БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларында:
11-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"6-1) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу объектілері бойынша жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, жол активтерін басқару жөніндегі функциялары жүктелген автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарамағындағы тұлғамен жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу бойынша шаралар қабылдайды;";
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Тапсырыс беруші автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу объектілерін пайдалануға беруді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 305 бұйрығымен бектіліген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11523 болып тіркелген) Жол активтері сапасының ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларында белгіленген тәртіппен Ұлттық жол активтері сапасы орталығы беретін жұмыстар мен материалдар сапасына сараптаманың қорытынды есебі болған кезде жүзеге асырады.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі