Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Темір ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Темір ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29266 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабы 1 – тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73 - тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір ауданы әкімі |
А. ЖАКСЫЛЫКОВ |
Темір ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 қаңтардағы № 12 қаулысына қосымша |
|
Темір ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 149 қаулысымен бекітілді |
Темір ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары | Орналасқан алаңы, шаршы метр | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл | Қызмет саласы | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) |
Шұбарқұдық ауылдық округі | |||||
1 | Шұбарқұдық ауылы, Желтоқсан көшесі № 6 А, "Ainaline" кафесінің сол жағы | 48 | 5 | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар | "Ainaline" кафесі |
2 | Шұбарқұдық ауылы, Н. Байғанин-Н. Имашев көшелерінің қиылысы, "Қарлығаш" дүкенінің сол жағы | 32 | 5 | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар | "Қарлығаш" киім дүкені |
3 | Шұбарқұдық ауылы, "Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жылдығы" атындағы, орталық саябақтың іші | 100 | 5 | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар | жоқ |
4 | Шұбарқұдық ауылы, Қызылжар 3, мөлтек ауданындағы, № 158 учаскесінде орналасқан саябақтың іші | 48 | 5 | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар | жоқ |
Алтықарасу ауылдық округі | |||||
5 | Алтықарасу ауылы, Қарабас көшесі, "С. Аманғосов" атындағы орталық саябақтың іші | 48 | 5 | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар | жоқ |
Ақсай ауылдық округі | |||||
6 | Ақсай ауылы, Төсбұлақ көшесі № 4, "Н. Байғанин атындағы Темір аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорыны "Ақсай ауылдық мәдениет үйі" ғимаратының сол жағы | 24 | 5 | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар | жоқ |
Жақсымай ауылдық округі | |||||
7 | Шұбарқұдық ауылы, Мектеп көшесі № 1 тұрғын үйдің алды | 24 | 5 | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар | жоқ |
Кеңестуы ауылдық округі | |||||
8 | Қопа ауылы, Саябақ көшесі № 12 Б, саябақтың оң жағы | 24 | 5 | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар | "Еркеназым" азық-түлік дүкені |
Қайынды ауылдық округі | |||||
9 | Құмқұдық ауылы, Мектеп көшесі № 8, орталық саябақтың іші | 48 | 5 | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар | жоқ |
Кеңқияқ ауылдық округі | |||||
10 | Кеңқияқ ауылы, Корпусная көшесінде орналасқан "Ауған соғысы ардагерлеріне арналған" монументтің алды жағы | 48 | 5 | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар | жоқ |
11 | Кеңқияқ ауылы, Қазақ мұнайына 100 жыл көшесі, "Асылжан" дүкенінің сол жағы | 25 | 5 | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар | "Асылжан" азық-түлік дүкені |
12 | Кеңқияқ ауылы, Ы. Алтынсарина көшесі № 11, "Зере бөбекжай балабақшасы" Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының оң жағы | 25 | 5 | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар | жоқ |
Саркөл ауылдық округі | |||||
13 | Саркөл ауылы, Геолог көшесі № 25 Д, "Саркөл ауылдық округі әкімдігі аппараты" Мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағы | 30 | 5 | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар | жоқ |
14 | Саркөл ауылы, Геолог көшесі № 25 А, "Алишер" сурет салонының оң жағы | 30 | 5 | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар | жоқ |
15 | Саркөл ауылы, Геолог көшесі № 26 Б, теннис кортының арты | 59 | 5 | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар | жоқ |
Тасқопа ауылдық округі | |||||
16 | Тасқопа ауылы, Астана көшесі, "Әсем" дүкенінің оң жағы | 48 | 5 | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар | "Әсем" азық-түлік дүкені |
Темір қаласы | |||||
17 | Темір қаласы, Сәңкібай көшесі, № 24 тұрғын-үйге қарама-қарсы | 20 | 5 | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар | жоқ |