Осакаров ауданы бойынша 2025 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 32/321 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 8 сәуірде № 6748-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осакаров ауданы бойынша 2025 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы К. Саккулаков

Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2025 год по Осакаровскому району

Решение Осакаровского районного маслихата Карагандинской области от 4 апреля 2025 года № 32/321. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 8 апреля 2025 года № 6748-09

      В соответствии с пунктом 2-10 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственным управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июля 2023 года № 181 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33110), районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки туристского взноса для иностранцев на 2025 год по Осакаровскому району в местах размещения туристов, за исключением хостелов, гостевых домов, арендного жилья размере 0 (ноль) процентов от стоимости пребывания.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата К. Саккулаков