"Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығы мерекеленуіне орай қосымша бір рет материалдық көмек көрсетілсін:
1) Түркістан қаласында тіркелген және тұрақты тұратын, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға - 3 500 000 (үш миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;
2) Түркістан қаласында тіркелген және тұрақты тұратын, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
3) Түркістан қаласында тіркелген және тұрақты тұратын, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне; екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы | Г. Сарсенбаев |