Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы "Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" № 87 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 194757 тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2 - қосымшалары осы қаулының 1, 2 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облысының әкімі | Б. Исабаев |
Жетісу облысы әкімдігінің | |
2025 жылғы 24 сәуірдегі № 126 | |
қаулыға 1-қосымша |
Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
№ | Су объектісінің атауы | Орналасқан жері | Су қорғау аймақтарының ені, (метр) | Су қорғау белдеулерінің ені (метр) |
1 | Голубиновка өзені | Кербұлақ ауданы | 500 | 35-100 |
2 | Мельничный өзені | Ескелді ауданы | 500 | 35-100 |
3 | Қоғалы өзені | Кербұлақ ауданы | 500 | 35-100 |
4 | Сарыбұлақ өзені | Ескелді ауданы | 500 | 35-100 |
5 | Тыңбас өзені | Кербұлақ ауданы | 500 | 35-100 |
6 | Рай көлдері | Ақсу ауданы | 300 | 100 |
7 | Көксай жоба аймағындағы су объектілері (Қоғалы өзені, Қосбастау, Бұлақ, Қарамола, Байғабат, Көксай, Белый ключ, Коноваловская, Бурымбай жылғалары) | Кербұлақ ауданы | 500 | 35 |
8 | Шет Тентек өзені | Алакөл ауданы | 500 | 75 |
9 | Орта Тентек өзені | Алакөл ауданы | 500 | 35-100 |
10 | Қапал өзені | Ақсу ауданы | 500 | 35-75 |
11 | Қора өзені | Ескелді ауданы | 500 | 35-55 |
12 | Балықты өзені | Ескелді ауданы Талдықорған қаласы | 500 | 35-75 |
13 | Текелі өзені | Ескелді ауданы, Текелі қаласы | 500 | 35-75 |
14 | Қусақ (Кемір) өзені | Ескелді ауданы | 500 | 35-100 |
15 | Үшарал өзені | Панфилов ауданы | 500 | 35-75 |
16 | Шыжын өзені | Панфилов ауданы | 500 | 50-100 |
17 | Тышқан өзені | Панфилов ауданы | 500 | 35 |
18 | Айнабұлақ өзені | Кербұлақ ауданы | 500 | 35-75 |
19 | Майтөбе өзені | Кербұлақ ауданы | 500 | 35-100 |
20 | Қошқаркөл көлі | Алакөл ауданы | 500 | 35 |
21 | Өсек көлі | Панфилов ауданы | 500 | 35-55 |
22 | Балқаш көлі (Лепсі ауылдық округі) | Сарқан ауданы | 500 | 35-50 |
23 | Алакөл көлі | Алакөл ауданы | 500 | 35 |
24 | Шет Тентек өзені және Орта Тентек өзені Л-44-78 (10e-5b-5), L-44-79 (10г-5а-1,2) үш блок үшін жер қойнауы учаскесінің шекарасында | Алакөл ауданы | 500 | 35-100 |
25 | Бұрқан өзені | Панфилов ауданы | 500-600 | 35-100 |
26 | Байғазы өзені | Кербұлақ ауданы | 500-600 | 35-100 |
27 | Қызылащы өзені | Кербұлақ ауданы | 500-550 | 35-100 |
28 | Балықты өзені (кадастрлық нөмірлері: 03-268-949-381, 03-268-950-379 жер учаскелері шегінде) | Талдықорған қаласы | 500 | 35-100 |
29 | Жобаланған 220 киловольт, 110 киловольт желілерінің және автожол шекараларындағы Қарағайлы, Самін, Дүйсейін, Шібіже, Шақпақты, Біжі жылғалары, Бәйтерек өзені, Қоғалы саласы, Қырғауылды ағыны (арнасы), Тасбастау жылғалары (сол Тасбастау), Тасбастау саласы (оң Тасбастау), аты жоқ құрғақ арна-1 | Кербұлақ ауданы | 500 | 35 |
30 | Бәйтерек, Развилинка және Мамырқан өзендері салаларымен гидротехникалық құрылыстар салу шекараларында | Кербұлақ ауданы | 500 | 35-100 |
Ескертпе: су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларының координаттары бекітілген
жобалық құжаттама және картографиялық материалдарда көрсетілген.
Жетісу облысы әкімдігінің | |
2025 жылғы 24 сәуірдегі № 126 | |
қаулыға 2-қосымша |
Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
2. Су қорғау аймақтарының шегінде:
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.