Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Ресупубликасы Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 31-бабының 2-тармағына сәйкес Қонаев қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Қонаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қонаев қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалаішілік қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру белгіленсін:
1) Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін саяси қуғын сүргінге ұшыраған тұлғаларға;
2) екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;
3) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды алып жүретін адамдарға.
2. Осы бірлескен Қонаев қаласы мәслихатының шешімі және Қонаев қаласы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Қонаев қаласының әкімдігі тасымалдаушылардың әлеуметтік мәні бар маршруттарға және жеңілдік берілген жолаушылар санаттарын тасымалдау қызмет көрсетуді іске асыруға байланысты залалдарын өтеуді қарастырсын.
4. Осы бірлескен Қонаев қаласы мәслихатының шешімі және Қонаев қаласы әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қонаев қаласының әкімі | А. Бердіханов |
Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы | С. Нұрқадыров |