"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 "Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 8950) Абай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі орындар тізбесін келесі объектілер мен межелі орындар тізбесімен кеңейту:
"Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Қарағанды қаласы);
Қарағанды қаласының медициналық мекемелері (жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда);
Қарағанды қаласының әуежайы мен теміржол вокзалдары мен автовокзалдары;
Қарағанды қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдары;
Қарағанды облысы білім басқармасының "Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Қарағанды қаласы);
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (Қарағанды қаласы);
Қарағанды қаласының мәдениет және спорт объектілері (мәдениет үйі, Шахтер стадионы, "Серік Сәпиев атындағы Бокс орталығы");
Қарағанды облысы білім басқармасының "№ 9 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Саран қаласы);
"№6 Қарағанды облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Шахтинск қаласы);
мүгедектігі бар адамның жұмыс орны (Қарағанды қаласы);
мүгедектігі бар адамдардың оқу орындары (Қарағанды қаласы).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | С. Оспанов |