Осакаров ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 13 ақпандағы № 30/293 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 13 ақпанда № 6713-09 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Осакаров ауданының мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Осакаров ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы К. Саккулаков

  Осакаров аудандық
мәслихатының
2025 жылғы 13
ақпандағы
№ 30/293
шешімімен бекітілген

Осакаров ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осакаров ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Осакаров ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) наградтауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.

      2. Құрмет грамотасы:

      1) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі, білім берудегі, спорттағы, әскери және мемлекеттік қызметтегі, құқық қорғау және қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері үшін;

      2) халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту бойынша жемісті қызметті жүзеге асырғаны үшін марапаттау және ынталандырудың бір нысаны болып табылады.

      3. Құрмет грамотасымен Осакаров ауданының дамуына қомақты үлес қосқан:

      1) азаматтар, мекеме, кәсіпорын және ұйымдардың қызметшілері;

      2) меншік нысанына қарамастан, еңбекте, қоғамдық-саяси қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген шаруашылық жүргізуші субъектілер ұжымдары, ұйымдар, мекемелер, шығармашылық ұжымдары;

      3) азаматтығы жоқ адамдар және шет мемлекеттердің азаматтары наградталады.

      4. Құрмет грамотасымен:

      1) наградтау сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған, сотталғандығы бар адамдар;

      2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;

      3) сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп таныған адамдар марапаттала алмайды.

      5. Бір тұлға (ұжым, ұйым) бес жыл ішінде ауданның Құрмет грамотасымен наградталуға екі рет ұсыныла алмайды.

      6. Наградтау ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де Қазақстан Республикасының мерекелеріне орайластырылады.

2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

      7. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты аудан әкімінің аппаратына шараның өтетін күнінен кемінде отыз күнтізбелік күн бұрын меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті өкілі және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.

      Ұсыныста тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы немесе (ұйымның, ұжымның) ресми атауы көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, аудан дамуына қосқан үлесі баяндалған сипаттама беріледі. Ұсынысқа басшы қол қояды және мөрмен бекітіледі.

      Ұсынысқа кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі не ұйымның, мекеменің немесе шығармашылық ұжымның құрылтайшылық құжаттары қоса тіркеледі.

      8. Мөрмен бекіту туралы талап жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты емес.

      9. Құрмет грамотасымен наградтау үшін өзінің кандидатурасын өзі ұсынған азаматтардан түскен материалдар, қаралмайды.

      10. Келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін Құрмет грамотасымен наградтау бойынша марапаттар аудан әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) ұсынылған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде жолданады. Комиссияның наградтау жөніндегі ұсынымды қарау мерзімі келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 7 күннен аспайды.

      Комиссия қорытындысы қаралған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде аудан әкімінің аппаратына ұсынылады.

      11. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді аудан әкімі және аудан мәслихаттың төрағасы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес, бірлескен өкім шығару жолымен келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      12. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын аудан әкімі және (немесе) аудандық мәслихат төрағасы, немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.

      13. Наградтау бойынша материалдар аудан әкімінің аппаратында сақталады.

3. Құрмет грамотасының сипаттамасы

      14. Құрмет грамотасы папкадан және ішіне салынатын айқарма беттерден тұрады. Папка көк түстен дайындалады. Папканың бет жағында 7х7 көлемінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және "Құрмет грамотасы" жазуы жазылған.

      Құрмет грамотасы А3 форматында дайындалады, 1 биг, қағазы жылтыр, тегіс 250 грамм, түрлі-түсті басу, мемлекеттік символика – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын бейнелеумен екі жағынан алтын түстес.

      Айқарма беттің ішкі сол жағында: ортада – желбіреген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының түрлі-түсті бейнесі орналасады.

      Айқарма беттің ішкі оң жағында: жоғарғы бөлігінің ортасында – алтынмен басылып, "Құрмет грамотасы" жазуы, жазудың астында, наградталушының тегін, аты, әкесінің аты, наградталушының еңбектерінің қысқаша сипаттамасы, "наградталады" сөзі бар, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтін орналасады. Қазақ тіліндегі мәтін орыс тіліндегі мәтіннің үстінде орналасады.

      Төменгі бөлігінде аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдары үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрлермен расталады, қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.

      Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке басты куәландыратын құжатына сәйкес көрсетіледі.

      Ұйым, мекеме немесе шығармашылық ұжымның атауы құрылтайшылық құжаттарға сәйкес көрсетіледі.

      Айқарма бет компьютермен терілген қара түсті шрифтермен, принтерді пайдалана отырып толтырылады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, айқарма бет қолмен, анық және түсінікті жазумен, түзетулерсіз қара түсті сиямен толтырылады.

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Осакаровского района

Решение Осакаровского районного маслихата Карагандинской области от 13 февраля 2025 года № 30/293. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 13 февраля 2025 года № 6713-09

      В соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Осакаровский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое положение о награждении Почетной грамотой Осакаровского района.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата К. Саккулаков

  Утверждено решением
Осакаровского районного
маслихата
от 13 февраля 2025 года
№ 30/293

Положение о награждении Почетной грамотой Осакаровского района

1. Общие положения

      1. Настоящее положение о награждении Почетной грамотой Осакаровского района разработано в соответствии Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяет порядок представления к награждению Почетной грамотой Осакаровского района (далее – Почетная грамота) и ее вручения.

      2. Почетная грамота является одной из форм поощрения и стимулирования за:

      1) значительные достижения в экономике, социальной сфере, науке, культуре, образовании, спорте, в воинской и государственной службе, правоохранительной и общественной деятельности;

      2) осуществление плодотворной деятельности по укреплению дружбы и солидарности между народами и культурных связей.

      3. Почетной грамотой награждаются внесшие значительный вклад в развитие Осакаровского района:

      1) граждане, работники учреждений, предприятий и организаций;

      2) коллективы хозяйствующих субъектов независимо от форм собственности, организаций, учреждений, творческих коллективов, достигшие высоких показателей в труде, общественно-политической деятельности;

      3) лица без гражданства и граждане иностранных государств.

      4. Почетной грамотой не могут быть награждены:

      1) лица имеющие судимость, которая не погашена или не снята в установленном законодательством порядке на момент награждения;

      2) лица признанные судом недееспособными, либо ограниченно дееспособными;

      3) лица признанные судом виновными в совершении коррупционного преступления и (или) коррупционного правонарушения.

      5. Одно и то же лицо (коллектив, организация) не может дважды представляться к награждению Почетной грамотой района в течении пяти лет.

      6. Награждение приурочивается к национальным, государственным, профессиональным и иным праздникам Республики Казахстан.

2. Порядок награждения Почетной грамотой

      7. Представление к награждению Почетной грамотой направляется в аппарат акима района не позднее чем за тридцать календарных дней до дня проведения мероприятий учреждениями, организациями независимо от форм собственности, предприятиями, местными исполнительными и представительными органами, общественными организациями, творческими объединениями, органами местного самоуправления.

      В представлении указываются фамилия, имя, отчество, занимаемая должность или официальное наименование (организаций, коллектива) дается характеристика с изложением конкретных трудовых и творческих заслуг, вклада в развитие района. Представление подписывается первым руководителем и скрепляется печатью.

      К представлению прилагается копия удостоверения личности кандидата либо учредительные документы организации, учреждения или творческого коллектива.

      8. Требование о скреплении печатью не относится к субъектам частного предпринимательства.

      9. Материалы, поступившие от граждан, самостоятельно представляющих свою кандидатуру для награждения Почетной грамотой, не рассматриваются.

      10. Поступившие документы по награждению Почетной грамотой для предварительного рассмотрения и подготовки предложений по награждению в течении 2 рабочих дней с момента поступления представления направляются в комиссию при акиме района по наградам (далее - Комиссия). Срок рассмотрения Комиссией представления по награждению составляет не более 7 календарных дней с момента поступления.

      Заключение Комиссии представляется в аппарат акима района в течении 3 рабочих дней со дня рассмотрения.

      11. Решение о награждении Почетной грамотой принимается акимом района и председателем маслихата района (или лицами, исполняющими их обязанности) в течении 3 рабочих дней со дня поступления положительного заключения Комиссии путем издания совместного распоряжения.

      12. Вручение Почетной грамоты производится лично награждаемому в торжественной обстановке. Почетную грамоту вручает аким и (или) председатель маслихата района, либо иное лицо по их поручению.

      13. Материалы по награждению хранятся в аппарате акима района.

3. Описание Почетной грамоты

      14. Почетная грамота состоит из папки и вкладыша. Папка изготавливается из синего цвета. На лицевой стороне папки изображен Государственный Герб Республики Казахстан размером 7х7 и надпись "Құрмет грамотасы".

      Почетная грамота изготавливается форматом А3, 1 биг, бумага мелованная, матовая 250 грамм, печать цветная, золото с двух сторон с изображением государственной символики – Государственного Герба Республики Казахстан.

      На левой стороне внутри вкладыша располагаются: по центру – цветное изображение развивающегося Государственного Флага Республики Казахстан.

      На правой стороне внутри вкладыша располагаются: в верхней части по центру - надпись "Құрмет грамотасы", выполненная золотым тиснением, ниже под надписью текст на государственном и русском языках, который содержит слова: "награждается", фамилию, имя, отчество награждаемого, краткое описание заслуг награждаемого. Текст на государственном языке располагается над текстом на русском языке.

      В нижней части располагается текст для подписи акима и председателя маслихата района на государственном языке, подпись заверяется гербовыми печатями, после подписи указывается дата награждения на государственном языке.

      Фамилия, имя, отчество награждаемого указываются в соответствии с документом, удостоверяющим личность.

      Наименование организации, учреждения или творческого коллектива указывается в соответствии с учредительными документами.

      Вкладыш заполняется путем компьютерного набора, шрифтами черного цвета, с использованием принтера. В случае отсутствия данной возможности, вкладыш заполняется рукописно, четким и разборчивым почерком, без помарок чернилами черного цвета.