Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-113/VIII "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 3 наурыздағы № 23-449/VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 11 наурызда № 429-18 болып тіркелді

      Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Үржар аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-113/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 124-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына ақшалай төлемдер түрінде бір рет көрсетіледі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - 15 ақпан:

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз - 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986-1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      3) Жеңіс күні - 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлеріне - 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне - 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгіленген жеңілдікті шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамының адамдарына - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілерге - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      4) Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні - 31 мамыр:

      бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануында болған тұлғаларға - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (жай адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыпталуынша сотталған тұлғаларға - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндерде болған тұлғаларға - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      қуғын-сүргіндерді орталық одақтық органдар: КСР Одағының Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, СКР Одағының Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, КСР Одағының Ішкі істер халық комиссариаты - Мемлекет Қауіпсіздігі министрлігі - Ішкі істер министрлігі жанындағы айрықша кеңестің, КСР Одағының Прокуратурасы мен КСР Одағының ішкі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа органдар шешімдері бойынша болған тұлғаларға - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      КСР Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған тұлғаларға - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балаларына - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      5) Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні қазан айының екінші жексенбісі:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне) және бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      6) Тәуелсіздік күні - 16 желтоқсан:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылған тұлғаларға - 55 (елу бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";

      7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік шамасынан аспайтын адамдарға (отбасыларға) бір рет көрсетіледі;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Абай облысының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру басқармасының басшысы
________________А.Нұрлыбек
2025 жылғы "___"___________

      Үржар аудандық мәслихатының төрағасы
      А. Омаров

О внесении изменений в решение Урджарского районного маслихата от 20 сентября 2023 года № 5-113/VIII "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Урджарского районного маслихата области Абай от 3 марта 2025 года № 23-449/VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 11 марта 2025 года № 429-18

      Урджарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Урджарского районного маслихата "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" от 20 сентября 2023 года № 5-113/VIII (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 124-18) следующие изменения:

      в правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      пункт 6 изложить в новой редакции:

      "6. Социальная помощь к праздничным дням и памятным датам оказывается единовременно, в виде денежных выплат следующим категориям граждан:

      1) День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан -15 февраля:

      военнослужащим Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лицам начальствующего и рядового состава Министерства внутренних дел бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее - Союза ССР) (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшиеся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистане с территории бывшего Союза ССР - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья, либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке в период с сентября 1992 года по февраль 2001 года - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим Республики Казахстан, принимавшим участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке в период с августа 2003 года по октябрь 2008 года - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР принимавшим участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе в период с 1986 по 1991 годы - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      семьям военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время - в размере 20 (двадцать) месячных расчетных показателей;

      2) Международный женский день - 8 марта:

      многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа", "Күмісалқа" или получившим ранее звание "Мать-героиня", а также награжденным орденами "Материнская слава" I и II степени - в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей;

      многодетным семьям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения по общеобразовательным или профессиональным программам в организациях общего среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего и (или) послевузовского образования, после достижения ими восемнадцатилетнего возраста до времени окончания организаций образования (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста) - в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей.

      3) День Победы - 9 мая:

      участникам Великой Отечественной войны, а именно военнослужащие, проходившие службу в воинских частях, штабах и учреждениях, входивших в состав действующей армии и флота в период Великой Отечественной войны, а также во время других боевых операций по защите бывшего Союза ССР, партизаны и подпольщики Великой Отечественной войны - в размере 5 000 000 (пять миллионов) тенге;

      лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а именно военнослужащие действующей армии и флота, партизаны и подпольщики Великой Отечественной войны, а также рабочие и служащие, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны на фронте, в районе военных действий, на прифронтовых участках железных дорог, сооружениях оборонительных рубежей, военно-морских баз и аэродромов - в размере 5 000 000 (пять миллионов) тенге;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, проходившие в период Великой Отечественной войны службу в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      лицам, вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшие штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившиеся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      лицам, которые в период Великой Отечественной войны находились в составе частей, штабов и учреждений, входивших в состав действующей армии и флота, в качестве сыновей (воспитанников) полков и юнг - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      лицам, принимавшим участие в боевых действиях против фашистской Германии и ее союзников в годы Второй мировой войны на территории зарубежных стран в составе партизанских отрядов, подпольных групп и других антифашистских формирований - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      работникам специальных формирований Народного комиссариата путей сообщения, Народного комиссариата связи, плавающего состава промысловых и транспортных судов и летно-подъемного состава авиации, Народного комиссариата рыбной промышленности бывшего Союза ССР, морского и речного флота, летно-подъемного состава Главсевморпути, которые в период Великой Отечественной войны были переведены на положение военнослужащих и выполняли задачи в интересах действующей армии и флота в пределах тыловых границ действующих фронтов, оперативных зон флотов, а также члены экипажей судов транспортного флота, интернированных в начале Великой Отечественной войны в портах других государств - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденные медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Житель блокадного Ленинграда" - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      лицам начальствующего и рядового состава органов государственной безопасности бывшего Союза ССР и органов внутренних дел, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте или выполнением служебных обязанностей в государствах, в которых велись боевые действия - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      рабочим и служащим соответствующих категорий, обслуживавшие действовавшие воинские контингенты в других странах и которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья либо заболевания, полученных в период ведения боевых действий - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны - в размере 30 (тридцать) месячных расчетных показателей;

      семьям лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения - в размере 20 (двадцать) месячных расчетных показателей;

      лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988-1989 годах, эвакуированные (самостоятельно выехавшие) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии - в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      лицам, которым инвалидность установлена вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей - в размере 30 (тридцать) месячных расчетных показателей;

      4) День памяти жертв политических репрессий и голода- 31 мая:

      лицам, подвергшимся репрессиям советскими судами и другими органами за пределами бывшего Союза ССР - в размере 7 (семь) месячных расчетных показателей;

      лицам, осужденных военными трибуналами действующей армии во время второй мировой войны (гражданских лиц и военнослужащих) - в размере 7 (семь) месячных расчетных показателей;

      лицам, подвергшимся репрессий после призыва для прохождения воинской службы за пределы Казахстана - в размере 7 (семь) месячных расчетных показателей;

      лицам, подвергшимся репрессий по решениям центральных союзных органов: Верховного Суда Союза ССР и его судебных коллегий, коллегии Объединенных государственных политических управлении Союза ССР, особого совещания при Народном комиссариате внутренних дел - Министерства государственной безопасности-Министерства внутренних дел Союза ССР, Комиссии Прокуратуры Союза ССР и Народный комиссариат внутренних дел Союза ССР по следственным делам и других органов - в размере 7 (семь) месячных расчетных показателей;

      лицам, подвергшимся насильственному противоправному переселению в Казахстан и из Казахстана на основании актов высших органов государственной власти Союза ССР - в размере 7 (семь) месячных расчетных показателей;

      детям жертв политических репрессий, находившиеся вместе с родителями или заменявшими их лицами в местах лишения свободы, в ссылке, высылке или на спецпоселении, а также дети жертв политических репрессий, не достигшие восемнадцатилетнего возраста на момент репрессии и в результате ее применения оставшиеся без попечения родителей или одного из них - в размере 7 (семь) месячных расчетных показателей.

      5) День лиц с инвалидностью Республики Казахстан второе воскресенье октября месяца:

      детям с инвалидностью в возрасте до 18 лет (одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью) и лицам с инвалидностью первой, второй группы - в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей.

      6) День Независимости - 16 декабря:

      лицам, подвергшимся репрессий за участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, за исключением лиц, осужденных за совершение умышленных убийств и посягательство на жизнь работника милиции, народного дружинника в этих событиях, в отношении которых сохраняется действующий порядок пересмотра уголовных дел - в размере 55 (пятьдесят пять) месячных расчетных показателей.";

      в подпункт 6) пункта 7 приложения к указанному решению внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

 

      "СОГЛАСОВАНО"
Руководитель управления координации
занятости и социальных программ
области Абай
__________________А.Нурлыбек
"___"____________2025 года

      Председатель Урджарского районного маслихата
      А. Омаров