"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 14-8) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысының ауылдық елді мекендеріндегі аса тапшы медициналық мамандықтар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемелекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | К. Аксакалов |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2025 жылғы 8 қаңтардағы | |
№ 2 қаулысына | |
қосымша |
Қостанай облысының ауылдық елді мекендеріндегі аса тапшы медициналық мамандықтар
№ | Мамандықтар атауы |
1 | Аллергология және иммунология (ересектер, балалар) |
2 | Ангиохирургия (ересектер, балалар) |
3 | Гематология (ересектер) |
4 | Кардиохирургия (ересектер, балалар) |
5 | Ревматология (ересектер, балалар) |
6 | Медициналық реабилитология (ересектер, балалар) |