Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 13-13-VIII "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 ақпандағы № 30-3-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 28 ақпанда № 424-18 болып тіркелді

      Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бородулиха аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 13-13-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 211-18 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      5-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9) жасы бойынша зейнеткерлерге кезектілікке сәйкес күнтізбелік жылда бір рет жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, санаторий-курорттық жолдама беру арқылы санаторий-курорттық емдеу ұсынылады.";

      6-тармақтың 1)-4) тармақшылары жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні (негіздердің бірі бойынша):

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғаныстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілерге – 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 50(елу) АЕК мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне – 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан айлары аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан айлары аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      1986–1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, басқа кезеңдерде әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығу, контузия алу, мертігу салдарынан мүгедектігі анықталған сондай-ақ Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары әскери қызмет өткеру кезiнде жүргізілген әскери қызметшілерге – 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;

      2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні (негіздердің бірі бойынша):

      бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға – 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе одан бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға – 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      3) 9 мамыр – Жеңіс күні (негіздердің бірі бойынша):

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы әскер мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын жұмыс істеушілерге – 5000000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде алған жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын жұмыс істеушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен борышын өтегендерге – 5000000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;

      Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да мәжбүрлі ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына – 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медалдарымен наградталған адамдарға – 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медалдарымен наградталмаған адамдарға – 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектікпен қайтыс болған адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын жұмыс істеушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) – 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға – 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан жоюға қатысушылар қатарындағы қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшалау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 50 (елу) АЕК мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысы бар балаларына – 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;

      4) 16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні (негіздердің бірі бойынша):

      бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндері кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдауында болған адамдарға – 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;

      Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әрекет етуші армияның әскери трибуналдары (бейбіт тұрғындар мен әскери қызметшілер) соттаған адамдарға – 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;

      Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндерде болған адамдарға – 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;

      орталық одақтық органдардың шешімі бойынша қуғын-сүргiндердiң қолданылуы: КСР Одағы Жоғарғы Сотының және оның сот алқаларының, КСР Одағы біріккен мемлекеттік саяси басқармасының алқаларының, Ішкі Істер Халық Комиссариаты жанындағы ерекше кеңестің – мемлекеттік қауiпсiздiк министрлiгiнің – КСР Одағы ішкі істер министірлігінің, КСР Одағы прокуратурасы комиссиясының және КСР Одағы ішкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi және басқа органдар – 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндерде болған адамдарға – 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде;

      КСР Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдарға – 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;

      ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғынсүргiндер құрбандарының балаларына – 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;

      саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына, мүгедек болып қалған және зейнеткер болып табылатын, саяси қуғын-сүргiндер салдарынан зардап шеккен адамдарға – 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:

      "2-1 тарау. Қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек.

      6-1. Қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек тұрғын үйдің меншік иелері (жалдаушылары) болып табылатын, жергілікті (пешпен) жылытылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын адамдарға (отбасыларға), өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы жылыту маусымына бір рет ең төменгі күнкөріс деңгейінің шегінен аспайтын 5 (бес) АЕК мөлшерінде бір рет көрсетіледі.

      Қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек алуға құқығы бар бірнеше адам бір жеке тұрғын үйде тұратын болса, өтемақы олардың біреуіне ғана төленеді.

      Жылыту маусымында әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды қоса бере отырып, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жүгінеді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) кірістері туралы мәліметтер;

      3) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың жоқтығын (барын) растайтын анықтама;

      4) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжат – жалға алушылар үшін;

      5) екінші деңгейдегі банктегі немесе "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бородулиха аудандық мәслихат төрағасы
      С. Урашева

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Абай облысы жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламаларды

      үйлестіру басқармасының басшысы

      __________________ А.Нұрлыбек

      2025 жылғы "____" ____________

О внесении изменений и дополнения в решение Бородулихинского районного маслихата от 25 декабря 2023 года № 13-13-VIII "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Бородулихинского районного маслихата области Абай от 21 февраля 2025 года № 30-3-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 28 февраля 2025 года № 424-18

      Бородулихинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Бородулихинского районного маслихата "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" от 25 декабря 2023 года № 13-13-VIII (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 211-18) следующие изменения и дополнения:

      в приложении 1 указанного решения:

      подпункт 9) пункта 5 изложить в новой редакции:

      "9) пенсионерам по возрасту согласно очередности один раз в календарный год предоставляется санаторно-курортное лечение путем предоставления санаторно-курортной путевки без учета среднедушевого дохода.";

      подпункты 1)-4) пункта 6 изложить в новой редакции:

      "1) День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан – 15 февраля (по одному из оснований):

      военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий – в размере 50 (пятьдесят) МРП;

      военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшимся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий – в размере 50 (пятьдесят) МРП;

      военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистане с территории бывшего Союза ССР – в размере 50 (пятьдесят) МРП;

      рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья, либо награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий – в размере 50 (пятьдесят) МРП;

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшие задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке в период с сентября 1992 года по февраль 2001 года – в размере 50 (пятьдесят) МРП;

      военнослужащим Республики Казахстан, принимавшие участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке в период с августа 2003 года по октябрь 2008 года – в размере 50 (пятьдесят) МРП;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшим участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе в период с 1986 по 1991 годы – в размере 50 (пятьдесят) МРП;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия – в размере 50 (пятьдесят) МРП;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия – в размере 50 (пятьдесят) МРП;

      семьям военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время – в размере 20 (двадцать) МРП.

      2) Международный женский день – 8 марта (по одному из оснований):

      многодетным семьям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения по общеобразовательным или профессиональным программам в организациях общего среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего и (или) послевузовского образования, после достижения ими восемнадцатилетнего возраста до времени окончания организаций образования (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста) – в размере 5 (пять) МРП;

      многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившим ранее звание "Мать-героиня", награжденным орденами "Материнская слава" I и II степени – в размере 5 (пять) МРП;

      3) День Победы – 9 мая (по одному из оснований):

      участникам Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим, проходившим службу в воинских частях, штабах и учреждениях, входивших в состав действующей армии и флота в период Великой Отечественной войны, а также во время других боевых операций по защите бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – Союза ССР), партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны – в размере 5000000 (пять миллионов) тенге;

      лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим действующей армии и флота, партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны, а также рабочим и служащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны на фронте, в районе военных действий, на прифронтовых участках железных дорог, сооружениях оборонительных рубежей, военно-морских баз и аэродромов – в размере 5000000 (пять миллионов) тенге;

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны – в размере 50 (пятьдесят) МРП;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – в размере 50 (пятьдесят) МРП;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – в размере 30 (тридцать) МРП;

      супруг (супруге) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруга (супруг) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак – в размере 50 (пятьдесят) МРП;

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях – в размере 50 (пятьдесят) МРП;

      лицам, из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988-1989 годах, эвакуированным (самостоятельно выехавшим) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии – в размере 50 (пятьдесят) МРП;

      лицам, которым инвалидность установлена вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей – в размере 30 (тридцать) МРП;

      4) День Независимости – 16 декабря (по одному из оснований):

      лицам, подвергшимся репрессиям советскими судами и другими органами за пределами бывшего Союза ССР – в размере 7 (семь) МРП;

      лицам, осужденных военными трибуналами действующей армии во время Второй мировой войны (гражданских лиц и военнослужащих) – в размере 7 (семь) МРП;

      лицам, подвергшимся репрессиям после призыва для прохождения воинской службы за пределы Казахстана – 7 (семь) МРП;

      лицам, подвергшимся репрессиям по решениям центральных союзных органов: Верховного Суда Союза ССР и его судебных коллегий, коллегии Объединенного государственного политического управления Союза ССР, особого совещания при Народном Комиссариате Внутренних дел –Министерства государственной безопасности – Министерства внутренних дел Союза ССР, Комиссии Прокуратуры Союза ССР и Народного комиссариата внутренних дел Союза ССР по следственным делам и других органов – в размере 7 (семь) МРП;

      лицам, подвергшимся репрессиям за участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, за исключением лиц, осужденных за совершение умышленных убийств и посягательство на жизнь работника милиции, народного дружинника в этих событиях, в отношении которых сохраняется действующий порядок пересмотра уголовных дел – в размере 55 (пятьдесят пять) МРП;

      лицам, подвергшимся насильственному противоправному переселению в Казахстан и из Казахстана на основании актов высших органов государственной власти Союза ССР – в размере 7 (семь) МРП;

      детям жертв политических репрессий, находившиеся вместе с родителями или заменявшими их лицами в местах лишения свободы, в ссылке, высылке или на спецпоселении, а также дети жертв политических репрессий, не достигшие восемнадцатилетнего возраста на момент репрессии и в результате ее применения оставшиеся без попечения родителей или одного из них – в размере 7 (семь) МРП;

      жертвам политических репрессий, лицам, пострадавшим от политических репрессий, имеющим инвалидность или являющимся пенсионерами – в размере 7 (семь) МРП;";

      дополнить главой 2-1 следующего содержания:

      "Глава 2-1. Социальная помощь на приобретение твердого топлива.

      6-1. Социальная помощь на приобретение твердого топлива оказывается лицам (семьям) проживающим в частных жилых домах с местным (печным) отоплением, являющимся собственниками (нанимателями) жилища, со среднедушевым доходом за квартал, предшествующим кварталу обращению, не превышающим порога однократной величины прожиточного минимума единовременно в размере 5 (пять) МРП на отопительный сезон.

      В случае проживания в одном частном жилом доме нескольких лиц, имеющих право на получение социальной помощи на приобретение твердого топлива, компенсация выплачивается только одному из них.

      Для получения социальной помощи заявитель в период отопительного сезона обращается в уполномоченный орган по оказанию социальной помощи с заявлением с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) сведения о доходах лица (членов семьи);

      3) справка об отсутствии (наличии) зарегистрированных прав на недвижимое имущество;

      4) документ, подтверждающий право пользования жилым домом – для нанимателей;

      5) сведения о номере банковского счета в банке второго уровня либо в акционерном обществе "Казпочта".".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Бородулихинского районного маслихата
      С. Урашева

 

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель Управления

      координации занятости и

      социальных программ

      области Абай

      _______________А.Нұрлыбек

      "___" ___________2025 года