"Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 11-1-4/155 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-4/265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 мамырда № 36096 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 11-1-4/155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20642 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші Ішкі істер министрлігінен хатты алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға "Қайтып оралуға арналған куәлікті және қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары мен оны қорғауға талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 шілдедегі № 11-1-4/407 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33227 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша ресімделген қайтып оралуға арналған куәлікті береді.

      Қызмет көрсету мерзімі он жұмыс күнін құрайтын мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негізі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша позициясын білдіруіне мүмкіндік беру үшін өткізілетін тыңдаудың уақыты, күні мен орны туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімді алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдейді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Цифрландыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-министрінің орынбасары -
Сыртқы істер Министрі
М. Нұртілеу

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

О внесении изменения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 14 мая 2020 года № 11-1-4/155 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Оформление свидетельства на возвращение"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра иностранных дел Республики Казахстан от 8 мая 2025 года № 11-1-4/265. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 мая 2025 года № 36096

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 14 мая 2020 года № 11-1-4/155 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Оформление свидетельства на возвращение" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20642) следующее изменение:

      в Правилах оказания государственной услуги "Оформление свидетельства на возвращение", утвержденных указанным приказом:

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Услугодатель не позднее трех рабочих дней со дня получения письма от Министерства внутренних дел выдает услугополучателю оформленное свидетельство на возвращение согласно форме, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 31 июля 2023 года № 11-1-4/407 "Об утверждении Правил оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения свидетельства на возвращение и образца свидетельства на возвращение и требований к его защите" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33227).

      В случае выявления основания для отказа в оказании государственной услуги, срок оказания которого составляет десять рабочих дней, услугодатель уведомляет услугополучателя о предварительном решении об отказе в оказании государственной услуги, а также времени, дате и месте, способе проведения заслушивания для предоставления возможности услугополучателю выразить позицию по предварительному решению.

      Уведомление о заслушивании направляется не менее чем за три рабочих дня до завершения срока оказания государственной услуги.

      Услугополучатель предоставляет или высказывает возражения к предварительному решению в срок не позднее двух рабочих дней со дня получения предварительного решения.

      По результатам заслушивания услугодатель оформляет свидетельство на возвращение либо направляет мотивированный отказ в оказании государственной услуги.".

      2. Департаменту цифровизации Министерства иностранных дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства иностранных дел Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных в подпунктах 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Руководителя аппарата Министерства иностранных дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-министра
- Министр иностранных дел
Республики Казахстан
М. Нұртілеу

      "Согласован"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "Согласован"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "Согласован"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан