Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес Амангелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi айқындалсын.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Амангелді ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Амангелді ауданының әкімі | Т. Карбозов |
Әкімдіктің | |
2021 жылғы 11 мамырдағы | |
№ 93 қаулысына | |
1-қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық аурухананың басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын құрылымдық бөлімшелер бөлімшесінің басшысы, клиникалық (сәулелі диагностика, функционалдық диагностика, физиотерапия және емдік денешынықтыру, стоматология кабинеті немесе бөлімшесі) және параклиникалық бөлімшелерінің (зертханалардың) меңгерушілері;
4) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
5) акушер;
6) диеталық мейіргер;
7) мейіргер;
8) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);
9) зертханашы (медициналық);
10) провизор (фармацевт);
11) психолог маман;
12) рентген зертханашысы;
13) әлеуметтік қызметкер;
14) фельдшер;
15) медициналық тіркеуші;
16) нұсқаушы-дезинфектор;
17) кеңейтілген практика мейіргері.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
3) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;
4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
5) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
3. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директоры);
2) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
3) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
4) кітапханашы;
5) кітапхана басшысы (меңгерушісі);
6) барлық атаудағы әртістері;
7) режиссер;
8) редактор (негізгі қызметтер);
9) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
10) әкімші (негізгі қызметтер);
11) дирижер;
12) библиограф;
13) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
14) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;
15) хореограф;
16) дыбыс режиссері;
17) қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі.
4. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) әдіскер.
Әкімдіктің | |
2021 жылғы 11 мамырдағы | |
№ 93 қаулысына | |
2-қосымша |
Әкімдіктің күшi жойылған кейбiр қаулыларының тiзбесi
1. Әкімдіктің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2018 жылғы 4 маусымдағы № 59 қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7845 болып тіркелген.
2. Әкімдіктің "Әкімдіктің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 59 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 1 тамыздағы № 126 қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8613 болып тіркелген.
3. Әкімдіктің "Әкімдіктің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 59 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы № 87 қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9167 болып тіркелген.