"Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 256, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 40, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1009, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 358 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 485 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 8, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 8, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 340, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 2 мамырдағы № 172 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 2 мамырдағы № 82 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 мамырдағы № 36071 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 256, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 40, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1009, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 358 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 485 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31638 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген құқық қорғау органдарындағы бос және уақытша бос лауазымдарға конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ конкурстық комиссияны құру және оның жұмыс істеу қағидалары, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері:

      19 тармақтың алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Конкурс қорытындыларын органның конкурстық комиссиясының хатшысы ақпараттық автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйеге) енгізеді және органның, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында үш жұмыс күні ішінде электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша, сондай-ақ хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып орналастырады.";

      21-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды ақпараттық автоматтандырылған деректер базасы (ақпараттық жүйе) арқылы қабылдау;";

      25 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "25. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның хатшысы әңгімелесу өткізу кестесін, оның ішінде жіберілген кандидаттардың тізімін, күні, уақыты мен өтетін орнын белгілеп, оны ақпараттық автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйеге) енгізеді және мемлекеттік органның интернет-ресурсында жариялайды, сондай-ақ үш жұмыс күні ішінде кандидатқа электрондық пошта мекенжайына немесе ұялы байланыс абоненттік нөміріне хабарлама жіберу арқылы және хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін басқа да электрондық байланыс құралдарын пайдалану арқылы хабарлайды.";

      27 және 28-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "27. Конкурс комиссиясының хатшысы келесі кезеңдерге жіберілген кандидаттардың тізімін ақпараттық автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйеге) енгізіп, органның интернет-ресурсында жариялайды, сондай-ақ үш жұмыс күні ішінде кандидатқа әңгімелесуден өткеннен кейін электрондық пошта мекен-жайына немесе ұялы байланыс абоненттік нөміріне хабарлама жіберу арқылы және хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін басқа да электрондық байланыс құралдарын пайдалану арқылы хабарлайды.

      28. Әңгімелесу нәтижелері бойынша конкурстың келесі кезеңдеріне ұсынылған кандидат қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиядан (ӘДК) өтеді және полиграфологиялық зерттеуден өтеді. Кандидатқа ӘДК-дан өту және полиграфологиялық зерттеуге жолдаманы кадр қызметі ақпараттық автоматтандырылған дерекқор (ақпараттық жүйе) арқылы береді.";

      30 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "30. Конкурсқа қатысушылардың медициналық және психофизиологиялық куәландырудан және полиграфологиялық зерттеуден өту мерзімі ӘДК және полиграфологиялық зерттеуден өтуге жолдамалар келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде жүзеге асырылады.";

      34 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "34. Кандидат ақпараттық автоматтандырылған деректер базасы (ақпараттық жүйе) арқылы мынадай құжаттарды береді:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;

      3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсімінен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар);

      4) өз қолымен толтырылған және жазылған, жақын туыстары, жұбайы/зайыбы, соның ішінде бұрынғы жұбайлары көрсетілген егжей-тегжейлі өмірбаян (осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша), сондай-ақ қосымша ретінде қызметтік тізімнің көшірмесі (құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының, әскери қызметшілердің, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бұрынғы қызметкерлері үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (өзге тұлғалар үшін);

      5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;

      6) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;

      7) тестілеу нәтижелері бойынша, оның ішінде жеке қасиеттерді бағалауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 16-бабы 2-тармағына сәйкес берілген сертификат.

      Барлық құжаттар PDF форматында ұсынылады.

      Бұдан басқа, кандидат ақпараттық автоматтандырылған деректер базасы (ақпараттық жүйе) арқылы келесі құжаттарды жинауға және өңдеуге келісім береді.";

      мынадай мазмұндағы 35 тармақпен толықтырылсын:

      "35. Құжаттар пакетін толық тапсырмау, оның ішінде олардың құрамында шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтердің (деректердің) болуы, сондай-ақ осы Қағидалардың 34-тармағында көрсетілген мерзімі өткен құжаттарды ұсыну және кандидатты келесі құжаттарды ақпараттық автоматтандырылған дерекқор (ақпараттық жүйе) арқылы жинауға және өңдеуге келісім беруден бас тартуы конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына және конкурстың келесі кезеңдеріне жібермеуіне негіз болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми интернет-ресурсында ресми жарияланған күннен кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры аппаратының басшысына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бірінші орынбасарына, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі аппаратының басшысына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасарына, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы
А. Жұмағали
     
      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрінің міндетін атқарушы
К. Турсынбаев
     
      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов
     
      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов
     
      Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

"О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 26 декабря 2022 года № 256, и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 26 декабря 2022 года № 40, и.о. Министра внутренних дел Республики Казахстан от 28 декабря 2022 года № 1009, Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 29 декабря 2022 года № 358 и Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 29 декабря 2022 года № 485 "Об утверждении Правил формирования и работы конкурсной комиссии, сроков проведения этапов конкурса, а также перечень документов, необходимых для участия в конкурсе на занятие вакантной и временно вакантной должности в правоохранительных органах"

Совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 29 апреля 2025 года № 8, Генерального Прокурора Республики Казахстан от 29 апреля 2025 года № 8, Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 апреля 2025 года № 340, и.о. Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 2 мая 2025 года № 172 и Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 2 мая 2025 года № 82. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 мая 2025 года № 36071

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2026

      ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Внести в совместный приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 26 декабря 2022 года № 256, и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 26 декабря 2022 года № 40, и.о. Министра внутренних дел Республики Казахстан от 28 декабря 2022 года № 1009, Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 29 декабря 2022 года № 358 и Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 29 декабря 2022 года № 485 "Об утверждении Правил формирования и работы конкурсной комиссии, сроков проведения этапов конкурса, а также перечень документов, необходимых для участия в конкурсе на занятие вакантной и временно вакантной должности в правоохранительных органах" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 31638) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах формирования и работы конкурсной комиссии, сроков проведения этапов конкурса, а также перечень документов, необходимых для участия в конкурсе на занятие вакантной и временно вакантной должности в правоохранительных органах, утвержденных указанным совместным приказом:

      абзац шестой пункта 19 изложить в новой редакции:

      "Итоги конкурса секретарем конкурсной комиссии органа заносятся в информационную автоматизированную базу данных (информационная система) и размещаются на интернет-ресурсе органа, а также уполномоченного органа по делам государственной службы с уведомлением кандидата в течение трех рабочих дней с даты подведения итогов по адресу электронной почты или абонентскому номеру сотовой связи, а также с использованием иных электронных средств связи, обеспечивающих фиксирование извещения.";

      подпункт 2) пункта 21 изложить в новой редакции:

      "2) прием документов посредством информационной автоматизированной базы данных (информационной системы) от лиц, изъявивших желание принять участие в конкурсе;";

      пункт 25 изложить в новой редакции:

      "25. По результатам рассмотрения документов секретарь конкурсной комиссии органа формирует график проведения собеседования с указанием допущенных кандидатов, даты, времени и места его проведения, который заносится в информационную автоматизированную базу данных (информационная система) и размещается на интернет-ресурсе органа, с уведомлением кандидата в течение трех рабочих дней адресу электронной почты или абонентскому номеру сотовой связи, а также с использованием иных электронных средств связи, обеспечивающих фиксирование извещения.";

      пункты 27 и 28 изложить в новой редакции:

      "27. Секретарем конкурсной комиссии список кандидатов, допущенных к следующим этапам конкурса, заносится в информационную автоматизированную базу данных (информационная система) и размещается на интернет-ресурсе органа, с уведомлением кандидата в течение трех рабочих дней после прохождения собеседования по адресу электронной почты или абонентскому номеру сотовой связи, а также с использованием иных электронных средств связи, обеспечивающих фиксирование извещения.

      28. Кандидат, рекомендованный по результатам собеседования к дальнейшим этапам конкурса, для определения пригодности к службе проходит ВВК и полиграфологическое исследование. Направления кандидату на прохождение ВВК и полиграфологического исследования предоставляются кадровой службой посредством информационной автоматизированной базы данных (информационной системы).";

      пункт 30 изложить в новой редакции:

      "30. Срок прохождение медицинского и психофизиологического освидетельствования и полиграфологического исследования участников конкурса осуществляется в течение месяца со дня поступления направлений на прохождение ВВК и полиграфологического исследования.";

      пункт 34 изложить в новой редакции:

      "34. Кандидат подает посредством информационной автоматизированной базы данных (информационной системы) следующие документы:

      1) заявление по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      2) копию документа, удостоверяющего личность гражданина Республики Казахстан либо его электронную форму;

      3) копии документов об образовании, а также документы, подтверждающие прохождение процедуры нострификации или признание в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об образовании" (для дипломов, выданных зарубежными образовательными учреждениями, оригиналы для сверки);

      4) заполненную подробную автобиографию, написанную собственноручно, с указанием близких родственников, супруга/супруги, в том числе бывших супругов по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам, дополнительно копии послужного списка (для бывших сотрудников правоохранительных, специальных государственных органов, органов гражданской защиты, военнослужащих, административных государственных служащих), копии документа, подтверждающего трудовую деятельность (для иных лиц);

      5) анкету по форме, согласно приложению 3 к настоящим Правилам;

      6) военный билет или приписное удостоверение;

      7) сертификат, выданный по результатам тестирования, в том числе оценку личных качеств, в соответствии с пунктом 2 статьи 16 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан".

      Все документы предоставляются в PDF формате.

      Кроме того, кандидат дает согласие на сбор и обработку следующих документов через информационную автоматизированную базу данных (информационной системы).";

      дополнить пунктом 35 следующего содержания:

      "35. Предоставление неполного пакета документов, в том числе недостоверных данных (сведений) содержащихся в них, а также документов с истекшим сроком давности, указанных в пункте 34 настоящих Правил, и отказ кандидата на сбор и обработку следующих документов через информационную автоматизированную базу данных (информационной системы) является основанием для отказа в их рассмотрении конкурсной комиссией и недопущения к последующим этапам конкурса.".

      2. Департаменту кадровой работы Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего совместного приказа на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу после дня его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на руководителя аппарата Генерального Прокурора Республики Казахстан, первого заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционная служба), руководителя аппарата Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу, заместителя Министра внутренних дел Республики Казахстан, курирующего вице-министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      4. Настоящий совместный приказ вводится в действие с 1 января 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по противодействию коррупции
(Антикоррупционной службы)
__________ А. Жұмағали
      исполняющий обязанности
Министра по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
__________ К. Турсынбаев
      Генеральный Прокурор
Республики Казахстан
__________ Б. Асылов
      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
__________ Е. Саденов
      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по финансовому мониторингу
__________ Ж. Элиманов