Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Денисов ауданы әкімдігінің "Денисов ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" 2018 жылғы 13 шілдедегі № 122 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7992 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Катпаев |
Әкімдіктің | |
2025 жылғы 11 сәуірдегі | |
№ 89 қаулысына | |
қосымша | |
Әкімдіктің | |
2018 жылғы 13 шілдедегі | |
№ 123 қаулысына | |
қосымша |
Денисов ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі
Р/С № | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Ұзындығы, километр |
1 | KP-DS-1 | "Денисовка-Заәйет" | 28 |
2 | KP-DS-2 | "Денисовка-Некрасов" | 3 |
3 | KP-DS-3 | "Денисовка-станция Денисовка" | 2,7 |
4 | KP-DS-4 | "Заәйет-Жалтыркөл" | 18,457 |
5 | KP-DS-5 | "Заәйет-Әйет" | 5 |
6 | KP-DS-6 | "Денисовка-Гришенка" | 2 |
7 | KP-DS-7 | "Заәйет-Свердлов" | 5 |
8 | KP-DS-8 | "Заәйет-Фрунзе" | 2,666 |
9 | KP-DS-9 | "Денисовка-Алшан" | 2 |
10 | KP-DS-10 | "Свердлов-Подгорное" | 5 |
11 | KP-DS-11 | "Приреченка-Аршалы" | 20 |
12 | KP-DS-12 | "Аршалы-Набережное" | 4 |
13 | KP-DS-14 | "Перелески-Қырым" | 20 |
14 | KP-DS-15 | "Денисовка-Покров" | 38 |
Денисов ауданы бойынша барлығы: | 155,823 |