"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылорда облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 514 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27331 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Н. Налибаев |