"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) 2025 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) 2025 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бектілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Е. Карашукеев |
Жамбыл облысы әкімдігінің | |
2025 жылғы "__"_________ | |
№ ___ қаулысына 1-қосымша |
2025 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі
№ | Басым дақылдар атауы |
1 | Қант қызылшасы |
2 | Дәндік жүгері |
3 | Майлы дақылдар: |
- | оның ішінде күнбағыс |
- | оның ішінде мақсары |
4 | Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөністер |
5 | Фермерлік жылыжайдағы көкөністер |
Жамбыл облысы әкімдігінің | |
2025 жылғы "__"_________ | |
№ ___ қаулысына 2-қосымша |
2025 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар нормалары
№ | Басым дақылдар атауы | Өлшем бірлігі тонна, гектар | Субсидия нормасы, теңге |
1 | Қант қызылшасы | тонна | 25 000 |
2 |
Қант қызылшасы | тонна | 45 000 |
3 |
Қант қызылшасы | тонна | 45 000 |
4 | Дәндік жүгері | тонна | 20 000 |
5 | Майлы дақылдар: | тонна | 20 000 |
- | оның ішінде күнбағыс | тонна | 20 000 |
- | оның ішінде мақсары | тонна | 20 000 |
6 | Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөністер | гектар | 5 000 000 |
7 | Фермерлік жылыжайдағы көкөністер | гектар | 3 000 000 |