Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 87 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 26 наурызда № 182-19 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 116-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы 19-1/446 "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген), Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жетісу облысының әкімі Б. Исабаев

  Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 87 қаулыға 1 қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Жетісу облысы әкімдігінің 20.11.2024 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

Су объектісінің атауы

Орналасқан жері

Су қорғау аймақтарының ені, (метр)

Су қорғау белдеулерінің ені (метр)

1

Голубиновка өзені

Кербұлақ ауданы

500

35-100

2

Мельничный өзені

Ескелді ауданы

500

35-100

3

Қоғалы өзені

Кербұлақ ауданы

500

35-100

4

Сарыбұлақ өзені

Ескелді ауданы

500

35-100

5

Тыңбас өзені

Кербұлақ ауданы

500

35-100

6

Рай көлдері

Ақсу ауданы

300

100

7

Көксай жоба аймағындағы су объектілері (Қоғалы өзені, Қосбастау, Бұлақ, Қарамола, Байғабат, Көксай, Белый ключ, Коноваловская, Бурымбай ағындар)

Кербұлақ ауданы

500

35

8

Шет Тентек өзені

Алакөл ауданы

500

75

9

Орта Тентек өзені

Алакөл ауданы

500

35-100

10

Қапал өзені

Ақсу ауданы

500

35-75

11

Қора өзені

Ескелді ауданы

500

35-55

12

Балықты өзені

Ескелді ауданы Талдықорған қаласы

500

35-75

13

Текелі өзені

Ескелді ауданы, Текелі қаласы

500

35-75

14

Қусақ (Кемір) өзені

Ескелді ауданы

500

35-100

15

Үшарал өзені

Панфилов ауданы

500

35-75

16

Шыжын өзені

Панфилов ауданы

500

50-100

17

Тышқан өзені

Панфилов ауданы

500

35

18

Айнабұлақ өзені

Кербұлақ ауданы

500

35-75

19

Майтөбе өзені

Кербұлақ ауданы

500

35-100

20

Қошқаркөл көлі

Алакөл ауданы

500

35

21

Өсек көлі

Панфилов ауданы

500

35-55

22

Балқаш көлі (Лепсі ауылдық округі)

Сарқан ауданы

500

35-50

23

Алакөл көлі (реттеу)

Алакөл ауданы

500

35

24

Шет Тентек өзені және Орта Тентек өзені Л-44-78 (10e-5b-5), L-44-79 (10г-5а-1,2) үш блок үшін жер қойнауы учаскесінің шекарасында

Алакөл ауданы

500

35-100

25

Бұрқан өзені

Панфилов ауданы

500-600

35-100

26

Байғазы өзені

Кербұлақ ауданы

500-600

35-100

27

Қызылашы өзені

Кербұлақ ауданы

500-550

35-100

28

Балықты өзені (кадастрлық нөмірлері: 03-268-949-381, 03-268-950-379 жер учаскелері шегінде)

Талдықорған қаласы

500

35-100

29

Жобаланған 220 киловольт, 110 киловольт желілерінің және тас жол шекараларындағы Қарағайлы, Самін, Дүйсейін, Шібіже, Шақпақты, Біжі ағындар, Бәйтерек өзені, Қоғалы саласы, Қырғауылды ағыны (арнасы), Тасбастау ағыны (сол Тасбастау), Тасбастау саласы (оң Тасбастау), аты жоқ құрғақ өзені-1 арнасында

Кербұлақ ауданы

500

35

      Ескертпе: су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ендері бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.


  Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 87 Қаулыға 2 қосымша

Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 145-1 бабымен белгіленген талаптар ескере отырып қолданылады;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

      2. Су қорғау аймақтарының шегінде:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады