Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 55 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 15 сәуірде № 9860 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына және 139-бабының 9-тармағына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қамысты ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қамысты ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Г. Бекмухамедов

  Әкімдіктің
  2021 жылғы 14 сәуірдегі
  № 55 қаулысына
  1-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларындағы аудан мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық аурухананың басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның клиникалық (күндізгі стационардың, емхананың) бөлімшесінің меңгерушісі;

      4) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      5) акушер;

      6) диеталық мейіргер;

      7) мейіргер;

      8) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);

      9) зертханашы (медициналық);

      10) провизор (фармацевт);

      11) психолог маман;

      12) рентген зертханашысы;

      13) әлеуметтік қызметкер;

      14) фельдшер;

      15) медициналық тіркеуші.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      3) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;

      7) аудандық маңызы бар Жұмыспен қамту орталығының сектор басшысы.

      3. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      4) музыкалық жетекші;

      5) аккомпаниатор;

      6) хореограф;

      7) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      8) қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі;

      9) кітапханашы;

      10) библиограф;

      11) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      12) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      13) режиссер; дыбыс режиссері.

      4. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) әдіскер.

  Әкімдіктің
  2021 жылғы 14 сәуірдегі
  № 55 қаулысына
  2-қосымша

Қамысты ауданы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. Әкімдіктің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6305 болып тіркелген қаулысы;

      2. Әкімдіктің "Қамысты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 40, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7732 болып тіркелген қаулысы;

      3. Әкімдіктің "Қамысты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 29 қарашадағы № 135, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8157 болып тіркелген қаулысы;

      4. Әкімдіктің "Әкімдіктің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 4 қазандағы № 129, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8683 болып тіркелген қаулысы;

      5. Әкімдіктің "Әкімдіктің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 24 шілдедегі № 129, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9347 болып тіркелген қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады