Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы №03-04/441 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4369 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
реттік нөмірі 58 жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
58 | Ақ желкен тұрғын үй массиві | 1,55 |
";
реттік нөмірі 60 жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
60 | Оймаша тұрғын үй массиві | 1,55 |
".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қаласының әкімі | А. Байпаков |