"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы" Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Атырау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 ақпандағы № 152-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 20 ақпанда № 5262-06 болып тіркелді

      Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы" Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2555 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы М. Хайруллиев

  Атырау облыстық
мәслихатының 2025 жылғы
12 ақпандағы № 152-VIII
шешіміне қосымша
  Атырау облыстық
мәслихаттың 2009 жылғы
16 қазандағы № 250-ІV
шешімімен бекітілді

"Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және "Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру тәртібін реттейді.

      2. "Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын (бұдан әрі – Атақ) беру маңызды моральдық ынталандырудың бірі, еңбек сіңірген азаматтардың жемісті қызметін, олардың қабілетін, дарыны мен бастамашылығын қоғамдық танудың көрінісі болып табылады.

2-тарау. Атақты беру тәртібі

      3. Атақ облыс ( қала, аудан) алдындағы ерекше сіңірген еңбегінің белгісі ретінде мемлекеттік наградалары бар және кемінде 30 жыл еңбек өтілі бар және кемінде 10 жыл облыспен (қаламен, ауданмен) байланысты тұлғаларға:

      мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлеріне өздері қызмет атқарған кезде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны;

      қоғамдық қызметтегі, аймақтың рухани және интеллектуалдық әлеуетін дамытудағы жетістіктері, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша белсенді қызметі, қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі;

      денсаулық сақтауды, спортты, ғылымды, техниканы, ауыл шаруашылығын, әдебиетті, өнерді және қызметтің басқа да түрлерін дамытуға үлес қосқаны;

      өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға, сонымен қатар білім беру сапасын жетілдіруге және арттыруға үлес қосқаны;

      тәуелсіз егемен Қазақстанның ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтудағы, тұтастығын сақтаудағы жемісті еңбегі үшін.

      4. Атақ тұлғаларға осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген талаптарды есепке алмағанда егер оған облыстың (қаланың, ауданның) мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттардың жалпы санының кемінде үштен екісі жақтап дауыс берсе Атырау облысының (қаласының, ауданының) дамуына қосқан ерекше үлесі, соның ішінде елдегі және шет елдердегі Атырау облысының (қаласының, ауданының) кескін келбетін көтеруге қосқан үлесі үшін берілуі мүмкін.

      5. Атақ қайтыс болғаннан кейін де берілуі мүмкін.

      6. Облыс (қала, аудан) әкіміне жолданатын Атақ беру туралы қолдаухатты кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің еңбек ұжымдары ынтагерлікпен ұсына алады.

      Қолдаухатта кандидаттың өмірбаяндық негізгі мәліметтері, оның облыс (қала, аудан) алдындағы жетістіктері мен сіңірген еңбегін қысқаша сипаттайтын дәлелді құжаттары қоса тіркеліп, сонымен қоса:

      1) мінездеме, кандидаттың өмірбаяны, бар мемлекеттік және басқа да наградаларының тізбесі;

      2) жиналыс шешімінің хаттамасы;

      3) соттылығы, әкімшілік жаза туралы мәліметтер;

      4) кандидаттың көлемі 6х9 сантиметр (2 дана) фотосуреттері беріледі.

      7. Атақ беру туралы өз кандидатураларын ұсынған адамдардан келіп түскен қолдаухаттар қаралмайды.

      Үміткерлерде бұрын берілген ұқсас атақтардың болмауы атақ беру үшін шарт болып табылады.

      8. Қолдаухаттарды облыс (қала, аудан) әкімі құрған тиісті комиссиялар қарайды. Комиссия төрағасы облыс (қала, аудан) әкімінің орынбасарынан төмен емес тұлға болуы тиіс. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 (бес) және тақ болуға тиіс.

      9. Комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      10. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады және оның барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      11. Комиссия облыс (қала, аудан) әкіміне Атақ беру туралы ұсынысты тиісті мәслихаттың қарауына енгізуді немесе тиісті себептерін көрсете отырып, оны қабылдамауды ұсынады.

      12. Атақты облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша жыл сайын тиісті мәслихатпен беріледі.

      Атақты беру туралы мәселені қарау және шешім қабылдау Атаққа ұсынылған тұлғаның қатысуынсыз жүзеге асырыла алады.

      13. Атақ берілуі мүмкін емес:

      1) Атаққа ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте соттылық мерзімі өтелмеген немесе алынбаған тұлғаларға;

      2) сот арқылы іс-әрекетке қабылетсіз немесе іс-әрекетке қабылеті шектеулі деп танылған тұлғаларға;

      3) Атаққа ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған әкімшілік жазасы бар тұлғаларға.

3-тарау. Төсбелгі мен куәлікті беру тәртібі

      14. Атаққа ие болған тұлғаға облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы төсбелгісі мен куәлігін облыс (қала, аудан) әкімі және тиісті мәслихаттың төрағасы салтанатты түрде тапсырады.

      Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы куәлігіне тиісті мәслихат төрағасы қол қояды.

      15. Атақ қайтыс болғаннан кейін берілген жағдайда, оларды беру туралы құжаттар отбасына естелік ретінде сақтауға қалдырылады.

      16. Төсбелгілер мен оларға куәліктерді дайындау, облыс (қала, аудан) мәслихатының аппаратына жүктеледі.

      17. Төсбелгілер мен оларға куәліктерді дайындау шығындарын қаржыландыру тиісті жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.

4-тарау. Атақтан айыру негізі

      18. Атаққа ие болған тұлға облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша тиісті мәслихаттың шешімі бойынша мына жағдайларда одан айрылады:

      1) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда;

      2) үлкен қоғамдық көзқарас туғызатын теріс әрекеттер жасаған жағдайда.

      19. Осы Қағидаларының 18-тармағында көзделген негіздер бойынша Атақтан айрылған тұлға Атаққа беруге қайта ұсынылмайды.

О внесении изменения в решение Атырауского областного маслихата от 16 октября 2009 года № 250-IV "Об утверждении правил присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)"

Решение Атырауского областного маслихата от 12 февраля 2025 года № 152-VIII. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Атырауской области 20 февраля 2025 года № 5262-06

      Атырауский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Атырауского областного маслихата "Об утверждении правил присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)" от 16 октября 2009 года № 250-IV (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2555) следующее изменение:

      Правила присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)", утвержденные указанным решением изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Атырауского областного маслихата по вопросам соблюдения законности, депутатской этики и правовой защиты.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата М. Хайруллиев

  Приложение к решению
Атырауского областного
маслихата от 12 февраля
2025 года № 152-VIII
  Утверждены решением
Атырауского областного
маслихата от 16 октября
2009 года № 250-ІV

Правила присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)" (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и регламентируют порядок присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)".

      2. Присвоение звания "Почетный гражданин области (города, района)" (далее – Звание) является одним из важных моральных стимулов, выражением общественного признания плодотворной деятельности заслуженных граждан, их способностей, дарования и инициативы.

Глава 2. Порядок присвоения звания

      3. Звание присваивается лицам, имеющим государственные награды и общий стаж работы не менее 30 лет и связан с областью (городом, районом) не менее 10 лет в знак особых заслуг перед областью (городом, районом) и за:

      вклад в социально-экономическое развитие региона государственным, политическим и общественным деятелям, проявившим себя в сфере государственного управления и самоуправления;

      достижения в общественной деятельности, в развитии духовного и интеллектуального потенциала региона, активную деятельность по защите прав и законных интересов граждан, благотворительную деятельность и милосердие;

      вклад в развитие здравоохранения, спорта, науки, техники, сельского хозяйства, литературы, искусства и других видов деятельности;

      вклад в формирование у подрастающего поколения чувства патриотизма и гражданственности, а также в совершенствование и повышение качества образования;

      плодотворную работу по укреплению межнационального согласия и стабильности, сохранение целостности независимого суверенного Казахстана.

      4. Звание может присваиваться лицам за особые заслуги в развитии Атырауской области (города, района), в том числе за повышение имиджа Атырауской области (города, района) в стране и за рубежом без учета требований указанных в пункте 3 настоящих правил, если за него проголосовало не менее двух третей от общего числа депутатов присутствующих на сессии маслихата области (города, района).

      5. Звание может быть присвоено и посмертно.

      6. Ходатайство о присвоении Звания могут инициировать трудовые коллективы предприятий, учреждений, организаций и общественных объединений, которое направляется акиму области (города, района).

      В ходатайстве указываются основные биографические данные кандидата, краткое описание его достижений и заслуг перед областью (городом, районом) с подтверждающими документами, а также прилагаются:

      1) характеристика, автобиография кандидата, перечень имеющихся государственных и иных наград;

      2) протокол решения собрания;

      3) сведения о судимости, административном взыскании;

      4) фотографии кандидата размером 6х9 сантиметра (2 штуки).

      7. Ходатайства о присвоении Звания, поступившие от лиц, выдвинувших свои кандидатуры самостоятельно, не рассматриваются.

      Условием для присвоения Звания является отсутствие у претендентов присвоенных ранее аналогичных званий.

      8. Ходатайства рассматриваются соответствующими комиссиями, созданными акимом области (города, района). Председателем комиссии должно быть лицо, не ниже заместителя акима области (города, района). Количество членов комиссии должно быть не менее 5 (пяти) и нечетным.

      9. Решение комиссии принимается большинством голосов. В случае равенства голосов решающим является голос председателя комиссии.

      10. Решение комиссии носит рекомендательный характер и оформляется протоколом, который подписывается всеми ее членами.

      11. Комиссия рекомендует акиму области (города, района) внести представление о присвоении Звания на рассмотрение соответствующего маслихата либо отклонить его, с указанием соответствующих причин.

      12. Звание ежегодно присваивается соответствующим маслихатом по представлению акима области (города, района).

      Рассмотрение вопроса и принятие решения о присвоении Звания может осуществляться в отсутствии представляемого к Званию лица.

      13. Звание не может быть присвоено:

      1) лицам, имеющим судимость, которая не погашена или не снята в установленном законодательством порядке на момент представления к Званию;

      2) лицам, признанным судом недееспособными, либо ограниченно дееспособными;

      3) лицам, имеющим административное взыскание, которое не погашено или не снято в установленном законодательством порядке на момент представления к Званию.

Глава 3. Порядок вручения удостоверения и нагрудного знака

      14. Нагрудный знак и удостоверение Почетного гражданина области (города, района) вручаются акимом области (города, района) и председателем соответствующего маслихата в торжественной обстановке лицу, удостоенному Звания.

      Удостоверение Почетного гражданина области (города, района) подписывается председателем соответствующего маслихата.

      15. В случае присвоения Звания посмертно, документы об их присвоении оставляются семье на хранение, как память.

      16. Изготовление нагрудных знаков и удостоверений к ним возлагается на аппарат маслихата области (города, района).

      17. Финансирование затрат на изготовление нагрудных знаков и удостоверений к ним, осуществляется за счет соответствующего местного бюджета.

Глава 4. Основания лишения звания

      18. Лицо, которому присвоено Звание, лишается его по решению соответствующего маслихата по представлению акима области (города, района) в случаях:

      1) вступления в законную силу обвинительного приговора суда;

      2) совершения негативных проступков, вызвавших большой общественный резонанс.

      19. Лицо, лишенное Звания по основаниям, предусмотренным пунктом 18 настоящих Правил, не может быть повторно выдвинуто на присвоение Звания.