Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қамысты ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 55 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9860 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi 1-қосымшаға сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Қамысты ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қамысты ауданының әкімі | Е. Жаулыбаев |
Қамысты | |
ауданының әкімі | |
2025 жылғы 21 сәуірдегі | |
№ 52 қаулысына | |
қосымша | |
Қостанай облысы | |
Қамысты ауданы әкімдігінің | |
2025 жылғы "14" сәуірдегі | |
№ 55 қаулысына | |
қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) хореограф;
4) музыкалық жетекші;
5) аккомпаниатор;
6) кітапханашы;
7) библиограф;
8) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
9) дыбыс режиссері;
10) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
11) қазақ, ағылшын тілдерінің мұғалімдері.