2025 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 ақпандағы № 21 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2025 жылғы 5 ақпанда № 5259-08 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) 2025 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

      2) 2025 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бектілсін.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Е. Карашукеев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
  2025 жылғы "__"_________
  № ___ қаулысына 1-қосымша

2025 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі

Басым дақылдар атауы

1

Қант қызылшасы

2

Дәндік жүгері

3

Майлы дақылдар:

-

оның ішінде күнбағыс

-

оның ішінде мақсары

4

Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөністер

5

Фермерлік жылыжайдағы көкөністер

  Жамбыл облысы әкімдігінің
  2025 жылғы "__"_________
  № ___ қаулысына 2-қосымша

2025 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар нормалары

Басым дақылдар атауы

Өлшем бірлігі тонна, гектар

Субсидия нормасы, теңге

1

Қант қызылшасы

тонна

25 000

2

Қант қызылшасы
(Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Ақсу қант зауытына тасымалданған өнім үшін)

тонна

45 000

3

Қант қызылшасы
(Қырғыз Республикасында орналасқан Қошой және Қайыңды қант зауыттарына Меркі қант зауыты арқылы жіберілетін өнімнің тасымалдау шығындарын өтеу үшін)

тонна

45 000

4

Дәндік жүгері

тонна

20 000

5

Майлы дақылдар:

тонна

20 000

-

оның ішінде күнбағыс

тонна

20 000

-

оның ішінде мақсары

тонна

20 000

6

Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөністер

гектар

5 000 000

7

Фермерлік жылыжайдағы көкөністер

гектар

3 000 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады