Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 256, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 40, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1009, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 358 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 485 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 қаңтарда № 31638 болып тіркелді

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидалары, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаменті:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Аппаратының басшысына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бірінші орынбасарына, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасарына, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы __________О. Бектенов

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі __________Ю. Ильин

Министрдің м.а. __________М. Кожаев

Төрағаның орынбасары ______У. Раисов

Бас Прокуроры __________Б. Асылов


  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 485,
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 358,
Министрдің м.а. 2022 жылғы
28 желтоқсандағы № 1009,
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 40 мен
Қазақстан Республикасы Бас
Прокуроры 2022 жылғы 26
желтоқсандағы № 256
Бұйрығына қосымша

Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмысы қағидалары, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмысы, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-1-бабының 11-тармағына сәйкес әзірленді және конкурстық комиссияны қалыптастыру, оның жұмысы тәртібін, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдерін, сондай - ақ құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында (бұдан әрі - органдар) бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа (бұдан әрі - конкурс) қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесін айқындайды.

      2. Конкурс жариялаған органы, бос және уақытша бос лауазымға орналасуға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыру үшін конкурстық комиссияны қалыптастырады.

      3. Конкурсқа мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органында тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өткен адамдар қатысады.

2-тарау. Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі

      4. Органдарда бос және уақытша бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу үшін конкурстық комиссия (бұдан әрі – органның конкурстық комиссиясы) құрылады.

      5. Органның конкурстық комиссиясы конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды қарайтын, кандидаттармен әңгімелесу өткізетін және бос және уақытша бос лауазымға орналасуға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыратын алқалы орган болып табылады.

      6. Органның конкурстық комиссиясы кемінде бес мүшеден тұрады. Комиссияның төрағасы органның басшысы (немесе уәкілетті басшысы) не оның орынбасары болып табылады.

      7. Органның конкурстық комиссиясының құрамына органдардың заң, кадр қызметтерінің, меншікті (ішкі) қауіпсіздік қызметінің және құрылымдық бөлімшелердің өкілдері енгізіледі.

      Органның конкурстық комиссиясының хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын және дауыс беруге қатыспайтын кадр қызметінің қызметкері болып табылады.

      8. Орган комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін әңгімелесуге байқаушылар шақырылуы мүмкін.

      Әңгімелесуге байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қатыса алады

      9. Байқаушы ретінде әңгімелесуге қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей органдардың кадр қызметінде тіркеледі. Тіркеу үшін тұлға органдардың кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін не оның электрондық нысанын және ұйымдарға тиесілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      10. Әңгімелесу барысында бақылаушылар үміткерлерге сұрақтар қоймайды.

      Байқаушылардың органның конкурстық комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауына, кандидаттардың дербес деректеріне, кандидаттар қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жария етуіне, олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануына жол берілмейді.

      Әңгімелесу басталғанға дейін конкурстық комиссияның хатшысы байқаушыларды Қағидалармен таныстырады.

      11. Орган конкурсы аяқталғанға дейін орган қызметкерлерінің (жұмыскерлерінің) конкурстық комиссиялардың құрамы, конкурсқа қатысушылар және олардың жеке деректері туралы мәліметтерді жария етуіне жол берілмейді.

      12. Органның конкурстық комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      13. Қақтығыс туындаған жағдайда органның конкурстық комиссиясының мүшелері туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе бұл туралы өздеріне белгілі болған бойда оның туындау мүмкіндігі туралы органның конкурстық комиссиясының төрағасын жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Аталған адамдардың өтініштері бойынша органның конкурстық комиссиясының төрағасы немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдайды:

      1) осы тармақта көрсетілген адамдарды органның басшысына (уәкілетті басшысына) оны басқа лауазымды адаммен ауыстыру туралы ұсыныс енгізе отырып, органның конкурстық комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындаудан алшақтатады;

      2) мүдделер қақтығысын жою жөнінде шаралар қабылдайды.

      14. Әңгімелесу әр кандидатпен жеке жүргізіледі.

      15. Комиссияның конкурстық органының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған конкурстық комиссияның отырысына қатысқан мүшелерінің ішінен көпшілік дауыс берілсе, қабылданды деп есептеледі.

      16. Дауыстар тең болған жағдайда, органның конкурстық комиссиясының төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      17. Кандидаттармен әңгімелесу барысы және органның конкурстық комиссиясының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған органның конкурстық комиссиясының төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      18. Органның конкурстық комиссиясы конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізу кезеңдерінде және органның конкурстық комиссиясының қорытындыларын (қорытындысын) шығару кезінде отырады.

      Органның конкурстық комиссиясы әңгімелесу қорытындысы бойынша кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) конкурстың одан әрі кезеңдерінен өту үшін ұсынылады;

      2) конкурстың одан әрі кезеңдерінен өтуден бас тартады.

      Кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау кезінде конкурстық комиссия жарияланған лауазымның біліктілік талаптарын, міндеттері мен функцияларын, сондай-ақ кандидаттардың қойылған сұрақтарға жауаптарын негізге алады.

      19. Қорытынды отырыстың қорытындысы бойынша органның конкурстық комиссиясы келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) жарияланған бос және уақытша бос лауазымға тағайындауға ұсынылсын;

      2) бос лауазымға және уақытша бос лауазымға орналасуға резервке кандидатты қабылдауға ұсынылсын;

      3) жарияланған бос және уақытша бос лауазымға тағайындаудан бас тартуға құқылы.

      Конкурстық комиссияның қорытынды шешімі әңгімелесу, медициналық және психофизиологиялық куәландыру, полиграфологиялық зерттеу нәтижелері ескеріле отырып қабылданады.

      Конкурс қорытындыларын органның конкурстық комиссиясының хатшысы органның, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында үш жұмыс күні ішінде электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша, сондай-ақ хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып орналастырады.

      Органның конкурстық комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда кандидат оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шағымданады.

      20. Органның конкурстық комиссиясының материалдары конкурс аяқталған сәттен бастап органның кадр қызметінде кемінде 1 (бір) жыл сақталады.

      Органның конкурстық комиссиясының материалдарын конкурсқа қатысушылар еркін нысандағы өтініш негізінде осы тармақта көзделген сақтау мерзімі ішінде талап ете алады.

      Сақтау мерзімі өткеннен кейін органның конкурстық комиссиясының материалдары акт жасала отырып жойылуға жатады.

3-тарау. Конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері

      21. Органдардағы конкурс бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:

      1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

      2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдау;

      3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарының белгіленген біліктілік талаптарына және заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау;

      4) конкурстық комиссия өткізетін конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу;

      5) конкурсқа қатысушыларды медициналық және психофизиологиялық куәландыру (бұдан әрі - ӘДК);

      6) конкурсқа қатысушыларды полиграфологиялық зерттеу;

      7) органның конкурстық комиссиясының қорытындысы.

      22. Бос және уақытша бос лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыру органның, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады және органның бос және уақытша бос лауазымы, құжаттар тізбесі, құжаттарды қабылдау мерзімдері туралы мәліметтерді қамтиды.

      23. Органның бос және уақытша бос лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдауды орган конкурс өткізу туралы хабарландыруды соңғы жариялаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      24. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарының белгіленген біліктілік талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін қарауды конкурс комиссиясы құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Бір мезгілде кандидаттарды тексеруге арналған тізімдер органның ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бөлімшелерге жіберіледі, олар тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларды конкурстық комиссияға әңгімелесудің белгіленген күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      25. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстың қорытындыларын органның интернет-ресурстарында орналастырады, үш жұмыс күні ішінде электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша, сондай-ақ хабарламаның тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып хабардар етеді.

      26. Органның конкурстық комиссиясы өткізетін конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу құжаттарды қарау мерзімі аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Әңгімелесу барысында кандидатқа бос және уақытша бос лауазымға байланысты сұрақтар қойылады, сол лауазымға үміткер әрбір кандидатқа тең мөлшерде сұрақтар қойылады, әңгімелесу барысы бейнежазбаның техникалық құралдарының көмегімен тіркеледі, бұл туралы кандидаттарға ескертіледі.

      Әңгімелесудің бейнежазбасында кандидат пен конкурстық комиссияның мүшелері қамтылады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда конкурсқа қатысушы кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

      Комиссия қабылдайтын шешімдердің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін кандидаттардың жауаптарына бес балдық шкала бойынша баға қойылады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша органдарда бос және уақытша бос лауазымға орналасуға кандидаттармен әңгімелесу парақтарына енгізіледі.

      27. Конкурс комиссиясының хатшысы конкурстың келесі кезеңдеріне жіберілген кандидаттардың тізімін органның интернет-ресурсында электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша үш жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, сондай-ақ хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып орналастырады.

      28. Конкурстың келесі кезеңдеріне әңгімелесу нәтижелері бойынша ұсынылған кандидат қызметке жарамдылығын анықтау үшін ӘДК және полиграфологиялық зерттеуден өтеді. ӘДК өтуге кандидатқа жолдаманы кадр қызметі кандидат 3х4 (2 дана) мөлшеріндегі түрлі-түсті фотосуретті ұсынғаннан кейін береді.

      29. Кандидаттарды полиграфологиялық зерттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы №683 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларында айқындалатын тәртіппен органдарда жүргізіледі.

      30. Конкурсқа қатысушылардың медициналық және психофизиологиялық куәландырудан және полиграфологиялық зерттеуден өту мерзімі ӘДК өтуге жолдама алған күннен бастап бір ай ішінде жүзеге асырылады.

      31. Денсаулық жағдайы бойынша жарамсыз деп танылған кандидат іріктеудің одан әрі кезеңдеріне қызмет өткеруге жіберілмейді.

      32. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы конкурстың соңғы қатысушысын медициналық және психофизиологиялық куәландыру және полиграфологиялық зерттеу қорытындыларын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өткізіледі.

      33. Орган немесе оның аумақтық органы қайта ұйымдастырылған немесе қайта таратылған (таратылған) жағдайларда жарияланған конкурс бұқаралық ақпарат құралдарында бұл туралы хабардар ете отырып, оны өткізудің кез келген кезеңінде жойылуға тиіс.

4-тарау. Органдарда бос және уақытша бос лауазымға орналасуға конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      34. Кандидат Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес мынадай құжаттарды қолма қол береді немесе жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша жібереді:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;

      3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсімінен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар);

      4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылып толтырылған егжей-тегжейлі өмірбаяы, қосымша қызметтік тізімнің көшірмелері (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдардың бұрынғы қызметкерлері, әскери қызметшілер, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері (өзге де адамдар үшін);

      5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;

      6) әскери билет немесе тіркеу куәлігі.

      Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы және конкурстың келесі кезеңдеріне жібермеуі үшін негіз болып табылады.

  Конкурстық комиссияны
қалыптастыру және оның жұмыс
істеу қағидалары, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері,
сондай-ақ құқық қорғау
органдарындағы бос және
уақытша бос лауазымға
орналасуға арналған конкурсқа
қатысу үшін қажетті құжаттар
тізбесіне
1-қосымша
  Нысан ___________________
  __________________________
  Құқық қорғау органының,
азаматтық қорғау органының
басшысына немесе уәкілетті
басшысына

Арыз

      Маған ______________________________________________________

      Т.А.Ә. (болған жағдайда, толығымен)

      құқық қорғау органындағы, азаматтық қорғау органдарындағы бос және уақытша

      бос лауазымға лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін рұқсат

      беруіңізді сұраймын.

      Мен келесі құжаттарды ұсындым:

      1. _________________________

      2. _________________________

      3. _________________________

      4. _________________________

      5. _________________________

      6. _________________________

      7. _________________________

      Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.

      (Қолы)

      Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      "____" _______________ 20____ ж.

  Конкурстық комиссияны
қалыптастыру және оның жұмыс
істеу қағидалары, конкурс
кезеңдерін өткізу мерзімдері,
сондай-ақ құқық қорғау
органдарындағы бос және
уақытша бос лауазымға
орналасуға арналған конкурсқа
қатысу үшін қажетті құжаттар
тізбесіне
2-қосымша
  Нысан

Өмірбаянды кандидат өз қолымен, еркін түрде, шимайсыз және түзетулерсіз, төмендегі мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жазады:
Автобиография пишется кандидатом собственноручно, в произвольной форме, без помарок и исправлений, с обязательным указанием следующих сведений:
- тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, ұлты, ана тілі, тағы қандай тілдерді біледі;
- фамилия, имя, отчество, дата и место рождения, национальность, родной язык, какими языками еще владеет;
- қашан (күні, айы, жылы), қайда, қандай оқу орындарында оқыды, білімі бойынша мамандығы;
- когда (число, месяц, год), где, в каких учебных заведениях учился, специальность по образованию;
- кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның толық атауы мен мекенжайы, бір жұмыстан басқа жұмысқа ауысу себебі көрсетіле отырып, кім болып, қашан (күні, айы, жылы) және қайда жұмыс істеді, тәртіптік, материалдық немесе қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылды ма (қашан, кім қолданды, не үшін, ықпал ету шарасы);
- кем, когда (число, месяц, год) и где работал с указанием полного наименования и адреса предприятия, учреждения или организации, причины перехода с одной работы на другую, применялись ли меры дисциплинарного, материального или общественного воздействия (когда, кем, за что, мера воздействия);
- әскери міндеттілікке қатысы, міндетті әскери қызметке қашан және қандай әскери комиссариат шақырды (егер шақырылмаса, себебі көрсетілсін), қандай әскери бөлімдерде (нөмірлері көрсетілсін) және кім болып қызмет өткерді, Қарулы Күштерден запасқа қашан (күні, айы, жылы) және қандай лауазымнан босатылды, әскери атағы;
- отношение к воинской обязанности, когда (число, месяц, год) и каким военкоматом призван на действительную военную службу (если не призвался, указать причину), в каких воинских частях (указать номера) и в качестве кого проходил службу, когда и с какой должности уволен в запас Вооруженных Сил, воинское звание;
- отбасы жағдайы, қашан некеге тұрды, әйелінің (ерінің) тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, ұлты, жұмыс орны мен лауазымы, тұрғылықты жері; кандидат пен оның әйелінің (ерінің) жақын туысқандары; әкесі, шешесі, аға-інілері, апа-қарындастары (сіңлілері) мен балалары, сондай-ақ бұрынғы әйелдері (ерлері) және олардың жақын туысқандарына қатысты осындай мәліметтер, ажырасу себептері көрсетіле отырып, некені бұзу туралы куәліктерінің нөмірлері, оларды қандай орган және қашан берді; егер кандидат, оның әйелі (ері) немесе жақын туысқандары тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, онда олардың бұрынғы анықтамалық деректері көрсетіледі, туысқандарынан кім ішкі істер органдарында немесе ішкі әскерлерде қызмет етеді (туысқандық дәрежесі, тегі, аты, әкесінің аты, қайда, лауазымы, арнайы немесе әскери атағы);
- семейное положение, когда вступил в брак, фамилия, имя, отчество, дата и место рождения, национальность; место работы и должность, место жительства жены (мужа); такие же сведения на близких родственников кандидата и его жены (мужа); отца, мать, братьев, сестер и детей, а также на бывших жен (мужей) и их близких родственников с указанием причин развода, номера свидетельств о расторжении брака, когда и каким органом оно выдано; если кандидат, его жена (муж) или их близкие родственники изменяли фамилию, имя, отчество, то указывается и их прежние установочные данные; служит ли кто из родственников в органах внутренних дел или во внутренних войсках (степень родства, фамилия, имя, отчество, где, должность, специальное или воинское звание);
- кандидат, оның әйелі (ері) немесе жақын туысқандарынан біреу шетел азаматтығында тұрды ма (кім, туысқандық дәрежесі), олардың ішінде кім шетелде болды (қашан, қайда, қандай мақсатпен) немесе тұрақты тұруға шетелге шығу үшін өтініш білдірді (қашан, қандай себеппен), шетелдерде тұратын туысқандары бар ма (тегі, аты, әкесінің аты, туысқандық дәрежесі, немен айналысады, қайда тұрады), олармен байланыс қалай іске асады;
- состоял ли кандидат, его жена (муж) или кто-нибудь из их родственников в иностранном гражданстве (кто, степень родства), кто из них был за границей (когда, где, с какой целью) или ходатайствовал о выезде за границу на постоянное место жительства (когда, по какой причине), имеются ли родственники, проживающие за границей (фамилия, имя, отчество, степень родства, род занятий, где проживают), в чем выражается связь с ними;
- кандидат, оның әйелі (ері) немесе олардың жақын туысқандарынан біреу қылмыстық не әкімшілік жауаптылыққа тартылған ба (қашан, не үшін, жазалау шарасы);
- привлекался ли кандидат, его жена (муж) или кто-либо из их близких родственников к уголовной или административной ответственности (когда, за что, мера наказания);
- соңғы жұмыс орны мен лауазымы, тұрғылықты жері, егер бір жерден екінші жерге көшуге тура келсе, бұрынғы тұрғылықты жерлері көрсетіледі.
- место последней работы и должность, место жительства, если приходилось переезжать с одного места жительства на другое, то указываются прежние места жительства.

ӨМІРБАЯН
АВТОБИОГРАФИЯ

_____________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты /

фамилия, имя, отчество)

_____________________________________

_____________________________________

_____________________________________

_____________________ _______________

____________________________________

____________________________________

_____________________________________

_____________________________________

_____________________________________

____________________________________

_____________________________________

_____________________________________

_____________________________________

___________________________________

____________________________________

____________________________________

_____________________________________

______________ ______________________

_____________________________________

_____________________________________

____________________________________

____________________________________

____________________________________

____________________________________

____________________________________

____________________________________

____________________________________

____________________________________

____________________________________

____________________________________

____________________________________

____________________________________

____________________________________

____________________________________

_____________________ _______________

____________________________________

_____________________________________

___________________________________

___________________________________

___________________________________

___________________________________

____________________________________

____________________________________

____________________________________

____________________________________

____________________________________

_________________________________

_________________________________

________________________________

_________________________________

_________________________________

________________________________

_________________________________

____ ____________________________

_________________________________

_________________________________

_________________________________

________________________________

_________________________________

________________________________

________________________________

_________________________________

_________________________________

_________________________________

__________________________________

_________________________________

_________________________________

_________________________________

________________________________

_________________________________

_________________________________

_________________________

_______________________________

_______________________________

_______________________________

_______________________________

________________________________

________________________________

________________________________

________________________________

_______________________________

________________________________

_______________________________

_______________________________

________________________________

_______________________________

________________________________

_______________________________

_______________________________

_______________________________

_______________________________

_______________________________

_________________________________

________________________________

________________________________

_________________________________

_________________________________

_________________________________

_________________________________

_________________________________

_________________________________

________________________________

_________________________________

__________________________________

__________________________________

_________________________________

________________________________

_________________________________

__________________________________

__________________________________

      20_ жылғы "___" __________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

  Конкурстық комиссияны
қалыптастыру және оның жұмыс
істеу қағидалары, конкурс
кезеңдерін өткізу мерзімдері,
сондай-ақ құқық қорғау
органдарындағы бос және
уақытша бос лауазымға
орналасуға арналған конкурсқа
қатысу үшін қажетті құжаттар
тізбесіне
3-қосымша
  Нысан

Сауалнама

Сұрақтар

Жауаптар

1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


2. Атын, әкесінің атын, тегін өзгерткен болса (бар болған жағдайда), қашан, қайда және қандай себептермен өзгерткен.


3. Туған жылы, күні, айы және орны (ауыл, қала, аудан, облыс, республика).


4. Ұлты, азаматтығы (егер өзгерткен болса, қашан және қандай себептермен өзгерткен).


5. Білімі (қашан және қандай оқу орындарын аяқтадыңыз, дипломдардың нөмірлері), диплом бойынша мамандығы мен біліктілігі.


6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы мәліметтер (қашан берілді, дипломның нөмірі), ғылыми еңбектері мен өнертабыстары.


7. Ана тіліңіз, басқа қандай тілдерді және қай дәрежеде білесіз?


8. Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылдыңыз ба?


9. Құқық қорғау қызметіне түспес бұрын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылдыңыз ба?


10. Құқық қорғау қызметіне түспес бұрын Сізге сот тәртібімен қасақана құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін әкімшілік жаза қолданылды ма?


11. Құқық қорғау қызметіне түспес бұрын Сізге сот тәртібімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін әкімшілік жаза қолданылды ма?


12. Бұрын сотталған немесе қылмыстық жауапкершіліктен ақталмайтын негіздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен шығарылған болдыңыз ба?


13. Сіздің жақын туысқандарыңыз сотты болды ма (қашан және не үшін)?


14. Сіз және Сіздің жақын туысқандарыңыз шетелде болды ма, қашан және қандай мақсатпен?


15. Сіздің немесе жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) шетелде тұрақты тұратын туысқандарыңыз бар ма (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, туысқандық деңгейі, тұрғылықты жері, тұратын елі, олар шетелде қай уақыттан бері тұрады, немен айналысады)


16. Сіз орналасайын деп отырған лауазымның тікелей бағыныстылығындағы лауазымды атқарып отырған мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, баласы, қызы, асырап алушы, асырап алынған, толық немесе толық емес ағасы және апасы, атасы, әжесі, немересі, зайыбы немесе жұбайы) болып табыласыз ба?


      17. Сіздің жақын туысқандарыңыз (ата-аналары (ата-анасы), балалар ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері қарындастары) және сіздің жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) жақын туысқандары (ата-аналары (ата-анасы), балалар ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ бұрынғы жұбайларыңыз (зайыптарыңыз)*:

Туыстық деңгейі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған жылы, айы, күні және жері

Жұмыс орны және лауазымы

Тұрғылықты мекенжайы











      Ескертпе.

      * егер туысқандарыңыз тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, онда олардың бұрынғы тегін, атын, әкесінің атын көрсету қажет.

      18. Еңбек жолын бастағаннан бері атқарып жатқан жұмыстары (жоғары және арнаулы орта оқу орындарының күндізгі бөлімдеріндегі оқуын, әскери қызметін және қоса атқарған жұмысын, кәсіпкерлік қызметін және т.с.с. қоса алғанда).

      Бұл тармақты толтырғанда мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындарды сол уақытта аталған қалпында жазу қажет. Әскери қызметі туралы лауазымын, әскери бөлімшенің нөмірін және орналасқан жерін көрсете отырып жазу керек.

Айы және жылы

Мекеме, ұйым, кәсіпорын көрсетілген лауазымы

Мекеме, ұйым, кәсіпорынның орналасқан жері

келген

кеткен













      19. Әскери міндетке қатысы және әскери шені

      ________________________________________________________________

      20. Мекенжайы (тіркелген мекенжайы және тұратын мекенжайыңыз),

      үй және ұялы телефонының нөмірі

      ________________________________________________________________

      21. Паспорт, жеке куәлік

      ________________________________________________________________

      (сериясы, нөмірі, кім және қашан берген)

      22. Қосымша мәліметтер (мемлекеттік наградалар, сайланбалы өкілдік

      органдарға қатысулар, сондай-ақ үміткер өзі туралы хабарлауды қалайтын ақпарат)

      __________________________________________________________

      20_ жылғы "___" ________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

  Конкурстық комиссияны
қалыптастыру және оның жұмыс
істеу қағидалары, конкурс
кезеңдерін өткізу мерзімдері,
сондай-ақ құқық қорғау
органдарындағы бос және
уақытша бос лауазымға
орналасуға арналған конкурсқа
қатысу үшін қажетті құжаттар
тізбесіне 4-қосымша
  Нысан

Қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы бос және уақытша бос лауазымға орналасуға үміткерлермен әңгімелесу парағы

      Конкурскқа қатысушы ________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Лауазымның атауы ___________________________________________


Ерекшелігі бойынша және ситауациялық жағдай

Сұрақтарға жауаптар
(5 баллдық межелік бойынша бағаланады)

1

негізгі білімдері


2

жақсы білуі және зердесі
(теориялық, практикалық)
(керектісін сызу керек)


3

жоғары кәсіби білімі


4

шешендік өнер
(диалог құра білу)


5

ерекше білім
(оның ішінде мемлекеттік, орыс және
басқа тілдерді білуі)


 

Жалпы балл

 


Уәждемелер мен біліктіліктер бойынша
(болжам)

Жауаптардың нәтижелері бойынша бағаланады +/-

1

төменгі нәтиже


2

ортадан төмен нәтиже


3

орта нәтиже


4

ортадан жоғары нәтиже


5

жоғары нәтиже


      Конкурстық комиссия мүшесінің ____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      20__ жылғы "___" _________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады