Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 13-13-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 16 қаңтарда № 211-18 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімінің 1-қосымшасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бородулиха аудандық мәслихат төрағасы
      С. Урашева
     

      "КЕЛІСІЛДІ"
Абай облысы жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру басқармасының басшысы
_____________ А.О. Султанова
2023 жылғы "____" ____________

  Бородулиха аудандық
мәслихатының
2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 13-13-VIII шешіміне
1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік Қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Бородулиха ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Абай облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу және қорытындылар дайындау үшін ауылдық, кенттік округ әкімдерінің өкімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 13.06.2024 № 18-7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын) көрсетіледі.

      5. Осы Ереже Бородулиха ауданының аумағында тіркелген адамдарға қолданылады.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлермелерін белгілеу тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:

      1) табиғи зілзаланың немесе өрттің шыққан орны бойынша табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда бір мезгілде 100 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;

      2) ақылы операциялық емделуден өткен адамдарға (отбасыларға) жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда кейіннен оңалту үшін бір рет 10,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (фискалдық чек болған жағдайда);

      3) әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға, табысты есепке алмағанда ай сайын 5,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Бородулиха аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының тізімдері бойынша;

      4) диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған он сегіз жасқа дейінгі балаларға (ата-анасының біріне немесе балалардың өзге де заңды өкілдеріне), тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасының бір еселенген мөлшерінде жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда ай сайын;

      5) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген шегінен аспайтын адамдарға (отбасыларға) біржолғы 5,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда 5,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;

      7) жасының ұлғаюына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздік жан басына шаққандағы орташа табысы 5,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;

      8) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шығу, пробация қызметінің есебінде болуы жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда 5,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір мезгілде;

      9) жасы бойынша зейнеткерлерге жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда жыл сайын санаторий-курорттық жолдама беру арқылы санаторий-курорттық емдеу ұсынылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 13.06.2024 № 18-7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Мерекелік күндерге орай көрсетілетін әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына ақшалай төлемдер түрінде бір рет беріледі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні (негіздердің бірі бойынша):

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғаныстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілерге – 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне – 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан айлары аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан айлары аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1986–1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, басқа кезеңдерде әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығу, контузия алу, мертігу салдарынан мүгедектігі анықталған сондай-ақ Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары әскери қызмет өткеру кезiнде жүргізілген әскери қызметшілерге – 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні (негіздердің бірі бойынша):

      бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға – 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе одан бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға – 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;

      3) 9 мамыр – Жеңіс күні (негіздердің бірі бойынша):

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы әскер мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын жұмыс істеушілерге – 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде алған жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын жұмыс істеушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен борышын өтегендерге – 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да мәжбүрлі ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына – 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 70000 (жетпіс мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектікпен қайтыс болған адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын жұмыс істеушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) – 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға – 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан жоюға қатысушылар қатарындағы қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшалау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысы бар балаларына – 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      4) Қазақстан Республикасының Конституция күні – 30 тамыз (негіздердің бірі бойынша):

      1, 2-топтағы мүгедектігі бар адамдарға және он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне) – 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

      90 жасқа толған және асқан адамдарға – 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді – Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 13.06.2024 № 18-7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5) 16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні (негіздердің бірі бойынша):

      бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндері кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдауында болған адамдарға – 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде; 

      Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әрекет етуші армияның әскери трибуналдары (бейбіт тұрғындар мен әскери қызметшілер) соттаған адамдарға – 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;

      Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндерде  болған адамдарға – 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;     

      орталық одақтық органдардың шешімі бойынша қуғын-сүргiндердiң қолданылуы: КСР Одағы Жоғарғы Сотының және оның сот алқаларының, КСР Одағы біріккен мемлекеттік саяси басқармасының алқаларының, Ішкі Істер Халық Комиссариаты жанындағы ерекше кеңестің – мемлекеттік қауiпсiздiк министрлiгiнің – КСР Одағы ішкі істер министірлігінің, КСР Одағы прокуратурасы комиссиясының және КСР Одағы ішкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi және басқа органдар – 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндерде болған адамдарға – 200000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      КСР Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдарға – 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;

      ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғынсүргiндер құрбандарының балаларына – 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;

      саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына, мүгедек болып қалған және зейнеткер болып табылатын, саяси қуғын-сүргiндер салдарынан зардап шеккен адамдарға – 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде.

      Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      8. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті әлеуметтік органға немесе ауылдық, кенттік округ әкіміне Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттармен қоса өтініш береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);

      3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:

      дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

      әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;

      жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжат;

      жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжат;

      жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмау фактісін растайтын құжат;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

      9. Осы Қағидалардың 6-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган немесе ауылдық, кенттік округ әкімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 13.06.2024 № 18-7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, тұлғаның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе ауылдық, кенттік округ әкіміне жібереді.

      Ауылдық, кенттік округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен бірге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      11. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      12. Қажетті құжаттардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің оларды ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімді өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың тиісті мәліметтерді қамтитын деректері негізінде қабылдайды.

      13. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      14. Арнайы комиссия құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарады, қорытынды оң болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді. көмектің мөлшерін көрсетеді.

      15. Өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттары тіркелген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық, кенттік округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      16. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      17. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;

      3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады.

      Өрт салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар (отбасылар) оқиға басталған күннен бастап үш ай ішінде өтініш береді.

      Табиғи зілзаланың салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар (отбасылар) оқиға басталған күннен бастап алты ай ішінде өтініш береді.

      18. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру аудан бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      19. Әлеуметтік көмек алушылардың шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы ақшалай нысанда көрсетіледі.

      20. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      21. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      22. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Бородулиха аудандық
мәслихатының
2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 13-13-VIII шешіміне
2-қосымша

Бородулиха аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Бородулиха аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5129 болып тіркелген).

      2. Бородулиха аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 30 наурыздағы № 20-8-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5610 болып тіркелген).

      3. Бородулиха аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI Бородулиха аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 26-7-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-8-171 болып тіркелген).

      4. Бородулиха аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 7 маусымдағы № 38-3-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6004 болып тіркелген).

      5. Бородулиха аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2019 жылғы 11 қазандағы № 42-2-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6203 болып тіркелген).

      6. Бородулиха аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 31 наурыздағы № 47-14-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6910 болып тіркелген).

      7. Бородулиха аудандық мәслихатының "Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 53-8-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7704 болып тіркелген).

      8. Бородулиха аудандық мәслихатының "2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 6-3-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8799 болып тіркелген).

      9. Бородулиха аудандық мәслихатының "Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 17-2-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27767 болып тіркелген).

      10. Бородулиха аудандық мәслихатының "Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 21 қазандағы № 22-5-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30413 болып тіркелген).

      11. Бородулиха аудандық мәслихатының "Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 2 маусымдағы № 3-9-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91-18 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады