Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 133 "Қаражал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 262 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 15 сәуірде № 186-20 болып тіркелді

      Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаражал қалалық мәслихатының "Қаражал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2024 жылғы 9 ақпандағы №133 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91-20 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 5-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті шығарылған күні:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 200 000 (екі жүз мың) теңге;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне – 200 000 (екі жүз мың) теңге;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 50 000 (елу мың) теңге;

      1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлеріне – 300 000 (үш жүз мың) теңге;";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 5-тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні:

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына – 300 000 (үш жүз мың)теңге;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына – 50 000 (елу мың) теңге;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 50 000 (елу мың) теңге;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 100 000 (жүз мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне – 100 000 (жүз мың) теңге;";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 5-тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) 9 мамыр – Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне – 5 000 000 (бес миллион) теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға – 200 000 (екі жүз мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 200 000 (екі жүз мың) теңге;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 200 000 (екі жүз мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-баптарында аталған адамдардың отбасыларына – 100 000 (жүз мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасыларына, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына – 100 000 (жүз мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 100 000 (жүз мың) теңге;";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 5-тармағының 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіппен сәйкес ақталған тұлғаларға - 300 000 (үш жүз мың) теңге.";

      көрсетілген шешімнің1-қосымшасының 7-тармағы алып тасталсын.

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қалалық мәслихаттың төрағасы З. Оспанова

О внесении изменений в решение Каражалского городского маслихата от 9 февраля 2024 года № 133 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Каражал"

Решение Каражалского городского маслихата области Ұлытау от 14 апреля 2025 года № 262. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Ұлытау 15 апреля 2025 года № 186-20

      Каражалский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Каражалского городского маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Каражал" от 9 февраля 2024 года №133 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 91-20) следующие изменения:

      подпункт 2) пункта 5 приложения 1 указанного решения изложить в новой редакции:

      "2) 15 февраля – День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан:

      военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий – 200 000 (двести тысяч) тенге;

      военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшимся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – Союза ССР) – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия – 200 000 (двести тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия – 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      рабочим и служащим, направлявшимся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года и другие страны, в которых велись боевые действия – 300 000 (триста тысяч) тенге;";

      подпункт 4) пункта 5 приложения 1 указанного решения изложить в новой редакции:

      "4) 7 мая – День защитника Отечества:

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке в период с сентября 1992 года по февраль 2001 года – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      военнослужащим Республики Казахстан, принимавшим участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке в период с августа 2003 года по октябрь 2008 года – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшим участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе в период с 1986 по 1991 годы – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986–1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях – 300 000 (триста тысяч);

      лицам, которым инвалидность установлена вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их детям, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      семьям лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения – 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      семьям умерших вследствие лучевой болезни или умерших лиц с инвалидностью, а также гражданам, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаний – 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988 – 1989 годах, эвакуированным (самостоятельно выехавшим) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий – 100 000 (сто тысяч) тенге;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия – 100 000 (сто тысяч) тенге;";

      подпункт 5) пункта 5 приложения 1 указанного решения изложить в новой редакции:

      "5) 9 мая – День Победы:

      участникам Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим, проходившим службу в воинских частях, штабах и учреждениях, входивших в состав действующей армии и флота в период Великой Отечественной войны, а также во время других боевых операций по защите бывшего Союза ССР, партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны – 5 000 000 (пять миллионов) тенге;

      лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим действующей армии и флота, партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны, а также рабочим и служащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны на фронте, в районе военных действий, на прифронтовых участках железных дорог, сооружениях оборонительных рубежей, военно-морских баз и аэродромов – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны – 200 000 (двести тысяч) тенге;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 200 000 (двести тысяч) тенге;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 200 000 (двести тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, партизан, подпольщиков, лиц, указанных в статьях 46 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", погибших (пропавших без вести) или умерших в результате ранения, контузии или увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы (служебных обязанностей), или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте – 100 000 (сто тысяч) тенге;

      семьям погибших в Великой Отечественной войне лиц из числа личного состава групп самозащиты объектовых и аварийных команд местной противовоздушной обороны, семьям погибших работников госпиталей и больниц города Ленинграда – 100 000 (сто тысяч) тенге;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшимся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак - 100 000 (сто тысяч) тенге;";

      подпункт 9) пункта 5 приложения 1 указанного решения изложить в новой редакции:

      "9) 16 декабря – День Независимости:

      лицам, принимавшим участие в событиях 17–18 декабря 1986 года в Казахстане, реабилитированным в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О реабилитации жертв массовых политических репрессий" - 300 000 (триста тысяч) тенге.";

      пункт 7 приложения 1 указанного решения исключить.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель городского маслихата З. Оспанова