения контроля отправляемой и получаемой осужденными корреспонденции" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9754) (далее – приказ № 86 дсп). В каждом изолированном участке учреждения, а в учреждениях средней безопасности для содержания несовершеннолетних в установленном администрацией учреждения месте, вывешиваются специальные ящики, из которых ежедневно, кроме выходных и праздничных дней, уполномоченными на то должностными лицами письма изымаются для отправления. В учреждениях полной безопасности, одиночных камерах и безопасных местах учреждений, письма для отправления осужденные передают администрации учреждений.

      В учреждениях обеспечивается функционирование специальных ящиков для подачи осужденными обращений на неправомерные действия должностных лиц. С периодичностью один раз в неделю обращения изымаются прокурором с участием представителей администрации учреждения, о чем составляется соответствующий акт. Специальные ящики устанавливаются на территории и в помещениях учреждений, доступных для осужденных местах.";

      пункт 67 изложить в следующей редакции:

      "67. Переписка осужденных подвергается контролю в соответствии с приказом № 86 дсп.";

      пункт 97 изложить в следующей редакции:

      "97. Свидания, предусмотренные в пунктах 95 и 96 настоящих Правил проводятся в рабочее время с 9.00 до 17.00 часов, за исключением времени обеденного перерыва и не засчитываются в число свиданий установленных статьями 92, 136, 138, 140, 143, 145, 151 УИК.";

      пункт 119 изложить в следующей редакции:

      "119. Приобретение осужденными, отбывающими наказание в строгих условиях продуктов питания и предметов первой необходимости, предоставление им свиданий, прогулок, телефонных переговоров предусматривается статьями 109, 136, 138, 140, 143, 145, 146, 151 УИК.";

      пункт 149 изложить в следующей редакции:

      "149. Прогулки осужденных, содержащихся в камерах учреждений проводятся в соответствии со статьями 111, 134, 138, 140, 145, 146, 150 УИК, за исключением осужденных переведенных в следственные изоляторы для обеспечения правопорядка в учреждениях, которым независимо от условий содержания предоставляется право на ежедневную прогулку продолжительностью полтора часа.".

      2. Комитету уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической и нормотворческой координации Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
Е. Саденов