"Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтардың сипаттамасын, оларды беру тәртібін, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерін айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 164 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 7 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 23 қаңтарда № 8582-11 болып тіркелді

      Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтардың сипаттамасын, оларды беру тәртібін, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерін айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 164 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7939 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Қызылорда облысының білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.".

      көрсетілген қаулы қосымшасының 6, 7, 9, 10 және 15-тармақтары келесі редакцияда жазылсын:

      "6. Қатысушыларды бағалау үшін, құрамы "Қызылорда облысының білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы немесе басшысының міндетін атқарушының бұйрығымен айқындалатын комиссия құрылады. Комиссия төрағасы "Қызылорда облысының білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы немесе басшысының орынбасары болып табылады. Тұрақты комиссия басқарманың қызметкерлерінен, тәжірибелі педагогтерден, сондай-ақ әдістемелік құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіподақтардың, білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдарының, білім беру саласындағы қоғамдық ұйымдардың, қоғамдық кеңестердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, мәслихаттардың депутаттарының өкілдерінен құрылады.";

      "7. Комиссияның жұмысшы органы - "Қызылорда облысының білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.";

      "9. "Қызылорда облысының білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жергілікті ерекшелік белгілері және құрметті атақтары, біржолғы сыйақы беруге құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды Қызылорда облысы аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды немесе (және) "Қызылорда облысының білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.";

      "10. Жергілікті ерекшелік белгілерін, құрметті атақтарын, біржолғы сыйақыны беру үшін "Қызылорда облысының білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне хабарландыру жарияланған немесе (және) орналастырылған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қызылорда қаласы білім бөлімі немесе Қызылорда облысының барлық аудандарының білім бөлімдері немесе білім беру ұйымдары қатысушылардың мынадай құжаттары мен материалдарын ұсынады:

      1) жергілікті ерекшелік белгісіне осы жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтардың сипаттамасы, оларды беру тәртібі, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдері мөлшерінің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;

      2) педагогке Қызылорда қаласының білім бөлімі немесе Қызылорда облысының барлық аудандарының білім бөлімдері немесе білім беру ұйымдары куәландырған ұсыныс;

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) ұсынылатын педагогтің жеке кәсіби жетістіктері туралы және білім алушыларының (тәрбиеленушілерінің, студенттерінің) жетістіктері туралы соңғы 5 (бес) жылдағы құжаттары мен материалдарының көшірмелері.";

      "15. "Қызылорда облысының білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі комиссияның шешімін Қызылорда облысы аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды немесе (және) "Қызылорда облысының білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Налибаев

О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 21 декабря 2020 года № 164 "Об определении описания, порядка присвоения местных знаков отличия и почетных званий, в том числе размеров выплат единовременного вознаграждения"

Постановление акимата Кызылординской области от 20 января 2025 года № 7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 23 января 2025 года № 8582-11

      Акимат Кызылординской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Кызылординской области от 21 декабря 2020 года № 164 "Об определении описания, порядка присвоения местных знаков отличия и почетных званий, в том числе размеров выплат единовременного вознаграждения" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7939) следующие изменения:

      пункт 2 указанного постановления изложить в следующей редакции:

      "2. Коммунальному государственному учреждению "Управление образования Кызылординской области" в установленном законодательством порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.".

      пункты 6, 7, 9, 10 и 15 приложения к указанному постановлению изложить в следующей редакции:

      "6. Для оценивания участников создается комиссия, состав которой определяется приказом руководителя или исполняющего обязанности руководителя коммунального государственного учреждения "Управление образования Кызылординской области". Председателем комиссии является руководитель или заместитель руководителя коммунального государственного учреждения "Управление образования Кызылординской области". Постоянная комиссия создается из сотрудников управления, опытных педагогов, а также представителей методических структур, неправительственных организаций, общественных объединений, профсоюзов, коллегиальных органов управления организаций образования, общественных организаций в сфере образования, общественных советов, средств массовой информации, депутатов маслихатов.";

      "7. Рабочим органом комиссии является коммунальное государственное учреждение "Управление образования Кызылординской области".";

      "9. Коммунальное государственное учреждение "Управление образования Кызылординской области" обеспечивает публикацию объявления о начале приема документов на присвоение местных знаков отличия и почетных званий, единовременного вознаграждения в средствах массовой информации, распространяемых на территории Кызылординской области, или (и) размещение на официальном интернет-ресурсе коммунального государственного учреждения "Управление образования Кызылординской области".";

      "10. Для присвоения местных знаков отличия, почетных званий, единовременного вознаграждения в коммунальное государственное учреждение "Управление образования Кызылординской области" отделом образования города Кызылорды или отделами образования всех районов Кызылординской области или организациями образования в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня опубликования или (и) размещения объявления предоставляет следующие документы и материалы участников:

      1) заявка на местный знак отличия по форме согласно приложению 4 к настоящим местным знакам отличия и почетным званиям описанию, порядку их присвоения, в том числе размеру единовременной выплаты вознаграждения;

      2) заверенное представление отделом образования города Кызылорды или отделами образования всех районов Кызылординской области или организациями образования педагогу;

      3) копия документа, удостоверяющего личность;

      4) копии документов и материалов о личных профессиональных достижениях представляемого педагога и достижениях обучающихся (воспитанников, студентов) за последние 5 (пять) лет.";

      "15. Коммунальное государственное учреждение "Управление образования Кызылординской области" обеспечивает опубликование решения комиссии в средствах массовой информации, распространяемых на территории Кызылординской области, или (и) размещение на официальном интернет-ресурсе коммунального государственного учреждения "Управление образования Кызылординской области".".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Кызылординской области.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Кызылординской области Н. Налибаев