Жол активтері сапасының ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 305 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 шілдеде № 11523 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.03.2023 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.03.2023 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жол активтері сапасының ұлттық орталығы жұмыстары мен материалдарының сапасына сараптама жүргізуді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.03.2023 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдар комитеті (М.Қ. Пішембаев):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "Келісілген"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________Б.Сұлтанов

      2015 жылғы 14 сәуір

      "Келісілген"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлтық экономика министрі

      _________________Е.Досаев

      2015 жылғы 29 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 305 бұйрығымен
бекітілген

Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.03.2023 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 36) тармақшасына сәйкес әзірленді және Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының автомобиль жолдарының жұмыстары мен материалдарының сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы жол қызметінің барлық субъектілеріне қолданылады.

      3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) авторлық қадағалау – сәулет немесе қала құрылысы туындыларының авторын (авторларын) қоса алғанда, әзірлеушілер жүзеге асыратын құрылыс жобасының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі автордың құқықтылығы;

      2) Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы (бұдан әрі – Орталық) –жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, жол активтерін басқару, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру жөніндегі функциялар, сондай-ақ автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу, жаңа технологияларды енгізу және тәжірибелік учаскелерді қолдау жөніндегі функциялар жүктелген, автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарамағындағы заңды тұлға;

      3) жұмыс жүргізу объектілері – автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау объектілері, сондай-ақ мердігер шарты мен кепілдікті кезең шеңберінде жүзеге асырылатын жобалық және техникалық құжаттама құрамына кіретін объектілер;

      4) тапсырыс беруші – автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;

      5) техникалық қадағалау – орындалған жұмыстың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық сатысында құрылысты қадағалау;

      6) уәкілетті орган – автомобиль жолдары бойынша уәкілетті мемлекеттік орган.

      4. Сараптаманың мақсаты жобаның, техникалық құжаттаманың, мердігерлік шарттар мен нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын сақтай отырып, жолдар мен құрылыстардың конструкциялық элементтерінің, материалдардың, жұмыс жүргізу технологиясының жарамдылығын белгілеу болып табылады.

2-тарау. Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру тәртібі

      5. Сараптама осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамасына сәйкес Тапсырыс беруші мен Орталық арасындағы сараптама жүргізуге арналған шарт негізінде жүзеге асырылады.

      6. Сараптама нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес сараптаманың нақты емес нәтижелерін болдырмайтын, сараптама жүргізу үшін қолайлы климаттық жағдайлар кезінде жүзеге асырылады.

      7. Сараптама жүргізу мақсатында Орталық 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сараптама жүргізудің жоспар-кестесін (бұдан әрі – жоспар-кесте) әзірлейді, ал тапсырыс беруші бекітеді.

      8. Жоспар-кесте Тапсырыс берушінің және Орталықтың интернет-ресурстарында орналастырылады.

      9. Жоспарлы сараптама міндетті түрде жоспар-кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Жоспардан тыс сараптама:

      1) Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталықтың сараптамасының теріс корытындылары болуы кезінде;

      2) қылмыстық істі жүргізетін органның, тергей судьясының қаулысы бойынша және уәкілетті органның тапсырмасы және/немесе келісімі бойынша;

      3) жұмыс технологиясының ақаулары, бұзылуы және/немесе жұмыс жүргізу объектілерінде сапасыз материалды қолдану туралы растайтын материалдарды қоса бере отырып, жеке немесе заңды тұлғалардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.

      11. Орталық сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде:

      1) сертификатталған, тексерілген және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген аспаптарды, жабдықты және өлшеу құралдарын қолдану арқылы қолданыстағы салалық нормативтік-техникалық құжаттармен регламенттелген сынақтар мен өлшеу әдістеріне сәйкес сараптама жүргізеді;

      2) сараптаманы қысқа мерзімді сынақтар үшін 10 (он) жұмыс күні ішінде және ұзақ мерзімді сынақтар үшін 35 (отыз бес) жұмыс күні ішінде қорытындысын шығара отырып жүргізеді;

      3) жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша қорытындыны Тапсырыс берушіге және Мердігерге жібереді;

      4) Сараптама қорытындысына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша Тапсырыс беруші шара қолданбаған жағдайда, тиісті шаралар қолданылу үшін уәкілетті органды және/немесе "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәулет-құрылысты бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік органды хабардар етеді.

      12. Орталық сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде:

      1) сараптама жүргізу мақсатында жұмыс жүргізу объектілерінде кедергісіз бола алады;

      2) жобалық, техникалық және атқарушылық құжаттамасымен танысады.

      13. Тапсырыс беруші сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде:

      1) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген жоспар-кестені бекітеді;

      2) сараптама жүргізу кезеңінде мердігер, техникалық қадағалау және мүдделі адамдар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді;

      3) Орталықтың жұмыс жүргізу объектілеріне кіруін қамтамасыз етеді;

      4) жобалық, техникалық және атқарушылық құжаттамаларды береді;

      5) сараптама қорытындыларында көрсетілген бұзушылықтарды жою бойынша мердігерді бақылайды;

      6) мердігерлік шартқа сәйкес сараптаманың теріс қорытындысын алған сәттен бастап мердігерге ықпал ету шараларын қолданады;

      7) мердігер сараптама қорытындысына сәйкес бұзушылықтар мен ақауларды жою нәтижелері бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде Орталықты жазбаша түрде хабардар етеді және қайта сарптама жүргізуге бастамашылық жасайды.

      8) Орталықпен бірлесіп жоспар-кестеге түзетулер енгізеді;

      9) сараптама қорытындысымен танысады;

      10) қайта сараптама жүргізу үшін өтінім береді.

      14. Мердігер сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде:

      1) Орталықтың сараптама жүргізу үшін жұмыс жүргізу объектісіне кіруін қамтамасыз етеді;

      2) сараптама жүргізу кезеңінде Орталыққа жобалық, техникалық және атқарушылық құжаттамаларын береді;

      3) сараптама қорытындыларына сәйкес Орталық анықтаған бұзушылықтар мен ақауларды жою жөнінде іс-шараларды жүргізеді;

      4) сараптама қорытындысымен танысады;

      5) тапсырыс беруші мен Орталықты жазбаша түрде хабардар ету арқылы қайта сараптама жүргізуге бастамашылық етеді.

      15. Сараптама қорытындылары:

      1) жұмыс жүргізу объектісінің атауын;

      2) тапсырыс берушінің, мердігердің, техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асырушы адамдардың атауын;

      3) іс-шараларды және сараптаманы жүргізу күні мен мерзімдері көрсетіліп сараптама негіздерін;

      4) регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес ресімделген сараптама қорытындыларын;

      5) сараптаманың тікелей орындаушысының және оның басшысының электрондық цифрлық қолтаңбалары.

      16. Сараптама жүргізілетін параметрлердің тізбесі автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау немесе жөндеу саласындағы нормативтік құжаттармен, сондай-ақ осы Қағидалардың ережелерін және тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартта осы Қағидалардың ережелерін ескере отырып белгіленген техникалық ерекшеліктерді ескере отырып, мердігерлік шартпен белгіленеді.

  Жол активтерінің сапасы
ұлттық орталығының жұмыстар
мен материалдардың сапасына
сараптама жүргізуін
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Сараптама жүргізудің жоспар-кестесі

"КЕЛІСІЛДІ"
Орталық филиалының басшысы _________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
20__жылғы "____" _________ ____________
________________
(мөр орны (бар болған жағдайда)

"КЕЛІСІЛДІ"
____________________________
(Тапсырыс берушінің атауы)
____________________________
(тапсырыс берушінің лауазымы)
__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
20__жылғы "____" ___________ ___________________________
(мөр орны (бар болған жағдайда)


р/с

Объектінің атауы

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

қараша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11




























































  Жол активтерінің сапасы
ұлттық орталығының
жұмыстар мен материалдардың
сапасына сараптама жүргізуін
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сараптама қорытындысы

      1. Жұмыс жүргізу объектісінің атауы: ____________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Тапсырыс берушінің атауы: __________________________________________

      3. Мердігерді атауы: __________________________________________________

      4. Техникалық қадағалаудың атауы: _____________________________________

      5. Авторлық қадағалаудың атауы: _______________________________________

      6. Негізгі сарапшылар: _________________________________________________

      7. Сараптама нәтижелері: ______________________________________________

      8. Сараптама қорытындысы: ___________________________________________

      Орталық филиалының басшысы

      ________________________________            ____________________________

      (қолы, мөр орны(бар болған жағдайда)            (тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

      Сараптама орындаушысы

      __________________________________             ____________________________

      (қолы, мөр орны(бар болған жағдайда)             (тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады