2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығы мерекеленуіне орай қосымша материалдық көмек көрсету туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 наурыздағы № 28/126-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2025 жылғы 19 наурызда № 6671-13 болып тiркелдi

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығы мерекеленуіне орай қосымша бір рет материалдық көмек көрсетілсін:

      1) Түркістан қаласында тіркелген және тұрақты тұратын, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға - 3 500 000 (үш миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      2) Түркістан қаласында тіркелген және тұрақты тұратын, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

      3) Түркістан қаласында тіркелген және тұрақты тұратын, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне; екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы Г. Сарсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады