Амангелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Амангелді ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2021 жылғы 11 мамырдағы № 93 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9909 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Амангелді ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оның Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Амангелді ауданының әкімі | К. Кеделбаев |
Амангелді ауданы әкімдігінің | |
2025 жылғы 15 сәуірдегі | |
№ 45 қаулысына | |
қосымша | |
Әкімдіктің | |
2021 жылғы 11 мамырдағы | |
№ 93 қаулысына | |
1-қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
2) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директоры);
2) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
3) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
4) кітапханашы;
5) кітапхана басшысы (меңгерушісі);
6) барлық атаудағы әртістері;
7) режиссер;
8) редактор (негізгі қызметтер);
9) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
10) әкімші (негізгі қызметтер);
11) дирижер;
12) библиограф;
13) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
14) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;
15) хореограф;
16) дыбыс режиссері;
17) қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі.
3. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) әдіскер.